ШҚО Бородулиха ауданы "Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі" КММ-нің
өзін-өзі тану мұғалімі Ұзақова Маржан Талғатқызы
Пән: Өзін–өзі тану
Мектебі: Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта білім беретін мектебі
Күні: 08.10 2021 жыл
Мұғалімі: Ұзақова Маржан Талғатқызы
Сыныбы: 4 «ә»
Оқушылардың саны: 15
Тақырыбы: 6-сабақ Адам бол!
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: қамқорлық,ақниеттілік,тәртіп
Мақсаты: Оқушыларға адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды ақниетті болуға үйрету. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы үлкенге және кішіге қамқорлық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды үнемі тәртіпті болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тәртіп. Үй тапсырмасы. 6 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.«Жүректегі ой» аңызын оқып келу. Сұрақтар: • Жүрек адамға қалай қызмет етеді? • Ойды Жүрекке салудың мәні неде деп ойлайсыңдар? • «Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінесіңдер? • Өзің жүрекке салып ойланып көрдің бе? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәйексөз Мінез – адамның айнасы. Әбу Насыр әл-Фараби Әбу Насыр Әл-Фараби - - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Сұрақтар: 1. Жақсы мінезді адам қандай болады? 2. Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әңгімелеу. Үш қыз Ертегі Ертеде бір әйел күні-түні еңбек етіп, үш қызын бағып-қағып өсіреді. Бірінен-бірі өткен сұлу боп өскен қыздары бойжеткен соң, бәрі де өз алдына отау тігіп, бөлек-бөлек кетеді. Әйел әбден қартайып, қатты ауырған шағында Ақтиінді жұмсап: – Маған тез жетсін, – деп, қыздарына сәлем жолдайды. Үлкен қызы анасының сәлемін естігенде: – Ой, қазір-ақ жүгіріп жетер едім, алайда мына екі табағымды жуып тазартуым керек, – дейді. – Онда өмір бақи сол табақтарыңмен қал, – деп, Ақтиін кетіп қалады. Сол кезде екі табақ қызды алды-артынан қысып, жерге атып ұрады. Қыз табан астында тасбақаға айналып, дала кезіп кетеді. Ақтиін енді ортаншы қызының есігін қағады. Ол: – Ой, мен қазір-ақ жүгіріп кетер едім, алайда жәрмеңкеге байпақ тоқып жатырмын, қолым тимейді, – дейді. – Онда өмір бақи тоқымаңмен бол, – деп, Ақтиін әрмен қарай жүріп кетеді. Қыз табанда өрмекшіге айналып, өмір бақи тор тоқумен өтеді. Ақтиін әйелдің ең кіші қызына жеткенде, ол қамыр илеп жатыр екен. Анасының сәлемін естіген күйде қолының қамырын сүртпестен, тұра жүгіреді. – Сен қашан да адамдарға жақсылық жасайтын бол. Олар да сенің жақсылығыңды ұмытпай, өзіңді де, балаларыңды да, немерелеріңді де сүйетін болады, – дейді Ақтиін оған. Шынында да сол қызы ұзақ жыл бақытты өмір сүріп, елдің құрметіне бөленеді. Кейіннен ол алтын араға айналып кетеді де, көпшілікке өмір бойы бал сыйлайтын болыпты. Сұрақтар: 1. Қыздары анасының өтінішін қалай қабылдады? 2. Анаға деген риясыз сүйіспеншілікті қалай көрсетуге болады? 3. Сендер өз аналарыңа риясыз сүйіспеншіліктерің мен қамқорлықтарыңды қалай көрсетесіңдер? 4. Әңгіме мазмұнынан қандай ой түйдіңдер? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. 6-тапсырма «Мінез» сөзіне сәйкестендіріп қажетті сөздерді торкөздерге орналастырыңдар. Қажетті сөздер: еңбек, білім, арман, тазалық, өнер.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. Топпен ән айту. Желсіз түнде жарық ай А.Құнанбаев
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. 7 – сабақ. 29-31 бет Сенің сұлулығың - мейірімділігіңде» мәтінін оқып келу. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ал енді балалар, бүгінгі сабақта үйренгенімізді еске түсіріп, жүректеріңізге сақтаңыздар |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі