№1 мектеп-гимназиясы КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Баскетбол ойыны»
Мақсаты: оқушыларды шапшаңдыққа,ауызбіршілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өткізген: дене тәрбиесі мұғалімі- Шамшырак С
2020 оқу жылы
Бекітемін:_________________
Сынып: 10 А
Күні: 13.03.2020
Тақырыбы: Баскетбол ойыны
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға допты себетке лақтырудың әдіс-тәсілдерін үйрету.
2.Шынығу жаттығуларын жасату арқылы оқушылардың шапшаңдық, күштілік және
төзімділік қасиеттерін арттыру.
3.Оқушыларды қимыл қозғалысқа қатыстыра отырып дені сау азамат болуға,
отан сүйгіштіккке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, жекелеп, топпен.
Өтетін орны: спортзал.
Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық,уақыт өлшеуіш және баскетбол доптары.
|
Сабақтың мазмұны |
Ресурстар |
I Сабақтың басы |
Дайындық бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулар: Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру. Б.қ:қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру. Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз. |
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру. Зейін қойып тыңдауларын бақылау.
Жеңіл жүгіріспен жүгіру. Жаттығуларды дұрыстап орындау.
|
II Сабақтың ортасы |
Негізгі бөлімі:Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Допты кеуде тұсынан жерге ұрып беру әдісі 2-жаттығу Допты кеуде тұсынан лақтырып беру әдісі 3-жаттығу Допты екі қолмен жоғарыдан көтеріп беру әдісі 4-жаттығу Допты алып келе себетке тастау әдісі 5-жаттығу Допты ортадан тіке алып барып себетке салу әдісі 6-жаттығу Допты оң және сол жақ шеттен себетке салу әдісі 7-жаттығу Допты айналып себетке салу әдісі
Оқушыларды екі топқа бөліп, баскетбол ойынын ойнату |
Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Оқушылардың мұқият тыңдап,көріп,бақылап тұруынескерту.
|
III Сабақтың соңы |
Қорытынды бөлімі: Кері байланыс:Жетістіктер шыңы Оқушыларды сапқа тұрғызу. Денені бір қалыпқа келтіру. Оқушыларды бағалау. Жіберген қателерін айту. Үйге тапсырма беру. Қолды бүгіп жазу жаттығулары және тартылу жаттығуларын қайталау |
Қағаз,плакат,стикер |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі