Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
«Еркетай» бөбекжай–бақшасының
тәрбиешісі Хамитова Анаргул Сахановна
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай: балалардың негізгі қимыл-әрекеттерін жетілдіріп,спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарды үйрету және сорл үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Жас ұрпақты жан-жақты дамыған,ой-өрісі биік,тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап,дұрыс жолға қойып жүргізсе,соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін-тұлғасы дұрыс қалыптасқан,жігерлі де,қайратты болып өсуіне, көпшілік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы.Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан-сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да балалар ағзасының қызметін жетілдіру,денсаулығын жақсарту,жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру-міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндеттерінің бірі. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуі, мен жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады,қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы-тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар дене тәрбиесі балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Дене шынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді,денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді:
— Таңертеңгілік жаттығу
— Қимыл-қозғалыс ойындары,спорт ойындары
— Спорттық жаттығулар
Балалбақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар) дене шынықтыру балалардың денсаулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады,дені сау рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадғы басты міндетііміз:баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар балабақшада консультациялық пункте әр ай сайын «Дені саудың –жаны сау», «Бірінші байлық –денсаулық», «Дене тәрбиесінің бала өміріндегі маңызы» ,«Балабақшада ұйымдастырылған дене тәрбиесі» тақырыпарында ата-аналарға кеңестер беріліп, ата-аналардың қатысумен шынықтыру-сауықтыру шаралары жүргізіліп, «Әкем,шешем және мен!», «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын сауықтар балалардың ой-санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан-жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбмесіне байланысты балабақшада «Шынығамыз аязда», «Бақыт дегеніміз-денсаулық», «біз ептіміз, шапшаңбыз», деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізілді. Әр сабақ жан-жақты талқыланып, баланың толыққанды өсіп-жетілуі мұқият қадағаланды. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының барша елдің, халықтың міндеті»екенін еске саламын. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ кепілі!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі