Астана қаласы №22 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі пәні мұғалімі Әлжан Ләтипа Шәкітқызы
9 қазанда сағат 12:00-де № 212 кабинетте Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына арналған іс-шара. -
Іс-шараның мақсаты:
1. Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру.
2. Өлеңдерін жатқа айтқыза отырып, оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, отанын сүйетін азамат болып өсуіне тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, жатқа оқу.
Көрнекілігі: слайд, видио, суреттер.
Тәрбие жұмысының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 – 1938) – ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген.Туған жері әкесінің қыстауы Ортаудағы Қарашілік (қазіргі Шет ауданының жері) деп аталып жүр. Ал туысқандары Ә.Ахыбеков, С.Бармұханбетовтердің айтуынша күз айларында, Иманақтауларына жақын жерлердегі Сейфолланың жайлауында (қазіргі Жаңаарқа ауданының жері), қыстауға көшпей тұрғанда туған.
Сәкен Сейфуллин қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Интерактивті тақтадан видео көрсетілді:
Оқушылар жаттаған өлеңдерін оқыды.
Слайдтар:
Мұғалім көптеген деректерге тоқталды:
Ақиық ақын, атақты қоғам жəне мемлекет қайраткері, əдебиет зерттеуші Сəкен Сейфуллиннің жарқын да қайғылы өмір жолы оқырман қауымды бейтарап қалдырып көрген емес. Халқымыздың осынау ардагер перзентінің ғұмыры мен шығармашылығын талмай зерттеп келе жатқан белгілі ғалым, профессор Т.Кəкішев бұл зерттеу – эссесінде Сəкен мен оның аяулы жары Гүлбаһрамның, осы кесек екі тұлғаның, ерлі – зайыптылық тіршілігінің жəне тебірентерлік сырларын хаттар арқылы өрбіте отырып, соны деректер негізінде сол бір сұрқай кезеңнің көптеген беймəлім шындықтарын жайып салады. Жанды суреттермен өрнектелген
Бүгінгі күні, Астананың төрінде орналасқан С.Сейфуллин музейінде де тынымсыз зерттеу, насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Әлі де айтарымыз көп. Ол енді уақыт еншісінде. Елім, жерім деп өткен азаматтың берер ұлағатты сөздері мен істері қанша жазылса да, артық емес. Кейінгі ұрпақ біліп, танып өссін!
Сәкен кім?
↓
Ұстаз
ақын
сазгер
Редактор
Қоғам қайраткері
Зерттеуші
Табиғат - Поэзияның қайнар көзі дегеніміз. Ендеше Көкшетау отан, туған жер туралы поэма. Онда тарихи оқиғалар айтылған.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.
Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Бурабай
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс
Оқжетпес
Басына атсаң – дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Жұмбақтас
Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы
Абылай бәсекенің бас қасында.
Қорыту.
Мұнда ерлік, сүйіспеншілік, батырлық, шексіз махаббат, жастық жалын, адамгершілік қасиет барлығы айтылған.
4 «б» сынып оқушысы Ерзайұлы Досай 3 өлеңді өте жақсы оқыды – І орын деп аталды.
4 «г» Панцерева Екатерина – ІІ орын
4 «б» Темірбаева Амина – ІІ орын
4 «ж» Рыспай Дарина – ІІІ орын
4 «ж» Бағдаулет Айдана – ІІІ орын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі