Тақырыбы: “Алтын күзді тойлаймыз”
Ортаңғы топқа арналған ертеңгңлңк
Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген.
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой - өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Жүргізуші.
Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз -ырыс береке ала келді.
Құрметті ата- аналар балалар. Сіздерді «Күз тамаша » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсы алайық.
Балалар биі
Ән «Куз келіпті»
Жүргізуші. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар
Балалар. Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші. Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі.
Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма? Балалар.Иә таңыдық.Саңырауқұлақ Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә
Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды
Жүргізуші: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Жүргізуші: Саңырауқұлақ біздің күз мерекесіне арнаған әнін тамашалаңыз!
Ән; «Күз тамаша»
Әуен; Күн күркірейді. Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?
Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен біздің балалармен «Қолшатыр» ойынын ойнап жібер
Бағбаншы: кіреді.
Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің?
Бағбаншы: Мен орманшы Орманнан келемін Балаларды мейрамдарымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Бағбан: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар өздерін таныстырады. Көкөністер мен жемістер тақпағы
Алма:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
Алмұрт:
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қауын:
Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.
Қарбыз:
Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.
Құлпынай:
Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай.
Бағбаншы: Рахмет балалар тағыда мерекелерің құтты болсын! Сендерге күз ханшайымдарыңды тауып орталарыңа жиберемін. Сау болыңдар!
Жүргізіуші:
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би: “Қолшатыр”
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Жұмбақ:
Іші қызыл
Сырты жасыл
Іші тәтті
Сырты қатты
(Қарбыз)
Жүргізуші: Балаларымыздың тағы да бір өнерін тамашалайық
Ойын ата анамен “Картопты түсірмей себетке сал”
Жүргізуші: Біздің балалар дың әсем әнін тамашалайық
«Біз бақытты баламыз»
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқыраймын Алтын күз.
Сайраңдадық күліп, ойнап,
Келдім міне, Алтын күз.
Алтын күз:
Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі! Мен сендерге құр қол келген жоқпын сыйлық ала келдім.
Жүргізуші:
Рахмет, саған Алтын күз!
Қабылалдық сыйды біз! Балалардың әсем әнін қабыл ал
« Алтын күз» биі
Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Күз тамаша» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеде дейін сау болыңыздар!Балалар залдан шығып кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі