Өлең, жыр, ақындар

"Қысқы орманға саяхат"

Б.б.с.: "Денсаулық".

Ұ.о.қ.:  Дене шынықтыру.

Тақырыбы: "Қысқы орманға саяхат".

Мақсаты:

 а) білімділік: Балаларға ойын барысында өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру. Қыс, қысқы орман және ормандағы аңдар жайында білімдерін байыту.

ә) тәрбиелілік: Бір-біріне көмек беру сезімдерін тәрбиелеу. Қызығушылық белсенділігін ояту.

б) дамытушылық: Музыка ырғағын сезінуін, мәтін мазмұнына сай қимылдауын, шапшаңдықты, тепе-теңдікті, кеңістікті бағдарлай алуын қалыптастыру.

Құрал-жабдық: қарлар, әр балаға қар , себет.

Балалар саппен залға кіреді.

--Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі бізге қонақтар келіп отыр.

--Алдымен қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсізбе.

-- Балалар, қазір қай мезгіл?

-қыс.

--Сендерге қыс ұнай ма?

-иә.

--Несімен ұнайды?

-қармен ойнаймыз.

--Бүгінгі өтетін тақырыбымыз "Қысқы орманға саяхат" д.а.

--Орманда қар көп, орманға барғыларың келе ме?

-иә.

--Ендеше, қоныңдар атқа, кеттік орманға.

--Аппақ, аппақ, қар аппақ,

   Айналаның бәрі аппақ.

--Балалар, қысқы орман қатты салқын екен, тоңдыңдар ма?

-иә.

--Аздап жылынып алайық.

   Қолымызға қарды алайық,

   дөңгеленіп тұра қалайық.

   Қарларменен айналып,

   би билейміз шаттанып

Би жаттығуы "Қарлар".

1. Қарды төмен ұстап, үлкен шеңберде түзу тұру. 1-қарды жоғары көтеріп, оң аяқпен шеңберді кішірейту. 2-бастапқы қалып, 3-қарды жоғары көтеріп, сол аяқпен шеңберді кішірейту, 4- б. қ. оралу.

2. Б.қ. 1-қарларды жоғары көтеру. 2-тізені бүге отырып, қар еденде, 3-қарларды жоғары көтеру, 4-б.қ.

3. Аяқ алшақ, қарлар қолмен төменде. 1-қарлардыды бастан жоғары көтеру,2,3- аяқтан-аяққа тербелу, 4-б.қ.

4. Қарды арқаға жасырып, түзу тұру. Кезекпен жанынан жоғары көтеру.

5. Қарды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен орнында айналып, қарды еденге қою.

Жұмбақ.

Ағаш қуысын мекендейді,

түсі қызғылт-сары аң.

Ағаштан-ағашқа секіреді,

жаңғақпенен қоректенеді.

Тиін келеді:

--Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерменен ойнасам бола ма?

"Қарлар" ойыны.

Тиін:

--Мен қарларды жоғары лақтырамын,

   қарлар алысқа ұшады,

   балалар қарды жинап

   себетіме әкеліп салады.

(ойын 2-3 рет қайталанады).

Жұмбақ

Үлпілдеген аппақ,

құлағы ұзын қорқақ.

жүгіреді, секіреді,

сәбізді жақсы көреді.

Қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар, көңілді дауыстарың естіліп жатыр. Сендермен ойнасам бола ма?(қоян дірілдеп тоңып тұрады)

 --Қоян әбден тоңып қалыпты ,балалар. Қоянмен ойнайық. Сосын ол жылынады.

Ойын "Ақ қоян отыр"

Ақ қоян құлақтарын қимылдатады

міне былай, міне былай,

құлақтарын қимылдатады.

қоян отырамын деп тоңды,

алақандарын жылыту керек.

міне былай, міне былай,

алақандарын жылытады.

қоян түрегеп тұрамын деп тоңды,

қоян секіруі керек.

міне былай, міне былай,

қоян секіруі керек.

(ойын 2-3 рет қайталанады)

Аю: р-р-р.

Мені ұйқымнан оятып, шулап жатқан кімдер екен?

--Сен, аю, балаларға ашуланба, кел, одан да бірге ойнайық.

Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің ойнағым келіп тұрған жоқ, одан да мен жатып ұйықтайын.

(Ұйқыға жатады)

 Ойын "Аюды оятайық"

--Балалар, аяғымызбен тарсылдатайық,

   аюды ұйқысынан оятайық.

   Аю оянады да, балаларды қуады(ойын 2-3 рет қайталанады).

   --Ой, балалар, қараңдар!

   жауып жатыр ұлпа қар.

   ауада айналып қалықтап,

   жерге түседі ақырындап.

  (қағаз қарларды лақтыру)

Тынысты реттеу ойын жаттығуы  "Ұлпа қарлар"(жерге түскен қағаз қарларды үрлеп ұшырады)

--Балалар, аю қыста қатты ұйқыға кетеді. Ал біз оны оятып жібердік. Аюдың қатты ұйқыға кетуіне көмектесейік. Ол үшін жатып дем алайық.

--Балалар, орманда болған ұнады ма?

-иә.

--Орманда кімдермен кездестік?

-тиін, қоян, аю.

--Жарайсыңдар, балалар, орманда қызық болды, бірақ үйге қайтуымыз керек. Немен қайтамыз?

-поезбен қайтайық.

 -- Қане, вагондарым жалғаныңдар.

--Ашық оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қимыл-қозғалыс жаттығуларын.

Түсінеді: жаттығулардың маңызын.

Қолданады: қимыл-қозғалыс кезінде шапшаңдық пен мұқияттылықты.

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Күнекей балабақшасы тәрбиеші Салимбетова Айсауле Кенжегалиевна


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз