Өлең, жыр, ақындар

Бұранда элементтерін өңдеудегі дұрыс тәсілін көрсету

№9 Меркі колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Тырнақбаев Бахтияр Нұраділұлы

Сабақтың тақырыбы: «Бұранда элементтерін өңдеудегі дұрыс тәсілін көрсету»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Студенттерге кескіш берілісінің көлемін өту тереңдігіне анықтау туралы жалпы нұсқау беру.  Бұранда түрлері білімдерін толықтыру.

Дамытушылық мақсаты: Студенттердің  қабілетін ескере отырып ептілігі мен қабілетін дамытып, саналыққа дағдыландыру.Ойлау қабілетін дамыту пән бойынша алған білімін қолдана отырып тез шешім қабылдауға бейімдеу. Сабаққа пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ептілік пен дағдыны қалыптастырып, тазалыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, көрнекілік бұйымдар, сұлбалар.

Пән аралық байланыс: геометрия, сызу

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. 1. Студенттермен амандасу
1. 2. Студенттерді  түгендеу және журнал толтыру
1. 3. Студенттердің  жұмыс құралдарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.
1. 4. Студенттерге  бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кескішпен бұранда кесу»

•    Бұрандалар пішіндері
•    Бұрамалы сызық пен бұрама беттің құрылуы
•    Бұрандалардың негізгі элементтері

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру

•    Пышақтар және олардың түрлері
•    Ішкі бұранданы кесу арқылы болт салу
•    Сыртқы бұранданы кесу арқылы гайка салу
•    Штангенциркуль

ІҮ. Жаңа сабақ

Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады.

Бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы. 

Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады.

Жүріс бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 60° болатын үшбұрышты профилі бар.

Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады.

Профилінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді.

Бұранда – бөлшектерді бірін-бірімен қосып біріктіру, қосындыны нығыздау немесе бөлшектердің бір-біріне қатысты қозғалысын қамтамасыз ету үшін арналған, айналыс денелері бетінде бұранда сызығы бойында бірінен кейін бірі орналасқан шоқылар мен ойымдар.

 Бұранданың адымы – бұрандама өсінің бір жағындағы өстік жазықтықта жатқан таяудағы бұрандама пішінінің аттас, бүйір жағындағы орта нүктелерінің арасындағы, бұрандама өсіне параллельді сызық бойындағы аралық.

Әр түрлі пішіндегі бұрандалар

 

а) өткір бұрышты;  б) тік төртбұрышты;   в) трапециалды; г) тіреуіш; д) дөңгелек; е) екі және үшкірмелі

Бұранданың элементтері

Әдетте бұранда бөлшек материалының сыртқы қабатын жону (кетіру) жолымен жасалады. Сондай-ақ құю, сығу, домалатып таптау (накака) т.б. әдістерін пайдалануы мүмкін. Бұранданы ерекше бұранда кескіш құрал- сайманымен кесіп алады.  Оларға сыртқы бұранда жасау үшін арналған ПЛАШКА (ЛЕРКА), ішкі бұранда үшін - БҰРАНДАЛАҒЫШ (метчик), түрлі бұранда үшін - бұранда кесетін КЕСКІШ, ФРЕЗ т.б. жатады. Кескіш аспаптың конструкциясы бұранданың конструкциялық элементтерінің бар болуын жэне өлшемдерін анықтайды. Бұрандасы бар бљөлшектердің жұмыс сызбаларында осы элементтерін міндетті түрде көрсету керек.

Бұранданың ІШЫҒЫП КЕТУІ (сбег резьбы). Бұранданың соңғы орамдары дұрыс пішінде болмайтын учаскесі, толық профиль биіктігі біртіндеп кеміп бөлшектің тегіс бөлігіне ауысу аймағы. Ол кескіш аспаптың қармау бөлігінің бұрышы мен бұранда адымына байланысты алынады.

Бұранданың ЖЕТКІЗБЕЙ КЕСІЛУІ (недовод резьбы). Бұранданы тақап кескенде бөлшектің таяныш беті мен бұранданың шыгып кетуі шетінің арасындагы бөлшектің бұранда кесілмей қалган учаскесі.

Бұранданың ТОЛЫҚ КЕСІЛМЕУІ (недовод резьбы). Бұранда шығып кетуі мен жеткізбей кесілуінен қосылатын бөлшек учаскесі. Стандарт бойынша бұранда қадамының функциясы түрінде беріледі.

ЖЫРАШЫҚ (проточка) деп бұранда кесіші шыгып кету үшін технологиялық қажетті элементті айтады. Ол сырыққа сақиналы науаша, тесікте қырланган сақиналы ойық болып көрінеді.

ФАСКА с - сырықгың не тесіктің көлбеген жиегі.

Бөлшектердің тығыз жанасуын, сыртқы түрін жақсартуын, құрастыру қолайлылыгы т.с.с. қамтамасыз ету мақсатымен орындалады.

Бұрандаойғыштың бөліктері мен элементтері

Қима: В-В – заборлы конус бойынша; Д-Д – мөлшерлейтін бөлік бойынша

Бұрандалардың  түрлері:
Профиль бойынша: метрикалық, трапециялық тікбұрыштық
Орналасуы бойынша: сыртқы, ішкі
Пайдалану қажеттілігіне қарай: жүрістік, бекіту
Пішімі бойынша: цилиндірлік, конустық
Кіріс саны бойынша: бір кірісті, көп кірісті
Винттік сызықтар бойынша: солақай, оңқай болып бөлінеді

Бұранда жону бұрандакескіштері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а-жоспардағы бұрандакескіш түрі; б-бұрандалы бұрандакескіш элементтері;  в-есілген реттелетін бұрандакескіш; г-бұрандакескіш ұстатқышында бұрандакескіштерді бекіту.

1-қыспақты бұрама; 2-реттегіш бұрама; 3-бұрандакескіш ұстатқышы; 4-бұрандакескіш

Ү. Бекіту

Тәжірибе арқылы «шестипроволкаданбұранда хамут»жасау

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

«Бұранданы кесуге білдекті реттеу жұмыстары туралы жалпы нұсқау беру.  Бұранда түрлері»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз