Өлең, жыр, ақындар

Депрессивті науқастармен қарым-қатынас

Пән:«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Тақырыбы: Депрессивті науқастармен қарым-қатынас.

Сабақтың мақсаты: Науқастың  психологиясын, оның психикасының ерекшеліктерін, аурудың қалай өтіп жатқандығын түсіну үшін науқастардың ауру кезіндегі мінез құлықтарын зерттеу және әрбір пациентке қатысты ең дұрыс шешім қабылдау.

Білімділік: Медицина саласында нәтижелі жұмыс істеу үшін қарым-қатынас дағдыларын әрдайым дамытудың маңыздылығын түсіну және пайда болған дағдыларды әрдайым жетілдіріп отыру.

 

 

Тәрбиелік: Депресивке түскен науқастардың қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.

 

Дамытушылық: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны:

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту.

Пәнаралық байланыс:Психология, философия, мейіргер ісі негіздері

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: лекция,

Техникалық-программалық:

Пайдаланылатын әдебиет:

 Негізгі:Коммуникативтік дағдылар /оқулық Островская И.В. «Психология» Медициналық  училищелер мен колледждерге арналған оқулық. М., «ГЭЕТАР-Медиа» , 2006

 Н.Д.Лакосина  «Медициналық психология»-М., АКАДЕМА, 2008

В.Ф. Матвеев « Медициналық психологиядағы этика және деонтология негіздері»

Асимов М.А., С.А. Нұрмағанбетова , Ю.В.  Игнатьев « Коммуникативті дағдылар» оқулық  Асфендияров атындағы ҚҰМУ. Алматы, Эверо, 2009

 

 Қосымша әдебиеттер

Қ. Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы, 2008

 

Сабақты өткізу жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин

Ү Қорытындылау –5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин

Сабақ барысы

 

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Коммуникативтік құзіреттілік туралы түсінік. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциялық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

        Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальды және вербальды емес тәсілдері.Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары. Вербальдық қарым-қатынас: дауыс, интонация, артикуляция. Вербальды емес қарым-қатынас: визуалдық байланыс, дене қимылы, дене қалпы. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес  тәсілдері көмегімен медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністікті орнату, белсенді және енжар тыңдаушы дағдыларын алу. Көшбасшылық түсінігі, көшбасшылар. Типтері көшбасшылықтағы гендерлік айырмашылық. Медицина қызметкерінің көшбасшылық қасиеттері. Қызметтік өзара қарым-қатынас, субординация қағидалары. Шағын топтардағы психологиялық үрдістер: шешімдер қабылдау, топтық қысым, жанжалдар. Жанжалдар формуласы. Жанжалдық әсер ету стратегиясы.

 

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Депрессия деген не?


Депрессия (көңіл - күйдің құлазуы) - түрлі өмірлік жағдайда пайда бола- тын, адамішң ең бір жағымсыз эмоционалды күйі. Сонымен қатар, психика бұзылысының-маңызды бір симптомы. Кеңесберу кезінде дәрігерлер, эдетге, оқиғаға, омірдегі ауыр жағдайларға деген реакция ретінде туындайтын «реактивті депрессиямею> жиі кездеседі (жақын адамның өлімі, ажырасу, соматикалық аурулар, интимдік проблемалар және т.б.).

 

 

  1. Депрессия қалай көрінеді?

   Депрессия көңіл күйдің өзгерісінен көрінеді. Адамның көңіл күйі құла- зып, қайғылы күй кешеді. Кінәлілік сезімі қинап, сәтсіз өмірі жайлы ойлар оған маза бермейді. Барлық нәрселерге қызығушылығын жоғалтып, қиын- дықтарға қарсы тұру қабілетінен айырылып, өмірге немқұрайлы қарайды, белсенділігі төмендеп, ойлау процесі де біршама баяулайды.

Егер, депрессия ауыр деңгейде болмаса, ол адам жұмысын жалғастырып, күнделікті жүмысын атқара береді, бірақ мұның бәрі оған ләззат беріп, еш куантпайды. Ал депрессияның асқынған шағында, белсенділік мүлдем жойы-лады. Адам барлық нәрсеге немқұрайлы қарап, мәселен теледидар алдында бірнеше сағат бойы мағынасыз қарап жата беруі де мүмкін.Депрессиядағы адам тек өзінің денсаулығын, өзін және өзіне қатысты жагдайларды ойлайды. Ол депрессия жөнінде емес, оның симптомдарын көп айтады. Ол ұйқының қашқаны на, тәбетінің жоқгығына ерте оянып, үнемі шаршайтынына шағым айтады.

  1. Депрессивті науқастың қажетгіліктері қандай?


Депрессияның салдары -бұл басқа адамдардың әсіресе жақындарының ойларына деген тәуелділік. Яғни, оны «жұрт не ойлайды?» деген нәрсе мазалайды. Басқалардың ойына, сын көзқарасына тэуелді болу, адамды сенімсіз етеді. Психотерапевтен көмек сұрап келген науқас, дәрігердің ол үшін, оның өмірі үшін жауапкершілікті өз қолына алғанын қалайды. Деген- мен, депрессивті науқаспен жұмыс жасаудың алғашқы кездерінде дәрігер біршама белсенді болуы керек болғанымен, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуы міндетті емес.

Дәрігер шын мәнісінде, науқастың проблемасының шешілуіне де, өмірінің өзгеруіне де, оның қабылдаған шешімдеріне де жауапты емес. Депрессивті науқас, дәрігерді өзі үшін бәрін жасайтын сиқыршы іспетті қабылдагі, кейіннен олай емес екенін білген соң, біршама жабырқап, көңіл- күйі құлазиды. Сондықтан, яғни оның тілегі орындалмағандықтан, ол өзінің қанағаттанбағандығын ашу – ыза арқылы білдіреді.

Жалпы депрессиядағы адам соншалықты еңсесі түсіп, құлазыган, бақыт-сыз болса да, ашу — ызалы болып келеді. Мысалы, өмірден өткен жолдасына, мені тастап кетті деп ашуланады, достары мен жақындарының оған дұрыс қарым - қатынас жасамайтындығын айтып шағымданады. Міне, осы тұста белгілі — бір қайшылық пайда болады — өшпенділік сезімі дискомфортты арттырады, себебі адамдарға деген қажеттілік жоғары. Сондықтан, ол ішкі ашу - ызасын ашық айта алмайды, бұл жағдай іштей ұлғайып, өзін - өзі кінэлауға экеледі. Осылайша, шегі жоқ шеңбер пайда болады. Кейде депрессияны, сондықтан да, «теріс айналдырылған ашу - ыза» деп атайды. (Кеппесіу, 19

Депрессиялық емделушілермен қарым-қатынас

Депрессия (лат.depressio — көңілсіздік, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түңілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күй жағдайы.

Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін, психоз жағдайында кісі өзінің ауру екенін де сезбейтіндей дәрежеде есін жоғалтатынын алға тартады. Есесіне психоз аурулары тәуелсіздік орнаған тұста да кеңес заманындағы бір пайыздық үлеспен тұр екен. Жылдан жылға өсіп бара жатқан ауру – невроз. Оның ішінде депрессия. Астана қаласындағы жүйке аурулар диспансерінде бүгінде он екі мың ауру ресми есепте тұрады. Онда кәрілердің де, жастардың да арасында жүйкесі тозғандар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі есепте тұрмайтын дерттілер. Оның үстіне наркологиялық диспансерлер мен полицияларда есепте тұратындардың да көпшілігі белгілі дәрежеде жүйкесі тозыңқы жандар екенін ескерсек, елордадағы дерттілер санының көптігіне шүбә қалмайды.XX ғ. Депрессиядан екі тәсілмен: біріншісі — психотерапия, екінші — медикаментоз арқылы емдейді. Психотерапиялық жолмен емдеу көбіне нәтижелі болады. Алайда бұл жолмен емдеу айлап, не жылдап жүргізуді талап етеді. Кейде ешқандай нәтиже бермеуі де мүмкін. Терапия арқылы реабилитация жасауда Депрессиямен ауырған адамның Хайдеггер ойынша Депрессия үш әрекеттен құралады:

  Басым көпшілігіміз депрессияға шалдығу туралы ештеңе біле бермейміз. Көпшілігіміз депрессия деп барлық адамзатқа тән көңіл ауытқуларын депрессияға жатқызамыз. Психикалық ауытқу ретінде депрессия деп медицинада адамның қоғам мен жеке қатынастыранда қалыптасуының бұзылуына әкеліп соғатын, көңілінің қарқынды ауытқыларын айтады.

Депрессияның кең таралуы
Барлық психикалық бұзылушылықтардың ішінде депрессия маңызды орындардың бірін алады. Көпшілік жағдайларда депрессияға әйелдер ұшырайды: 1000 адамға 40 жағдай. Ер адамдар 2 есе сирек ауырады: 1000 адамға 20-30 жағдай. Депрессиялық ауытқулардың кең таралуы қызықты. Психикалық бұзылушылықтарға үлкен қалалардың адамдары жиі ұшырайды, оның ішінде жоғары деңгейлі адамдар. Ал материалдық тұрғыдан төмен адамдар арасында депрессияға ұшырау сирек кездеседі.

Есте боларлығы, үйсіз және ішкіш адамдар арасында депрессияға ұшырағандар тіпті кедеспейді. Депрессия жеке бас ауруларына жатады. Ол біздің елдерде және басқа да елдерде еңбек қабілетінен айырылу себептерінің бірі болып табылады. Осы ауытқуларға байланысты мүгедектердің саны жыл сайын артуда. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының қорытындылары бойынша: 2020 жылға депрессиялық ұшыраулар мүгедектіктің себебі болуы мүмкін. «Депрессияға ұшырау» диагнозын қоюдың негізі ретінде ауру белгілерінің топтамасы бар.
 

Негізгі белгілерге жататыны:
• тұнжыраңқы көңілдің ұзақтығы;
• бұрынғы сүйікті істерге деген қызығушылықтардың жоғалуы;
• тіпті жай жұмыстан тез шаршау;
• болашаққа деген торығушылық;
• негізсіз өзін кіналау;
• өзін-өзі төмен бағалау;
• нашар ұйқы мен тәбеттің болмауы;
• өлім мен өзіне қол салу ойлары.

Бұл белгілердің пайда болу дәрежесіне байланысты депрессияға ұшыраудың «үлкені» және «кішісі болады.
Үлкен депрессиялық ұшыраудың кең симптоматикалық ерекшелігі бар, олар терең психикалық өзгерістер және адамның депрессиялық ойларға шалдығуы. Мұндай жағдайға ұшырағандар көмек күтеді, қамқоршылық пен дұрыс емдеуді қажет етеді.

Депрессияға ұшыраушылықтың ең аз белгілері, бірақ оның байқалуы күштірек болуы мүмкін. Депрессияның әр жағдайында маманға қаралған жөн. Депрессияға ұшыраулардың арасында кеңінен таралған атипичті депрессия.
Атипичті депрессия жағдайында қосалқы белгілер алдыңғы жоспарға шығуы мүмкін. Мысалы, көңіл кішкене төмендесе ұйқы дұрыс болмайды, әлсіздік пайда болады. Депрессияға ұшыраудың басқа да өзіндік формалары сипатталған. Босанғаннан кейін пайда болған депрессия постнаталды деп аталады, ал ұзақ жылдар бойы созылған – дистимия деп аталады. Депрессияның дамуына күйзеліс факторлары, физикалық және эмоционалдық ойлаулар, гормоналды шалыстар және адамның жеке бас ерекшеліктері әсер етеді.

Ойға салынған адамдар, секемшілдер, сабырсыздар депрессияға жиі ұшырайды.

Сонымен қатар депрессиялық ұшырауларға генетикалық тұрғыдан да қараған жөн. Мысалы, балалардың егер ата-аналары депрессияға ұшыраса, олардың да ұшырауы мүмкін. Депрессиядан түрлі жастағы адамдардың бәрі де сақтандырылмаған: кәрі де, жас та ұшырауы мүмкін. Егер кәрілік депрессия туралы көп белгілі болса, онда таяу арада пайда болған емшектегі баланың депрессиясы жайында ештеңе білмейміз.

Депрессиялық жағдайларды емдеуге болады. Заманауи фармакология депрессиясен күресетін түрлі дәрі-дәрмек ойлап шығарған. Егер адам өзі психиатрға немесе психотерапевке бет алса, онда, әрине, ем дұрыс болады. Әотне, туысқандардың қолдауы да көп көмек етеді.

Депрессияға ұшыраушылықты емдеудегі маңызды кезең - уақытылы диагностика болып табылады. Депрессия диагностикасының басталуы - пациент туралы берілгендерді жинақтау. Дәрігер созылмалы аурудың ерекшеліктеріне, депрессиялық тұқымқуалаушылық ерекшеліктеріне үнемі назар аударады. Дәрігермен ашық сөйлесу тек ерте диагноз қоюға ғана емес, сонымен қатар депрессияның бастапқы себептерін анықтауға жол ашады.

Әрине, стандартаттық емдеу әрқашанда бола бермейді. Әр адам, әр жағдай сияқты жеке дара. Емдеу тәсілін, дәрілермен емделу уақытын таңдау оңай емес. Үнемі бірден тиімді терапия қою мүмкін емес. Қиындықтарға төзе білу керек - әр істің өз маңызды жетістігі бар.

Түрлі типті депрессияны емдеу бірнеше кезеңмен өткізіледі. Бастапқы кезде оның ауыр көрінстерінің алдын алу керек. Мұндай үрейдің алдын алуға транквилизаторлар көмектеседі. Дәрігер ұзақ уақытқа ем бермейді. Мұның ешқандай қажеттілігі жоқ. Түнгі ұйқыны ұйықтатын дәрілермен жақсартуға болады. Бұл ретте шөптен жасалған дәрілерді пайдалану артық емес. Депрессияға қарсы емдеу дәрілері – бұл депрессияға қарсы қолданылатын құралдар. Депрессияға қарсы қолданылатын түрлі кестелер бар. Тек дәрігер ғана оның қандай дәрі екенін айта алады, қай мөлшерде және қай уақытта пайдалу керектігін. Депрессияға қарсы құралдар өз ісін ұзақ уақыт дамытады. Бірден нәтиже күтуге болмайды. Емделу курсы 4 айдан 9 айға дейін. Егер депрессиялық жағдай қайталанса- бұл, әрине, депрессияға қарсы құралдарды ұзақ созу деген сөз.

Депрессияға ұшыраушылықты дәрімен емдеу – түрлі психотерапевті тәсілдерді қолдану деген сөз. Психотерапия психикалық оқиғаларды тек төмендетуге емес, сонымен қатар депрессияның бастапқы басталу жолдарын анықтайды. Депрессияны кешенді түрде емдеу жолдары, ауруды жеңуге, мүгедекті болдырмауға, сонымен қатар бұрынғы дұрыс өміріне бет бұруға көмектеседі.

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту. Блум таксономисы аясындағы тапсырмалар

  • Білу:

 

  • Түсіну:

 

  • Қолдану:

 

  • Талдау:

 

  • Бағалау: 

 

Медициналық манипуляцияларды түсіндіру бойынша коммуникативтік дағдыларды студент әрекет ету алгоритмін және орындау критерилерін білу

Науқас және медицина қызметкері тиімді қарым-қатынас жасау қағидаларындиалог құрып түсінгенін білу

Диалог құру :

«науқас және медицина қызметкері ролі»

Диалог дұрыс не бұрыс болғанын талдау

Студенттер өз жұмыстарының барысын өздері дұрыстығын не бұрыстығын айтып талдайды, бағаланады.

 

Ү Қорытындылау-5 минут

  • ҮІ Үйге тапсырма
  •  
  • Депрессияның кең таралуы
  •   Депрессиялық емделушілермен қарым-қатынас
  •  «Депрессивті және суицидке бейім науқастармен қарым -қатынас»,
  •  « Естуі, көруі, сөйлеуі бұзылған науқастармен қарым-қатынас».

Асимов М.А., С.А. Нұрмағанбетова , Ю.В.Игнатьев « Коммуникативті дағдылар» оқулық 30-60 беттер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз