«Ә.Махутов атындағы мектеп-Бөбекжай кешені» КММ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.
Дайындаған: Ертүгелова Зухра
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Өткізілу түрі: дөңгелек үстел
Өткізілу әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, жағдаяттық сұрақтар.
Көрнекілігі: нақыл сөздер
Нақыл сөздер: «Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата,жақсы ана,құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, Аймағың кетпес алдыңнан».
Жүру барысы: Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай аламыз. Енді бәріміз шаттана қуанып, бір - бірімізге жақсылық тілейік.Мен бүгінгі пікірталасымызды М.Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең.
Қайтсем ғана осыны адам етем.
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шалама екен.
Ойым емес, оллаһи біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен.
Туа салса тұлпардың жалын тартқан.
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұлда бір күн алаулай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Өсиет әңгіме
Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді.
Адамгершілік. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.
Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал -мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Кішіпейілділік – кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Өз қадірің – өз байлығың.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
Дөңгелек үстеліміздің «ойланайық, пікірлесейік!» айдарында мынандай сұрақ қойғым келіп отыр.
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адамгершілікті адам деп қандай адамды айтуға болады?
- Асыл қасиеттерге қандай қасиеттерді жатқызар едіңіздер?
Жақсылық. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген. «Жақсы болуды» мақал-мәтелдер арқылы дәріптеген.
Жақсылықты ақылмен жаса.
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған.
Адам жаны жақсылыққа тоймаған.
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!
Біздер адамгершіліктің жақсы қасиеттерін айтып шықтық.. Енді біздер «Адамгершілік – асыл қасиет тамшысы» тренингін ойнаймыз.
Мен сіздергетамшыларды үлестіремін. Осы тамшыларға сіздер адам бойында кездесетін жақсы қасеттерді жазып, мына алдарыңыздағы бұлтты жақсы қасиеттері бар тамшыға толтыруымыз керек. Жазып болғандарымыз бұлттыңтөменгі жағына жапсыра берейік. Міне балалар бәрімізде «Адамгершілік – асыл қасиет тамшысы» деп аталатын бұлтымызды жақсы сөздермен толтырып, бұл бұлтты жақсы қасиеттерімізбен нұрға айналдырдық. Әрқашанда бойымызда осындай жақсы қасиеттер көп болса, барлық әлем нұрға толы болады. Аспанымыз ашық болсын деп сабағымызды қортындылайық.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі