Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: «Жақсы деген немене жаман деген немене?»
Мақсаты: Балаларға жақсылық пен жамандық туралы түснік қалыптастыру. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, баланың жан-жақты ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Адамгершілікке, ұқыптылыққа кішпейілдікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Көрнекіліктер: Суреттер
Билингвалдық компонент: жақсы- хорошо, жаман –плохо.
ҰОҚ-нің барысы
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде көргеніме
қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын.
Мен сендерді ұйымдастырылған оқу қызметіне шақырмас бұрын барлығыңды шаттық шеңберіне
шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Жылы- жылы жүзбенен, маңдайыңнан сыйпайын,
Жылы-жылы жүзбенен, жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаным мен, қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен құшақтасып алайын.
Тәрбиеші: Ө.Ақылбековтің өлең жолдарын оқиды.
Жақсы болу өзіңнен
« Мен қандаймын?- деп ойла»
Жаман болу өзіңнен
«Мен қандаймын?- деп ойла»
Өзіңсің ақыл айнасы
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық істесең біреуге
Пайдасы тиер өзіңе! (Өлең туралы ойларын сұрау)
Тәрбиеші: мен не туралы оқыдым?
Балалар сендер Адманың бойындағы жақсы ,асыл қасиеттерге не жатады деп ойлайсыңдар?
Балалар: Мейірімділік, адалдық, қайырымдылық, үлкенді сыйлау, ізеттілік, табиғатты қорғау, тазалық сақтау, әділ болу, достыққа берік болу, уәдеге тұру.
Тәрбиеші: Ал адамның бойындағы жаман қасиеттерге не жатады?
Балалар: Әдепсіз, жалқау, сөзінде тұрмау еріншек, қызғаншақ, шыдамсыз, қатыгез ,өтірікші.
Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші адамның бейнесін тақтаға іліп қояды. Балалар бұл адам, адамның екі түрлі қасиеті болады, ол және өздерің айтқан қандай қасиет?
Балалар: Жақсы және жаман
Дұрыс айтасыңдар, қандай адам болсын ол адамның жақсы жаман қасиеттері болады. Ол адамның тең жартысы жақсы қасиеттерге толы болады. Мынау боялған жағы жақсы қасиеттер, ал қандай жақсы адам болса да оның жаман қасиеттері болады.
Тәрбиеші: Ал өздеріңнің жаман қасиеттеріңді айтыңдаршы?
Балалар: ….
Тәрбиеші: Тек өздеріңнің жаман қасиеттеріңді түсініп, жақсылық жасай алатын мейірімді , қайырымды болған кезде ғана жақсы адамға айналасыңдар.
Тәрбиеші: Жақсы қасиеттерді кімнен үйренесіңдер?
Ата –анамыздан , үлкен кісілерден, апайлардан.
Тәрбиеші: Ал, қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
Балалар: үлкенді сыйлаймын, тыңдаймын, досымды ренжітпеймін, мен уәдемде тұрамын, өтірік айтпаймын. Т.б
Тәрбиеші: Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Балалар: смайлкпен көрсетеді
Тәрбиеші: Ал сендерге дауыс, көтергенде, ұрысқанда, қандай күйде боласыңдар?
Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?
Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды, жақсы сөз ашуды шақырмайды жүрегіңіді жылытады бақытқа қуанышқа бөлейді. Сондықтан бір- біріңе жылы жақсы сөздер айтқандарың дұрыс.
Балалар біз жақсы мен жаман туралы көркем әдебиет оқу қызметінен өткенбіз . Ол қандай ертегі деп ойлайсыңдар?
Балалар: Жақсылық пен Жамандық, Екі дос
Тәрбиеші: Ертегідегі жағымды жағымсыз кейіпкерлерді есімізге түсірейік
Балалар егер мен жағымды кейіпкерлерді айтсам шапалақ ұрасыңдар, ал егер жағымсыз кейіпкерлерді айтсам, сендер аяқпен тоқылдатасыңдар.
Тәрбиеші: Ертегі де жақсылық жеңді ме , жамандық жеңді ме?Неліктен адам жақсылық жолын таңдады?
Тәрбиеші: Тағы қандай ертегіні білесіңдер?
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дидактикалық ойын: «Жақсылық жасап көпірден өт»
Шарты: Қиын жағдайда қалған адамдар, жануарлар, құстарға жақсылық жасау арқылы жыртқыштары бар өзен үстіндегі көпірден өтеді.
Құс, Ағаш, Гүл, Мысық, Жылап отырған қыз.
Тәрбиеші: Балалар жақсылық жасау үшін адамдардан басқа қоршаған ортада жақсылық жасауға болама? Ал айтыңдар?
Суретпен жұмыс. Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрайды.
Мақал-мәтел:
1.Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
2.Жақсыда кек жоқ.
3.Жақылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.
4.Жақылық жүрген жереде тапшылық болмайды.
5.Жамандық жақын, жақсылық алыс.
1.Балалар бүгін не туралы әңгімелестік?
2.Жақсылық дегеніміз не екен? (Бәрінен сұрау)
3.Сендер оны қалай түсіндіңдер?
4.Енді біздің арамызда жақсылық жасайтын адамдар бар мекен?
5.Осыған байланысты қандай ертегіні талқыладық?
6.Маған сол туралы кім әңгімелеп береді?
7.Тағы қандай жаман қасиеттерді біз өз бойымыздан аулақ ұстаумыз керек?
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажыратуды.
Нені білді: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді,әдептілік нормаларын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі