Өлең, жыр, ақындар

8-наурыз. "Ал, қанеки, қыздар!"

Сахнада «Адай» күйі ойнап тұрады. Оқушылар 2-2 ден шығады.

Ақгүл: -Армысыздар, арманы асқақ алқалы жұртым!

Ұлпан: «Адай» күйімен, «Адырна» аталып алдыларыңызға шығуымыздың да өзіндік мәні бар

Асыл: Иә, ұлттық рух сананың жаңғыру дәуіріндегі келешегіміздің кемелденуінің баспалдақтарына жасаған қадамдарымыз деп біліңіздер.

Айзада:  Біріншіден, Адырна- садақтың оқ тіреп ататын тарамысы болса, біз де сол садақтың тарамысындай негізгі мықты роль атқарғымыз келеді.

Гүлайым: Екіншіден, адырна-көп ішекті көне музыкалық аспап. Яғни көненің көзі жаңарып, жаңғырса  деген рухани ой.

Асыл: Және осы адырнаның ішектеріндей шертер күйіміз бір болып, Үніміз үндессін!

Ендеше:

Хормен: Жарқын болсын күніміз,

                 Бірге шықсын үніміз!

Аружан: «Әрқашан күн сөнбесін!» деп ән салатын пәк жүректі, ақ тілекті бастауыштың балғындарымыз

Бегімай: Өзіндік меніміз қалыптасқан, өз айтарымыз бар, көрсетер өнеріміз бар 3-ші сыныптың алғырларымыз

 

Қырмызы: Әлі де тәттіге құмар, тамағымыз тоқ, киіміміз көк, ата-аналарымыз үшін өсіп келе жатқан шалғындарымыз.

Асыл: Сәбилік тілегімізді әнмен жеткізуді жөн көрдік.

/ «Ассалаумағалейкум» әнімен/

 Думанды бүгін, мереке күнім

Адырнаға балайтын

Сақтаған салтын, армысың халқым

 Ассалаумағалейкум!

Күніндей нұрлы көктемнің

Адырна болып от бердік

Көңіл күймен, өнер сүйген халқыма

Ән сыйлайын деп келдік.

 

-Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!  3- ші сыныпқа электрондық почтамен құттықтау келді!

-Шын ба? Кімнен келді екен?

-Иә,  Жаңа ғана Айдос аға айтты. Мен бұл құттықтауды Рай мұғалімге апарып келейін .

-Сөйт, бірге тыңдайық!

/Президент тілегі тыңдалады/

Ақгүл: Біз үшін осыдан асқан тілек жоқ-ау, сірә!

-Біздің сәби жүрегіміз  /хормен/

-Отан деп соғады!

-Елім деп соғады!

-Атамекен деп соғады!

-Мектеп деп соғады!

-Халқым, жұртым деп соғады!

-Ата-ана, туған-туыс деп соғады!

Асыл: Осы сәбилік тілегімізді қабыл алыңыздар!

/Төреғали Төрәлінің «Қазақ қызға үйленем» атты әнімен/

-Сәбилік пәк тілекпен

Ізгілікті жүрекпен

Аман болсын ауылым

Салт дәстүрді түлеткен

Ән салайық, қосыла-ай

Қарап тұрмай досым-ай

Шеттерінен өнерлі

Қыздарымыз осындай!

            қ/сы

Эх, бастауыш, қыздар-ай

Өнер көрсет, тұрмай-ай

Бас жүлдені алайық!

Мазақ болмай ұлдарға-ай

Қызық болсын, бұл қалай?

 

Бүгін біз қазақы дәстүрімізді, ән, күй, биімізді жаңғырту мақсатында «Адай» күйімен шығып, «Балбырауынның» бабымен қайтуды жөн көрдік.  Кездескенше!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз