Пән:«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
Тақырыбы: Тұлға психологиясы. Тұлға ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Пациенттің психологиясын, оның психикасының ерекшеліктерін, аурудың қалай өтіп жатқандығын түсіну үшін науқастардың ауру кезіндегі мінез құлықтарын зерттеу және әрбір пациентке қатысты ең дұрыс шешім қабылдау.
Білімділік: Медицина саласында нәтижелі жұмыс істеу үшін қарым-қатынас дағдыларын әрдайым дамытудың маңыздылығын түсіну және пайда болған дағдыларды әрдайым жетілдіріп отыру.
|
Тәрбиелік: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.
Дамытушылық: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу.
Сабақтың уақыты: 90 минут
Сабақты өткізу орны:
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс:Психология, философия, мейіргер ісі негіздері
Сабақтың жабдықталуы:
Материалдық: лекция,
Техникалық-программалық:
Пайдаланылатын әдебиет:
Негізгі:Коммуникативтік дағдылар /оқулық Островская И.В. «Психология» Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық. М., «ГЭЕТАР-Медиа» , 2006
Н.Д.Лакосина «Медициналық психология»-М., АКАДЕМА, 2008
В.Ф. Матвеев « Медициналық психологиядағы этика және деонтология негіздері»
Асимов М.А., С.А. Нұрмағанбетова , Ю.В. Игнатьев « Коммуникативті дағдылар» оқулық Асфендияров атындағы ҚҰМУ. Алматы, Эверо, 2009
Қосымша әдебиеттер
Қ. Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы, 2008
Сабақты өткізу жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин
Ү Қорытындылау –5 мин
ҮІ Үйге тапсырма –5 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Коммуникативтік құзіреттілік туралы түсінік. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциялық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.
Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальды және вербальды емес тәсілдері.Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары. Вербальдық қарым-қатынас: дауыс, интонация, артикуляция. Вербальды емес қарым-қатынас: визуалдық байланыс, дене қимылы, дене қалпы. Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері көмегімен медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністікті орнату, белсенді және енжар тыңдаушы дағдыларын алу. Көшбасшылық түсінігі, көшбасшылар. Типтері көшбасшылықтағы гендерлік айырмашылық. Медицина қызметкерінің көшбасшылық қасиеттері. Қызметтік өзара қарым-қатынас, субординация қағидалары. Шағын топтардағы психологиялық үрдістер: шешімдер қабылдау, топтық қысым, жанжалдар. Жанжалдар формуласы. Жанжалдық әсер ету стратегиясы.
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кейінгі 10 жылдықта медицина мамандары аурулардың көптеген этиологиялық факторлар негізінде пайда болатынын түсіне бастады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың алатын орны мен коммуникация роліне ерекше қызығушылық туа бастады.
Сол себепті болашақ медицина қызметкерлерін психологиялық тұрғыда дайындауда келесі мәселелер аса маңызды.
Біз дәрістер барысында меңгердік:
Коммуникативтік жете білушілік түсінігін. Медицина қызметкерінің коммуникативтік жете білушілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамаларды.
Қарым-қатынастың принциптерін және түрлерін.
Ежелгі грек философы Сократ айтқан «Жанды емдемей , тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда. Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлықтай. Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде, сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір медицина қызметкері жақсы маман болуы мен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болуы қажет деп ойлаймын.
Ал қазіргі уақытта медицина қызметкері мен науқас арасындағы қарым-қатынас әлі де болса, субьект-обьект сипатында екенін айтуға тура келіп отыр және оның 3 басты себебі бар:
1.Медицина қызметкері науқаспен терапевтік процес барысында коммуникациялық кеңістік пен қарым-қатынас орнатуға және оған дайындалу керектігіне аса мән бермейді. |
2. Медицина қызметкері өзінің потенциалды мүмкіндіктеріне барлық жағдайларда сүйене бермейді . Медицина қызметкері өзін эмоциясыз, жыныссыз «ойлаушы-нұсқаушы» және бақылаушы машина іспетті сезініп, дәл осындай көзқараспен қарым-қатынас жасайды. |
3.Медицина қызметкері науқасқа тек медициналық нұсқаулардың орындаушысы, медициналық біліктілікке қабілетсіз обьект деген түсінікпен қарап, емдеу барысында осындай ойды ескереді.
|
Негізінен медицина саласындағы медициналық қызметкер мен науқастың қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан бері қалыптасқан.
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе –оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»деп, ғалым А.Микольн айтпақшы әрбір есі кіріп етек жапқан адам белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады. Ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау ерекше көңіл аудару ол әр медицина қызметкерінің міндеті болып табылу керек.
«Ак халатты абзал жандар» деп атағаны медицина қызметкерінің адам алдындағы адамгершілік парызы деп санауымыз қажет.
Науқас адамдармен жұмыс жасау қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Медицина қызметкері мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін медицина қызметкерінің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс. (Дәрігер әр түрлі адамдармен қарым –қатынас жасайды Мысалы: Жасы егде адамдармен,балалармен, жасөспірімдермен . Соның ішінде ...
Жасы егде ауру адамдармен қарым-қатынас жасау.
Жастары ұлғайған науқастармен сұхбаттасудың, қарым-қатынас жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен жастағы науқастармен қарым-қатынас кезінде кездесетін көріністер. Олар: (қарым-қатыстағы проблема осы)
Қария адамдар ұмытшақ, өкпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмалы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақтылы нәтиже бермеуі. Медицина қызметкеріне олармен қарым-қатынас жасауына бірталай қиыншылықтар тудырады.
Жастарға қарағанда ,жасы үлкен науқастар сырқаты туралы аздап қана, баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сұрақтарына жауап беругекөбірек уақыт бөлген жөн. Медицина қызметкері сабырлы, байыпты сөйлеуі керек. Жылы әрі тыныш, сұхбатқа ешнәрсе кедергі келтірмейтін бөлмеде науқастан мәлімет жинағаны дұрыс.Медицина қызметкері бір сұхбаттан кейін мәліметті «толық жинадым»-дегені кате себебі бірнеше рет сұхбаттасудан кейінгі жиналған мәлімет продуктивті, толығырақ болады.
Жасы келген кісілер өз жастарын сезіне отырып , енді қанша өмір сүретінін есептей бастайды. Үлкен жастағы науқастар өткен өмірдегі күндерді, қуаныштарды, реніштерді еске алуға бейім болып табылады. Сол себепті қарым –қатынасты бір қадам жақындатуымыз үшін және олардың денсаулығына, жасына байланысты, ойын, проблемаларын білу маңызды. Мысалы: ( емделуші қарт адамның ойын білу үшін)
деген сұраққа оңтайлы жауап берсеолардың өмірге құлшынысын, тез емделіп айығып кетуіне өзінің жәнесанасының дайын екенін анықтауға болады.
Сондықтан медицина қызметкері бұндай адамдармен қатынасып, ем жүргізген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделуі керек:
Қарт емделушілер уайымшыл болуына байланысты, медицина қызметкері олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп төзімді болып, оларды өкпелетіп алмауы үшін әр сөзін іс әрекетін бақылап қадағалап отыру керек.
Келесі кезекте балалармен қарым-қатынас жасау.
Балалармен қарым- қатынас жасағанда медицина қызметкері балалардағы мына ерекшелікті түсіне және ажырата алуы керек. Мысалы:
Осыған байланысты науқастанған балаларды емдеп қарым-қатынас жасаған кезде медицина қызметкері келесі принциптерді қолданып арқа тұтады.
дей отырып медициналық жәрдімді қөрсетсек болады.
Жасөспірімдермен сұхбаттасу
Медицина қызметкерлері жасөспірімдермен сұбаттасқанда көптеген қиыншылықтарға тап болады.
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жасөспірімдік кезең қиын әрі өте маңызды деп анықталды. Жасөспірім кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер А.Е. Личко, Л.С. Выготский, т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен.
Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерінен қарым-қатынастарын өмірге деген қөзқарасын түбірінен өзгердеді.
Бұл өзгерістер қысқа мерзімде секірмелі қауырт даму сипатында болып, бала өмірінде әр түрлі субективтік қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өз бетімен шешуді талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Олар төмендегідей:
Жасөспірімдермен карым-қатынас жасағанда мына жайттарды ескерген жөн.
|
|
|
|
|
Медициналық манипуляцияларды түсіндіру бойынша коммуникативтік дағдыларды студент әрекет ету алгоритмін және орындау критерилерін білу |
Науқас және медицина қызметкері тиімді қарым-қатынас жасау қағидаларындиалог құрып түсінгенін білу |
Диалог құру : «науқас және медицина қызметкері ролі» |
Диалог дұрыс не бұрыс болғанын талдау |
Студенттер өз жұмыстарының барысын өздері дұрыстығын не бұрыстығын айтып талдайды, бағаланады. |
Ү Қорытындылау-5 минут
Асимов М.А., С.А. Нұрмағанбетова , Ю.В.Игнатьев « Коммуникативті дағдылар» оқулық 30-60 беттер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі