Өлең, жыр, ақындар

Кәсіптік-техникалық оқу орындарында жұмысшы мамандар даярлауды маңызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті
Қармақшы аграрлы техникалық колледжі
Өндірістің оқыту шебері
Игисинов Дананабек Нурланович

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бастап мемлекеттік деңгейдегі атқарылар ауқымды жұмыстардың бірі – жалпыға ортақ кәсіби орта білім беру. Осы орайда елбасы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында білім беру мәселесін айналып  өткен емес. Еліміздің тұрақты, экономикалық дамуы үшін ең алдымен еңбек ресурстары жеткілікті болуы қажет. Өздеріңізге аян 2000 жылдардың басында елімізде мектеп бітіруші жастардың көптеген бөлігі экономист, бухгалтер, заңгер т.б. «Элита» санатындағы мамандықтарға жаппай құжат тапсырды. Сол бір уақыттарда экономикалық, әлеуметтік өрлеуі басталған Қазақстан халқы үшін алдыңғы кезекте халық шаруашылығын дамыту мен өндірістік қызмет түрлерін көркейту мәселесі тұрды. Шаруашылықтарда кәсіптік-техникалық мамандандырылған жас мамандар жоқтың қасы болатын. Ал, бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі мамандар зейнет жасына жақындап қалған еді.... Міне, осыдан туындаған кадр саясатына сәйкес мәселені шешуге мемлекет арнайы бағдаламалар даярлап, шындап кіріскен болатын. Қазіргі таңда еліміздегі жұмысшы мамандарды даярлауға үлкен мүмкіндіктер мен зор қолдаулар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар бүгінгі біздің мемлекеттің алға  қойған мақсаттарының бірі  -  бұрын жоғары білім бар, бірақ қазіргі таңда жұмыссыз жүрген азаматтарды қайта даярлауға көңіл бөлуі. Кәсіптік техникалық мамандық бойынша қайта даярлаудан өткен жұмысшы мамандарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету де жүйелі жолға қойылған. Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу мүмкіндігін жасау туралы ұсыныс енгізді. «Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс», - деді Елбасы өз Жолдауында. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тәжірибелерін зерттеп, сәтті деген тәжірибелерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуді жоспарлауда. Біздің аймақтағы белді оқу орындарының да алға қойған басты мақсаты болашақ жас маман үшін барлық қажетті материалдық-техникалық жағдайларды жүзеге асыру. Міне, осы ретте мамандарды даярлау бағытында дуальды оқыту жүйесі жолға қойылып келеді. Дуальды оқыту бұл – білім алушының кәсіби шыңдалуына, теориядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде байқап көруге, білім беретін ұйым мен мекеме арасындағы ортақ байланысты нығайтуға мол мүмкіндік беретін игілікті бастама. Биыл кәсіптік білім берудің көкжиегі кеңейе түспек. Себебі, елбасымыз 2016 жылғы халыққа дәстүрлі жолдауында «2017 жылдың оқу жылынан бастап, кәсіптік-техникалық тегін білім беруге және білім алушыларды шәкіртақымен, тегін тамақпен, жол жүру қаражатымен мемлекет есебінен қамтамасыз етуге» пәрмен берген болатын. Қазіргі уақытта аталмыш ауқымды жұмыстар жөнінде тиісті министрліктер қызмет атқаруда. Бұл  жағдайда мемлекеттік деңгейдегі жұмыссыздық мәселесін шешудегі жұмыстар көңіл қуантарлық. Сонымен қатар биылғы оқу жылында да Қызылорда облысының білім басқармасына мемлекеттік тапсырысқа сәйкес  4200 білім алушыға кәсіптік-техникалық мамандықтарды оқу үшін мемлекеттік грант бөлінуде. Аталмыш грант негізінде оқитын білім алушылар арасында  9 – сынып бітірген оқушылар үшін 3 жылдық (2жыл 10 ай) білім беру бағдарламасы, ал 11 – сыныпты бітіріп келген студенттер үшін 10 айлық және 6 айлық оқу курстарын оқыту көзделген. Осындай жауапты жұмыстар атқарар кәсіптік білім беру ұйымдарының  мәртебесі мен міндеті үстем болмақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар