Циклограмма
«Балапан» тобы
Өтпелі тақырып «Балабақша»
Тақырыпша: «Менің балабақшам»
Апта күні 17.09. 21.09.
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
||||||
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар(үстел үсті,саусақ т.б )
Таңертеңгілік жаттығу |
8.30 – 9.00
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру |
||||
Үстел үсті ойыны «Мозайка» Мақсаты: Балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету. Тапқырлықа баулу |
Дидактикалық ойын«Бауда әлде бақшада?» Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жемістердің қайда өсетінін атап айтқызу, ажырата білуге үйрету.
|
Дидактикалық ойын «Зат неге ұқсайды» Мақсаты: Балалар бөлме ішіндегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын ажыратып айта білуге үйрету.
|
Саусақ ойыны «Бақшадағы қызанақ пен қияр» Мақсаты: бақша туралы түсінік бере отырып қызанақ пен қияр көкөніс екенін ажырата білуге үйрету
|
Суретпен әңгіме: «Менің балабақшам» Мақсаты: Балалармен балабақша туралы әңгімелесу. |
||
Жаттығулар кешені |
||||||
Таңғы ас |
9.00-9.30 |
Ойын- жаттығу:Ас ішерде күнде біз Сөйлемейміз күлмейміз Астан басқа өзгені Елемейміз, білмейміз |
||||
Ойындар, (ҰОҚ) |
10.00-10.35 |
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар |
||||
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Достық неден басталады?» Мақсаты: Балаларға көңіл күй сыйлау топ болмелерімен, заттармен таныстыру, атауға үйрете отырып, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету. Д/ойын: «Біздің балалар қайда екен?» Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтере отырып, ойынға қызығушылығын дамыту. |
Құрастыру Тақырыбы: «Тар және кең жолдар» Мақсаты: Балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін,пішінін, көлемін ажырата айтуға тәрбиелеу.
Д/ойын: «Қандай пішін?» Мақсаты: Заттардың көлемін көрсету арқылы пішіндермен таныстыру, атауға үйрету. |
Жаратылыстану Тақырыбы: «Балабақша өз үйім» Мақсаты: Балалардың өз балабақшасына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарды күтіп баптауға тәрбиелеу.
Д/ойын:«Бақшамызға барамыз» Мақсаты: Балаларға суреттер арқылы сұрақ қойып сөздік қорын дамыту.
|
Сурет Тақырыбы:«Қағаз карандашпен таныстыру» Мақсаты:Карандаштың ізі арқылы балабақша ауласындағы жолдарды бояумен солдан оңға қарай салуға үйрету.
Д/ойындар:«Ұқсас затты топта» Мақсаты:Балаларға әртүрлі заттардың суретін көрсете отырып бірдей заттың суретін топтап жинауға үйрету. |
Суретпен жұмыс
Тақырыбы: «Балабақша» Мақсаты: Балаларға балабақша суреттерін көрсету арқылы сұраққа жауап беруге үйрету.
Д/ойын: «Заттар» Мақсаты: Балаларға екі түсті заттардың ішінен бір түсті заттарды таңдап топтастыруға үйрету. |
||
Серуен |
10.50-11.30 |
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру. Күнді бақылау Мақсаты: Күн туралы түсінік беру. Күннің түсін, оның жылуы табиғатқа пайдасы туралы таныстыру. Тақпақ айту: Жарқырап күн ашылды, Шуағы жерге шашылды. Біз бақытты баламыз, Күндей өсіп толамыз.
Қимылды/ойын: «Күн мен түн» Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу. Ойын мазмұны: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді. |
||||
Серуеннен оралу |
11.30-12.00 |
Балалардың киімдерін шешуі, гигиеналық шараларды ұйымдастыру. |
||||
Түскі ас |
12.00-12.30 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
||||
Түскі ұйқы |
12.30-15.00 |
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары |
15.00-15.30 |
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу Ойын- жаттығу :Сылдырлайды мөлдір су, |
||||
Бесін ас |
15.30-16.00 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс |
||||
Ойындар, дербес әрекеттер |
16.00-16.20
|
Үстел үсті театры: «Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі Мақсаты: Балаларға үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін көрсету арқылы әңгімелеп беру |
Сюжетті-рөлдік ойын: «Қуыршақты тамақтандыр» Мақсаты: Балаларға өздері қалаған қуыршақпен ойнауға, тамақтауға мүмкіндік беру. Ойынға қызығушылықтарын арттыру. |
Ойын – жаттығу «Қуыршықты жуындыр» Мақсаты: Балаларға тазалық туралы үйрету. Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.
|
Ойын «Кімнің заттары?» (Балабақша заттарын анықтау);
|
Қимылды/ойын: «Жанды ойыншықтар» Мақсаты: балаларды аңдардың жүрісін келтіріп жүруге үйрету.
|
Балалармен жеке жұмыс жүргізу |
16.20-16.40
|
Жыл мезгілі туралы әңгімелесу «Күз»(сурет қарастыру) Мақсаты:Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. |
Әңгіме құрастыру «Балабақша туралы әңгімелеп бере» Мақсаты:баланың сөздік қорын заттардың атауларын білдіретін сөздермен байыту. |
Дидактикалық ойын «Ғажайып қапшық» Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту. |
Жыл мезгілі туралы әңгімелесу Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. |
Дидактикалық ойын:«Атын атап бер» Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. |
Серуенге дайындық |
16.40-17.00 |
Киіну: серуенге шығу. Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: « Кім қайда барғысы келеді бар?» және т.б. |
||||
Балалардың үйге қайтуы |
17.00 |
Ата-аналарға кеңес: «Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру». |
Кеңес: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет. |
Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу. |
Кеңес: «Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы». |
Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру |
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
Барлық авторлар