«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ
Биология пәнінің мұғалімі Уахит Толғанай Айдарханқызы
Заттар және материалдар
Тақырыбы: Ерітінділер не үшін қажет?
Сабақтың мақсаты: 5.3.2.3 – белгілі бір құрам бойынша ерітінді дайындау
Міндеттері:
Пәндік нәтижелер |
Білімдер мен дағдыларды қалыптастыру: — «еріткіш», «еритін заттар» ұғымдарын және олардың арасындағы ерекшеліктерді тұжырымдау; — мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау дағдысы тұжырымдалған; — жекелеген зерттеу түрлерін жүргізуде қауіпсіздік техникасы ережесін жасау. |
Жүйелік-әрекеттік |
Дағдыларды қалыптастыру: — алгоритм бойынша жұмыс дағдысынқалыптастыру; — зертханалық жабдықпен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; — мәтіндегі ақпаратпен жұмыс |
Жеке нәтижелер |
— қарым-қатынас мәдениеті дағдысындамыту; — оқушылардың дербестігі дағдысындамыту; — суға үнемділікпен қарым-қатынасы. |
Ресурстар мен құрал-жабдықтар: проектор, интерактивті тақта, флипчарт (https://yadi. sk/d/0L1joX3638zUVz); стақан, су, тұз, сүзгіш, йод, 5-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығы.
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Жағымды эмоциялық көңіл күй орнату |
Сабаққа ынталандыру үшін, төмендегі сөздерді ай- туға болады: «Қымбатты, балалар! Осы сабақ бізге қарым-қатынас қуанышын әкеліп, жанымызды тамаша сезімдермен толтырады». |
|
Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсат қою
|
Білімді белсендіру үшін, сабақта мұғалім төмендегі ер- тегіні ұсынады: – Мұқият болыңдар, мен оқыған ертегіде сендер маған жауап беруге тиіс сұрақ бар. «Екі есек жолмен көмбеге келе жатты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған. Бірінші есектің жүгі ауыр болғандықтан, аяғын зорға алып келе жатты. Екінші есек көңілді, жеңіл басып келе жатыр. Көп ұзамай жану- арлар өзенді кешіп өтті. Тұз артылған есек судың ішіне бір жатып, бір тұрып, әбден шомылды. Судан шыққан кезде, оның жүгі анағұрлым жеңілдеп қалған еді. Оны көрген екінші есек те суға шомыла бастады. Алайда суға түскен сайын оның жүгі ауырлай берді. Неге суға түскеннен кейін бірінші есектің жүгі жеңілдеп қалды, ал екіншісінікі ауырлап кетті?» Балалар өз болжамдарын ұсынады. |
|
Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс
|
Сабақтың тақырыбы мен міндеттері анықталады. Бұл сабақты берілген алгоритм бойынша өзіндік жұмыс түрінде өткізу ұсынылады. 1-тапсырма. Берілген алгоритм бойынша 1-тәжірибені жасау ұсынылады. 1. Суы бар стақанға тұз салып, қасықпенараластыр. 2. Тұз кристалдары қандай күйде болатынынбақыла. 3. Тұз жоғалып кеттіме? 4. Ерітіндіні сүзгіштен өткіз. 5. Қорытынды жаса. |
|
Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс |
Егер су мен сазбалшықты араластырса, не шығады деп ойлайсыңдар? Оқушыларды «жүзгін» ұғымының анықтамасымен та- ныстырып, осы екі анықтаманы салыстыруды және олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын табуды ұсыну қажет. Бұл сабақта оқушылармен суға ұқыптылықпен қарау туралы сөз еткен дұрыс. Әңгімеге еліміз аумағындағы су нысандарының таралуы және тұщы су көлемі туралы ақпарат көмектеседі. |
|
Сабақ қорытындысы. Рефлексия |
Рефлексия ретінде төмендегі тәсілді ұсынуға болады: Біз бейнелеу өнері сабағында кейбір заттарды еріткен кезде судың қасиеттерін қалай пайдаланамыз? (Аква- рель бояумен немесе гуашьпен сурет салғанда) Судың осы қасиетін пайдаланып, сендерге өздеріңнің көңіл күйлеріңе неғұрлым сай келетін түстегі сұйық- тығы бар колбаны таңдап алуды ұсынамын. Сары түс – қуанышты көңіл күй, қызықты әрі танымдық болды. Жасыл түс – енжар көңіл күй, кәдімгі сабақ. Көк түс – мұңды көңіл күй, сабақ ұнамады. |
|
Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасы ретінде «Судағы шеңберлер» әдісімен «Болашақта қоспаларды қалай пайдаланады деп ойлайсың?» сұрағына жауап жазу тапсырылады.
Пайдаланылатын ресурстар:
1. ://infourok.ru/priemi-psihologicheskogo-nastroya-na-urok-852718.html – сабаққа психологиялық дайындық
2. ://i.huffpost.com/gadgets/slideshows/340627/slide_340627_3506121_free.jpg – су- дағы тұз ерітіндісі
3. ://ria56.ru/uploads/posts/820x460_tr/49884.jpg – судағы йод ерітіндісі
4. ://s39.radikal.ru/i086/0906/12/53d357c9d6bb.png – аквариум
5. http://nsportal.ru/shkola/prirodovedenie/library/2014/12/22/urok-prirodovedeniya-v-5- klasse-voda-rastvoritel – есектер туралы ертегі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі