Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицейі КММ
«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» - атты онкүндікте өткізілген
Ашық сабақ
Сынып: 10 «Ғ»
Мұғалім: Әліпбаева Данагүл Сәулебекқызы
Пән: Өзін–өзі тану
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: сенімділік, мейірімділік, қамқорлық
Мақсаты: Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.http://oilar.kz
|
Сабақтың барысы:
«5Т» – ережесі: 1. Тәртіп. Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №19 – сабақ. «Отбасы» туралы мақал-мәтелдер жазу |
https://www.youtube.com/watch?v=7bFlxlfHWZ4 |
3. Сабақтың дәйексөзі. Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас. Бауыржан Момышұлы
- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? - Қазіргі таңда ата-анамыздың қадірін біліп жүрміз бе? |
|
4. Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) «Әке қадірі» бейнежазбасын тамашалаймыз.
|
«Әке қадірі» https://www.youtube.com/watch?v=KQsYBH4CsW0 |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. 1- топ: Ұлы Абайдың төмендегі өлең жолдарын тақырып етіп, топта пікіралмасу ұйымдастырыңыз. «Қарыны тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын» 2-топ: Төменде берілген қанатты сөздермен танысып, бүгінгі күні сіз үшін қайсысы өзекті екендігін айтыңыз. Ойыңызды нақты мысалмен дәйектеңіз! - Біз отбасымызға өзіміз қонақ екендігімізді ұмытуға әсте болмайды. (Халық даналығы) - Әке даңқын асырғың келсе, әкеден асып кетуге асық. (Халық даналығы) - Ата-анасын налытқан, кім екендігін танытқан. (Халық даналығы) 3-топ: Отбасы мүшелерінің өз құқықтары мен міндеттеріне қысқаша тоқталып өтіңіз. |
|
6. Топпен ән айту. Әке туралы жыр Сөзі Мұхтар Шахановтікі Әнін Нұрғиса Тілендиевтікі
Жас едім өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып, Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Сүрінсем сынай қарап от жанарың, Сен мені жақтамадың, ақтамадың. Әрдайым осы қатал мінезіңнен, Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын, Кеудемді қуанышқа толтырасың. Арманның асқарына құлаш ұрсам, Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын, Кім мөлдір болса соның жолдасымын. Қуан сен, қуана бер, әкетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын. |
|
7. Үй тапсырмасы. «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақырыбында ата-анамызға хат жазу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі