Алматы қаласы Әуезов ауданы
«№173 мектеп-лицей» КММ
«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» - атты онкүндікке өткізілген
Ашық сабақ
Сынып: 5 «В»
Мұғалім: Боранбай Гүлжанар Ибрахимқызы
Сынып |
5 сынып |
||
Тарау |
3 тарау |
||
Сабақтың нөмірі және тақырыбы |
21 сабақ. Адами қарым-қатынастар әлемі. |
||
Құндылық |
Ішкі тыныштық |
||
Қасиеттер |
Мейірімділік, жауапкершілік, шынайылық |
||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу |
||
Міндеттері |
Білімділік: оқушыларға ізгі қарым-қатынастың мәнін аша отырып, кішіпейілділік қасиетіне түсінік беру. Дамытушылы:. оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу; Тәрбиелілік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім сөзінің мәтіні |
Ресурстар
|
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі |
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңдер. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адами қарым-қатынастар әлемі». Бүгінгі сабақтан айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсінігімізді кеңейтетін боламыз. Бүгінгі сабаққа барынша белсенді түрде қатысып, ой-өрісімізді шыңдайық. Сабақ пайдалы әрі қызықты өтеді деп сенемін! Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық! |
1 слайд |
|
Дәйексөз |
Кішіпейілділік – кісінің көркі. (Халық нақылы)
(Дәйексөзді оқушылар қайталайды және ұлдарға , қыздарға қайталатады) |
2 слайд |
|
Оқиға әңгімелеу |
Әдібай Табылдының «Сәлем» атты оқиғасын әңгімелеп беру. |
3-4 слайд |
|
Әңгімелесу |
1. Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде? 2. Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер 4. Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?
|
5 слайд |
|
Шығармашылық іс-әрекет |
1 – тапсырма, 91 бет. Мәтінді оқыңдар. «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» ереже құрастырыңдар. |
6 слайд |
|
Үй тапсырмасы |
Жоба тапсырмасы. 96 бет. Өз жобаңды іске асыр. Жобаның дайындық барысын дәптердегі жоба күнделігіне сипаттап жаз. Сұрақтарға жауап бер: 1. Жоба барысында қандай біліктер мен дағдыларды игердің? 2. Жоба нәтижесінде болашаққа қандай мақсаттар қойдың? |
7 слайд |
|
Қорытынды сөз |
Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл – өзін-өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, өзге , олармен қарым-қатынас жасауынан көрінеді. Қарым-қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс-әрекетің, мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын. |
8 слайд |
|
Сабақтың аяқталуы |
Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа барынша атсалысып, белсене қатысқандарың үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта қоршаған ортаны тануда табыс тілеймін! Сау болыңдар! |
9 слайд |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі