Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Серикова Шолпан Жетеновна
Сыныбы 4 «Д»
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Ана тілің — арың бұл»
Сабақтың мақсаты: туған елін, жерінсүйуге, еліне деген сүйіспеншілік көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс,шығармашылық.
Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған қанатты сөздер, жалаушалар, шарлар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (Топ капитандары топтың аты мен, қатысушыларымен таныстырады, хормен ұранын айтады)
2. Мұғалім: Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі,
Армысыздар, ұстаздарым, ардақты,
Жас бүлдіршін білім қуған жан–жақты.
Ана тілім – тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам – өлі, мынау дүние
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем,-
деп, Т.Әбдірахманова жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық.
Құрметті оқушылар, енді рухани-өнегелік сайыс-сабағымызды бастайық.
Сайыс кешіне қатысушы 2 топ өздерін таныстырып өтеді
Ашық жарқын жүзді
Әділ-қазылар біздің
Талапты оқушылардың білімін таразылап, әділ бағасын берер әділ-қазыларалқасымен таныс болыңыздар.
Ойшылдар тобы
Топтың ұраны: «Сайыстан қалмаймыз, келеміз
Жарыста өзгені жеңеміз.
Білімділер тобы
Топтың ұраны: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»
1 – айналым:
Бұл сайыста екі топ тіл туралы ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды.
1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өлсе тілім мен де бірге өлемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2. Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3. Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім ,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашаққа бастаған дана тілім.
4. Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын ,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ана тілім –дана тілім,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім ,шаттығым,
Сенсің менің тазалығым ,пәктігім.
Ана тілім –
Алтын ұям,құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жазың,сенің әнің айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл – жағым!
5. Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
6. Жанбасам да,жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілді ойлаймын.
7. Дәулет деген ұғыңдар,
Кеше бар да,бүгін жоқ.
Тілің болса ,үнің бар,
Тіл болмаса,түгің жоқ.
2 – айналым. «Сөз ойла, тез ойла» (екі топқа Мемлекет сөзі беріледі, сол сөзден сөздер шығару керек).
3 – айналым. «Сен білесің бе?» сайысы. Бұл сайыста әр топқа 9 сұрақтан беріледі.
«Ойшылдар» тобына:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. «Қызыл» сөзіне сұрақ қой? (Қандай?)
3. Дыбыстар қалай бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
«Білімділер» тобына:
1. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарлар атаулары)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Жуан, жіңішке)
3. Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (астана қаласы)
4. Адамдардың қатынас құралы? (Тіл)
4-айналым: «Сөз-мәйегі мақал» ( мақал-мәтелдер айтқызу).
Назарларыңызға рахмет!
Сайысты қорытындылау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі