Өзiн-өзi тану пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары.
Мектеп:Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырып: Табиғат – шабыттың қайнар көзі
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: қызығушылық, шыдамдылық, қуаныш
Мұғалiм: Кабидуллиева Г.А.
Сынып 5 Оқушылар саны: 14
Сабақ мақсаты: оқушыларға табиғат құбылыстары арқылы, шабытын ояту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: -оқушыларға адамдар арасындағы сенім ұғымы туралы түсінік бере отырып, адалдық қасиетінің мәнін ашу; -баланың шабытын шақырып, қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіктерін дамыту; -оқушыларды шыдамдылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Моноблог,постерлер, маркерлер,стикерлер, суреттер |
Сабақ барысы:
Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін « 5 –Т » қайталап,сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. ( 5 т:тәртіп,талап,тыныштық, тазалық, татулық) Тренинг: Топқа бөлу:
Орманға ойша серуен Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір рет қараңыз,келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне, мектептің алдына да келдік.Айналаңызға тағы бір қараңыз. Таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, дескрипторлармен таныстыру.
|
|
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар. Шоқан Уәлиханов
|
|
|
|
4.Шығармашылық тапсырма. 1-тапсырма Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты шығарған өлеңдерін мұқият оқып, алған әсерлеріңді әңгімелеп беріңдер. 2-тапсырма «Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбына эссе жазыңдар. 3-тапсырма Мәтінді оқыңдар. Қос қарлығаш (Әңгіме) Арасанбай Естенов 1.Қарлығаштың балапандарына жасаған қамқорлығынан қандай үлгі алуға болады? 2.Өзің құстарға қандай қамқорлық көрсетіп жүрсің? Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл. Дескрипторлар: - прозалық мәтіндерге, дәйексөздерге өз көзқарасын білдіреді; - шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды; - шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді; -жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
|
«Әдемі»
|
|
|
|
7.Соңғы тыныштық сәтi. -Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын! «Мұғалімге хат» Оқушылар мұғалімге кері байланыс береді. Ауызша беруге болады. Үйренгенім ......................................................... Мұғалімге ұсыныс ..............................................
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі