ШҚО Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектебі
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Маржан Зиятова Жумагадилова
Сабақ мақсаты: Ақыл парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеті: -ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншішлік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету; -адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту; -айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.. |
Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды жаңа оқу оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің жалпы мақсаттарын: рухани-құндылықтарын, өткен оқу жылында меңгерген білімдерін еске түсіруге шақыру. Сонымен қатар оқулықтағы жаңа таңба-белгілердің мазмұнымен таныстыру. - Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік? - Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай? - «Әр адамның өмірі өз қолында» дегенді қалай түсінесіңдер? |
Сабақ барысын талқылау: |
3.Дәйексөз Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың дайексөзімен таныстырады.Дайексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек». Абай Сұрақтар:1. Дәйексөзден қандай ой түюге болады?2.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау не үшін керек деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу. |
|
4.Әңгiмелеу. «Отын оқиғасы» аңыз - Бекет ата жас кезінде Пақыржан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекеттей зейінді әрі ықыласты шәкіртіне айырықша құрмет көрсеткен. Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, құрап қалған ку түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері Ұстазға шағым айтады. Не үшін бұлай еткенін сұраған Ұстазға Бекет: - Жаңа өскенжас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап берді. Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған көреген Ұстаз:
|
|
5.Шығармашылық жұмыс. 1-тапсырма. Әр сөздің өзіне тән анықтамасын тауып кестені толтыру. 2-тапсырма бірінші тапсырманы толықтыра түседі. «Парасатты адам» портретін жасау |
|
6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар Жақсы адамдар. |
|
7.Үй тапсырмасы. № 2 сабақ «Әділ-Мария» мәтінін оқу, 12 бет |
|
8.Сабақтың қорытынды сәтi. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі