Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті
"Жолымбет №1 орта мектебі" ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калбаева Шакира Булатовна
Қазіргі кезде елімізде заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технолгоиялар енгізіліп дамуда. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім «пайдасыз» білім болып қалады; оқушыларымызды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілеп, қалауға да үйрету қажет. Сол себептен әр сабақта диалогтік оқытуды кірістіру керек. Диалог дегеніміз - өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуда ерекше қызмет атқарады. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді байқауға болады оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады.
Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы жағдаяттарды ескере келе, әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастайды.
Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын ашық түрде білдіре бастайды. Басқа адамдардың да, өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны өз ортасында салып айтуына болатынын түсіне бастайды. Жаңадан туындаған өз идеяларын, пікірлерін дәлелдеуге қызығушылықтары артады. Бүгінгі таңда тіл мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың сөздік қорларын әрі қарай қалай жетілдіруге болады?» - деген сұрақ жалғыз мені емес, барлық мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін дамытуда сұрақтардың түрткі болуына, сынақтан өткізу және қайта бағыттау, тиімділігіне оңтайлы жол ашады. Әр сабағымызда оқушымыз өз ойын еркін жеткізсе, тілінің шеберлігін, шешендігін көрсетсе, сабақта толығымен ойын жеткізіп сөйлесе, оның жауабын тыңдап, жоққа шығармай, кемшілігін көңілге тимей, қолдау көрсете отырып, түзетсек мақтау, мадақтау сөздермен айтып отырсақ оқушы ойын еркін жеткізетін болады. Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім болмақшы. Сабақтарымызда әр түрлі сұрақ-жауап арқылы оқушының сыныппен қарым-қатынасын жасата отырып, білім алуына ынтымақтастырып, сөйлеу қабілетін дамытуымыз керек.
Диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Ал сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Мен өз тәжірибемде диалогтық оқыту әдісін қолдана отырып мынандай жетістіктерге қол жеткіздім:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болды;
- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектесті;
- оқушылардың сыни ойланып, пікір алмасып, бір-бірін тыңдай білуіне жол салды;
- мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектесті.
Мен оқушыларыма нақты міндеттерді шешкізе отырып, міндетті шешу тәсілін меңгеруді, олардың қабілетін дамыту жағдайын туғызуды, оқушының тұлғасын дамытуды міндеттеймін. Менің сабақта рөлім оқушының белсенділігіне байланысты. Оқу диалогының тиімділігінің жағдайы оның психологиялық тәртібінің жеңілдігінде. Мұндай психологиялық тәртіпке жету жолы симметриялық диалогты көтеру, яғни мен рөлдік бөлініс арқылы оқушыларыма мұғалімнің рөлінде болу мүмкіндігін берген жағдайларда, оқушыларым көшбасшы рөлінде болып, диалогтың барысына ықпал етеді. Мұғалім тарапынан ешқандай шектеуі жоқ диалогта оқушы өз ойын ашық айтатынына және мұндай диалог ең дамытушы диалог болатынына тәжірибе барысында әбден көзім жетті. Сондықтан мен сабақтарымда оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жасау барысында, олардың алдарына сұрақтарды сабақтың тақырыбын мүмкіндігінше өздері шеше алатындай етіп, олар түсінбеген жағдайда жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы барлық алға қойған мақсаттарымды іске асырамын. Топпен жұмыс кезінде топтағы оқушылардың жеке ойлануына, жұп арқылы ойларын толықтыруға және топ ішінде талқылауына мүмкіндік тудырамын.
Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырамын. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыстанғанда бірнеше оқушылар қамтылады, өз бетімен оқып түсінеді, бір-бірін қадағалап отырады. Диалогтік оқыту арқылы мен:
• oқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырамын;
• оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтаймын;
• оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;
• оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;
• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;
• әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беремін.
Мәтін бойынша әрқайсысы жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар дайындап, қалаған оқушыға сұрақ қояды.
- оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу;
- сұрақ түрін айыра білу;
- жоғары мәртебелі сұрақ қою;
- мәтінен ауытқымай сұрақ қоюға үйренеді.
Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Қaзақ тілі сабағында оқушылар постер мен диалогті оқытуды қолданады. Оның тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі.
Аннотация. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында диалогтік оқыту оқушылардың жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, күрделі сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен материалдарға оралу, ойға салып дұрысын қабылдау және олығырақ жауап беруге итермелеу үшін қажет. Сонымен қатар, қазақ тіті сабағында диалогтік оқытуда идеялар екі жақты жүреді, соның негізінде білім алу үдерісі алға жылжиды. Диалогтік оқытуда оқушылар мен мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігерін тең жұмсайды, ойларын тең жеткізеді, пікір алмаса талқылайды, бірге ойлайды, кері айланыс орнатып, өздерін әділ бағалайды.
Аннотация. Диалоговое обучение на уроках казахского языка и литературы необходимо для того, чтобы помочь учащимся исправить ошибки, сделать сложные вопросы простыми, вернуться к прошлому материалу, сделать правильную мысль и побуждать к более глубокому ответу. Кроме того, на уроках диалогического обучения идеи идут в двустороннем формате, на основе которого процесс обучения продвигается. В диалоговом обучении учащиеся и учителя прилагают все усилия для достижения результата, друг другу передают мысли, обмениваются мнениями, думают вместе, ставят обратную связь и оценивают себя справедливо.
Abstract. The article is devoted to the issue of dialogical learning. Dialogical learning is necessary on the lessons of Kazakh language and literature because it helps students to correct mistakes, make difficult questions easier, to develop ideas, to improve students’ answers. Otherwise, the author emphasizes that in the course of dialogical learning ideas go in the dual frame. All the participants of the dialogue exchange their opinions, think together, and make feedback together. In dialogical learning students and teachers do their best of all to achieve their aims
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж. 7-27-б.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі