Өлең, жыр, ақындар

«Үздік акушер»

      

                                  Акушерия және гинекология

пәнінен тыс ашық сайыс сабақ.
 

Тақырыбы: «Үздік акушер»
 

 

                                       

                Дайындаған: «Акушерия және гинекология»

пәнінің оқытушысы Токбергенова Г.Б

 

 

 

 

 

Акушерия және гинекология пәнінен тыс ашық сайыс.


Тақырыбы: «Үздік акушер»
Сайыстың маңыздылығы: Оқушылардың меңгерген білім деңгейің анықтау, білімді,жан-жақты болуға үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, білім дайындығын анықтап, оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру.

Сабақтың түрі: Бинарлық
Сайысқа қатысушылар: 303 акушер тобының оқушылары.

Пән аралық байланыс: Анатомия, физиология, ішкі аурулар,педиатрия, фармакология.

Сайыстың мақсаты:
«Акушерия және гинекология » тарауын сайыс түрінде өткізе отырып оқушыларды акушерия, маңызын, қызметін білуге үйрету. Сайыс кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Білімділік: «Акушерия және гинекология » пәні бойынша оқушылар білімдерін қорытындылап, бағалау.
Дамытушылық: «Акушерия және гинекология » пәнін қорытынды сайыс түрінде өткізе отырып, оқушылардың білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін нығайту.
Тәжірибелік: Жаңа технологияны игере отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Сайысқа қатысушылар: 303 Акушерия тобының оқушылары.
Пән ішілік байланыс: «Акушерия және гинекология» жұмысының сыртқы көрінісі.

Пән аралық байланыс: сестралық іс негізі «Функциональды жағдайды бағалау», терапия

Қолданылған оқулықтар: 

1)Аккенжеева Т.Г. «Акушерия пәнінен стандарттар жинағы». Эверо 2016

2)В.И.Бодяжина, Геппе Н.А., « Акушерия». І, ІІ, ІІІ том, Эверо 2017.

3)Ұкібасова Т.М., Түсінқалиев А.Б. «Акушерия бойынша фантомдық курсы». Оқу құралы. Эверо баспасы 2014.

4)А.Т Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова. Оқулық «Акушерия және гинекология».  Алматы.Эверо. 2017ж.

5)Бисембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. Оқулық

        «Акушерия». - Алматы. 2004.

 

 

Сабақтың хронокартасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.
ІІ. Таныстыру - 5 мин.
ІІІ. 1 тур –тесттілеу (50 сұрақ) - 20 мин
ІҮ. 2 тур – билет сұрақтары (алгоритм бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді көрсету) - 7 мин.
Ү. 3 тур – билет сұрақтары (ситуациялық жағдаяттарды шешу) - 5 мин
YI. Сайысты қорытындылау - 5 мин.
 


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушылар аудиторияның сайысқа дайындығын тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын мәнін атап өтеді. Сайыстың өту барысын, сайысқа қатысатын оқушыларды таныстырады.
Әділқазылар алқасының мүшелері: әдіскер: Жаутикова Ғ.С., бөлім меңгерушісі Ақжигитова С., ЦМК төрағасы: Мусаева П.А., аға оқытушы: Алиева Д.У., арнайы пән оқытушылары: Шапанбаева Ж.,Аллаярова Г.
Оқушылардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.
ІІ. Таныстыру - Әр студент өз-өзін таныстырады.
ІІІ. 1 тур –тесттілеу (50 сұрақ) беріледі.
ІҮ. 2 тур – билет сұрақтары (алгоритм бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді көрсету) - муляждар мен фонтомдардан айтып көрсету.
Ү. 3 тур – билет сұрақтары (ситуациялық жағдаяттарды шешу) -
YI. Сайысты қорытындылау.
Әділқазылар сайыстың өту барысын, оқушылардың дайындығын бағалап, қорытындылайды.
Әрбір белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді.
Сайысқа қатысқан оқушыларға алғыстарын білдіріп, марапаттайды.
1 тур –тесттілеу (50 сұрақ) беріледі.

 

2тур – билет сұрақтары (алгоритм бойынша тәжірибелік іс-әрекеттерді көрсету)

 

1)Тазалық денгейін анықтау үшін жұғынды алу алгоритмы

Көрсеткіші:

-қынап микробтарының жағдайын бағалау

Жабдықтау

-Гинекологиялық кресло

- жеке жаялық

-Залалсыздадырылған қолғаптар

-қынапты қарауға арналған айналар

-Фольтман қасықшасы жұғынды жағуға арналған шыны.

1. Қандай іс-шара орындайтыныңызды және қандай нәтиже болуы керек екенін әйелге айтығыз.

2. Қолыңызға жаңа бірреттік немесе залалсыздандырылған көп реттік қолғапты киіңіз(залалсызданған қолғап кигеніңізді әйелге көрсетіңіз).

3. құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айналар, Фольтман қасықшасы жұғынды жағуға арналған шыны.

4. Креслоны 0.5 проценттік кальций гипохлоридінің ерітіндісімен сүртіп шығыңыз,арнайы шөткені қолдана отырып, содан соң креслоға таза жаялық төсеңіз.

5. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.

6. Гинекологиялық айнаны енгізіңіз Артқы қуыстан Фолькман қасықшасының көмегімен бөліністі аламыз, оны жұғынды жағатын шыныға жағамыз (ұзынан).

7. Ақырындап қынаптан айнаны алып шығып, оны 3% хлорамин ерітіндісіне саламыз.

8. Бір реттік қолғапты шешеміз, көрсеткішіне сәйкес арнайы қорапқа саламыз

9. Қолыңызды сабындап жуыңыз.

10. Бағыттама жазыңыз, онда көрсету керек:

-кабинет нөмірін

-Фамилиясын,атын,тегін

-жасын

-Оқу орнын немесе жұмыс орнын

-жұғындыны неменеге анықтау керек екендігін (жұғындыны тазалық деңгейін анықтауға)

- айы, күні, жылы

- дәрігердің немесе акушердің қолы

- Жұғындыны зертханаға жіберіңіз

 

2)Соловьев индексін өлшеу алгоритмы

Көрсеткіші:Жамбас сүйектерінің қалындығын анықтау

Жабдықтау:

-Сантиметрлік лента

-қолдың фантомы

1. Қандай іс-шара орындайтыныңызды және қандай нәтиже болуы керек екенін әйелге айтығыз.

2. сантиметрлік лентаны алыңыз

3.Сантиметрлік лента мен қолынын блезігін өлшеңіз

4.Қорытындысын құжатқа жазыңыз

 

3.Бала жолдасының бөліну белгілерін анықтауды орындау алгоритмы

Мақсаты: акушерлік қан кетудің алдын алу

Жабдықтау: қолғаптар

Дәрігер немесе акушер жатыр қабырғасынан бала жолдасының бөліну белгілерін ұнемі бақылап , қадағалап отырады. Жатырдың пішіні және орналасуының өзгеруіне байланысты және де кіндіктің жағдайына байланысты болатын бірнеше белгілер бар.

Шредер белгісі: Бала туысымен бірден жатыр пішіні домалақ, оның түбі кіндік деңгейінде болады. Бала жолдасы бөлінген соң жатыр жайпақтанады, түп жағы онға бұрылады.Көбінесе қасаға сүйектерінің тұсынан жұмсақ жастық пішіндес томпаю пайда болады, ( бала жолдасының жатырдың төменгі бөлігіне түсуіне байланысты).

Кюстнер –Чукалов белгісі:Қасаға сүйек тұсынан алақан қырымен басқанда жыныс саңылауынан салбырап тұрған кіндік егер бала жолдасы бөлінбесе , қынап ішіне қарай тартылады.Егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген болса онда басқан уақытта кіндік еш өзгеріссіз қалады.

Альфельд белгісі: Жыныс саңылауындағы кіндікке лигатура байланғанда, егер жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген болса кіндік 8-10 см төмен түседі.

Довженко белгісі: Босанған әйелден терең дем алуын сұраймыз, егер дем алғанда кіндік қынапқа тартылмаса , онда бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген.

Клейн белгісі: Босанған әйелден күшенуін сұрайды, егер кұшеніп болған соң кіндік орнында қалса бала жолдасының жатыр қабырғасынан бөлінгені. Егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінбесе кұшенгеннен соң кіндік қынапқа қарай тартылады.

 

Осы белгілерді бағалай отырып дәрігер мен акушер бала жолдасының бөлінген , бөлінбегендігін анықтайды. Әдетте оның бөлінгені жайында бір емес бірнеше белгілер бойынша анықтайды.

 

4.Амниотомияны орындау алгоритмы-Ұрық қабықшасын жасанды жару

Көрсеткіші:

  • Босану тездету
  • Уақтынан асқан жүктілік (41 апта + 6 күн)
  • Босану әрекетінің әлсіздігі –толғақтың әлсіздігі
  • Артериялық қан қысымының 160 мм.с.б. жоғары көтерілуі

Қарсы көрсеткіші:

-Бала туар жолдың дайын болмауы

-Баланың туар жолға жамбасымен келуі

-Баланың туар жолға кіндікпен келуі

Жабдықтау:

-Заласыздалған қолғаптар

-бранша пулевых щипцов

-лоток

Орындау тәртібі:

1.Қынап зерттеуін жүргізіп, жатыр мойнының ашылу деңгейін анықтап, туар жолға орналасқан бөлігін жамбас астауының жазықтықтарына қатынасын анықтаңыз

2.Қысқыштың ұшын сұқ және ортанғы саусақтар арасында

3.Қабықшасын толғақ қатты қысқан кезде , қабықша қатайған кезде тесу керек

4.Қабықшпның тесілген жеріне сұқ саусақты, содан соң ортанғы саусақты енгізіңіз , тесікті кеңеітіп ,орналасқан бөлігін бір жағына ығыстырыңыз

5.Ұрық маңындағы судың мөлшері мен сапасына баға беріңіз

 

5.Мак-Клюр-Олдрич сынамасын жүргізуді орындау алгоритмы

Мақсаты:жасырын ісіктерді анықтау,кеш дамитын гестоздардың алдын алу

Жабдықтау: физиологиялық ерітінді -0,9%, шприц 1,0 мл

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелді отырғызып , қолдарын горизонтальды орналастыру, білектерінің ішкі бетін жоғары қаратып

3.Терісін 70% спиртпен өңдеу

4.Шприцке 0,9% физиологиялық ерітіндісін 0,4-0,5мл сорып алу

5.0,2 мл 0,9% физиологиялық ерітіндіден білектің 3/1 бөлігіне енгізу, ісік пайда болғанша

6.Ерітіндіні енгізу уақытын белгілеп алу ,терідегі ісік кеткенге дейінгі уақыт аралығын белгілеу

7.Нәтіжесіне баға беру

Егер ісі 60 минуттан соң кетіп қалса, онда ол қалыпты

 

6.Құрсақтағы нәрестенің болжамды салмағын анықтау алгоритмы

Мақсаты:Құрсақтағы нәрестенің болжамды салмағын анықтау

Жабдықтау:сантиметрлік лента,кушетка,клеенка,жеке жүктілік картасы

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелге кийімдерін шешу өтініш ету

3.Кушеткаға таза клеенканы төсеу

4.Кушеткаға әйелді шалқасымен жатқызу

5.Қасағаның үстінен жатыр түбіне дин сантиметрлік лента мен жатыр түбі бийіктігін өлшейміз

6.Сантимерлік лентаны әйелдің арқасының астынан өткізіп кіндік үстінен өткізіп іш айналымын анықтаймыз

7.Соң осы екі өлшемнен шыққан сандарды көбейтіп құрсақтағы нәрестенің болжамды салмағын білеміз(мысалы ЖТБ -37см болса,ал ІА-100 =3700грамм)

8.Нәтіжесін әйелдің жеке жүктілік картасына жазамыз

 

7.Іш айналымын өлшеу алгоритмы

Мақсаты: Іш айналымын өлшеу

Жабдықтау:сантиметрлік лента,кушетка,клеенка,жеке жүктілік картасы

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелге кийімдерін шешу өтініш ету

3.Кушеткаға таза клеенканы төсеу

4.Кушеткаға әйелді шалқасымен жатқызу

5.Сантимерлік лентаны әйелдің арқасының астынан өткізіп кіндік үстінен өткізіп іш айналымын анықтаймыз

7.Нәтіжесін әйелдің жеке жүктілік картасына жазамыз

 

8.Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтау алгоритмы:

Мақсаты:Тазомердің көмегімен үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтап оны жеке картасына жазу

Жабдықтау:кушетка,тазомер, жүктілік жеке картасы,клеенка

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелге кийімдерін шешу өтініш ету

3.Кушеткаға таза клеенканы төсеу

4.Кушеткаға әйелді шалқасымен жатқызу

5.Акушерка қолына тазомерді алып әйелдің он жағынан келеді

6.1.Distancia spinarum-мықын суйектірінің алдынғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы.Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см

2. Distancia cristarum -мықын суйегі қырларының алшақ нуктелік аралығы-28-29 см

3.Distanciatrochanterica -ұршық аралығы.Ол 31-32см тең.

4.Conjugata externaе- сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшеми

Бұл өлшемді анықтау ұшын әйел қырынан жатып , астынғы аяғын бүгіп ,үстінгі аяғын созуы керек.Сыртқы коньюгата қалыпты жағдайда 20-21см.

7.Нәтіжесін әйелдің жеке жүктілік картасына жазамыз.

 

 

9. Босану биомеханизмін өткізу алгоритмы

Мақсаты:Босану биомеханизмін өткізу

Жабдықтауфантом,кукла маша

Орындау әдісі:

Босанудың төрт кезеңін жүргізу:

1.кезеңжамбастың кіреберіс жазықтығына бастың орнығуы .

2.кезең- бастың жамбас қуысына түсуі

3.- кезең- нәрестенің басы жыныс ернеуін жарып шығып , шүйде шұңқыры қасаға доғасына тірелгенде , бекіту нүктесі пайда болады, нәресте басы шалқаяды .Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі , маңдайы, беті, иегі шығады.Бұл кезең нәресте басының жыныс ернеуінентолық босанып шығуымен аяқталады.

4.-кезең-иықтың іштей , бастың сырттай бұрылуы,Бас туылғаннан кейін не онға , не солға бұрылады, оның бұрылуы нәрестенің орналасу бағытына (позиция) байланысты.Егер нәресте бірінші бағытта орналасқан болса, оның беті анасының оң санына, екінші бағытта орналасқан болса сол санына бұрылады..Алдымен алдынғы иық босап, омыртқалардың бүгілуінен кейін артқы иық жыныс ернеуінен шығады. Осыдан кейін нәресте денесі түгел туылады.

 

 

10.Құрсақтағы нәрестенің жүрек соғысын анықтау алгоритмы

Мақсаты:.Құрсақтағы нәрестенің жүрек соғысын анықтау

Жабдықтау:\а\кушерлік стетоскоп,кушетка,клеенка,жеке жүктілік картасы

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелге кийімдерін шешу өтініш ету

3.Кушеткаға таза клеенканы төсеу

4.Кушеткаға әйелді шалқасымен жатқызу

5.Пальпация арқылы сыртқы акушерлік зерттеу жүргізіп баланың позициясын,түрін анықтайды

6.Стетоскоптың кең жағын құрсақ үстіне қойып жүрек соғысын тыңдайды минутына қанша екенін

7.Соң жеке жүктілік картасына жазады

 

 

11.Қынаптық айнамен зерттеу алгоритмы

Мақсаты:Жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабатының жағдайын анықтау

Жабдықтау:Гинекологиялық кресло,пеленка,заласыздалған қолға\птар,қынаптық Куско айнасы

Орындау әдісі:

1.Жүкті әйелге осы іс шараның қажеттілігін және оның барысы жайында түсіндіру

2.Әйелге кийімдерін шешу өтініш ету

3.гинекологиялық креслоға таза клеенканы төсеу

4. гинекологиялық креслоға әйелді жатқызу

5.екі қолына қолғапты кию

6.Сыртқы жыныс мүшелеріне қарап

7.Қынаптық Куско айнасын қынапқа енгіземіз

8.Айнаны ашып жатыр мойнына қараймыз:

Қынаптың шырышты қабатының реңіне,патологиялық жағдайдын бар жоқтығына,выделениялардың характерине.

Жатыр мойныныңшырышты қабатының реңіне,патологиялық жағдайдын бар жоқтығына,формасына,сыртқы тесігінің формасына

9.Айнаны шығарып оны 0,5% гипохлорит кальций ерітіндісіне саламыз

10.Әйелді өтінеміз турып киінуне

11.Қолғаптарды шешіп утилизация жасаймыз

12Қолымызды сабын мен жуамыз

13.Тексеру нәтежелерін біріншілік документке жазу

 

 

3 тур – билет сұрақтары (ситуациялық жағдаяттарды шешу)

 

1-есеп. Босанушы А.... 34 жста. Босану мерзімі жетіп, толғақ басталғаннан кейін, 2 сағаттан соң перзентханаға түсті. Бұл үшінші жүктілігі, біріншісі жедел босанумен аяқталды, екінші жүктілігі жасанды түсік. Тері жабындысы, сілемейлі қабаықтарының түсі қалыпты. Аяқтары ісінген, қ/қ 120/70, 125/70мм. Сынап бағанасы, іш айналымы 112см, жатыр деңгейі 38см. Жатыр қабырғалары кернеуленген, «флюктуация» (толқындану) белгісі айқындалады, нәресте бөліктері жатырдың кернеулену салдарынан нашар анықталады, ол өте қозғалмалы.Толғақ 4-5 минут сайын қайталанады 30-35 секундте дейін. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 136 рет, әлсіз. Қынаптық зерттеу: Жатыр мойны жайылған, 3см ашылған, қағанақ қуығы кернелген. Нәресте басымен жамбастың кіреберіс жазықтығына орныққан. Сегізкөз мүйісіне бармақ жетпейді. 1.Диагнозы?

1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жүктілік шемені. Көп сулы жүктілік. Босанудың I кезеңі.

2. Талқылау, дәрігердің тактикасы.Әйел босанар алдында екі апта бұрын перзентханаға жатуы тиіс еді (лабораториялық зерттеулер жүргізіп, тиісті емдер алу үшін). а) Көп сулы жүктіліктің диагнозын қандай белгілерге сүйеніп қойып отырсыз? Іш айналымы – 112см, жатыр деңгейі – 38см, жатыр қабырғалары кернеуленген, «толқындану» белгісі бар, нәресте бөліктері нашар анықталады, оның жүрек соғысы әлсіз. ә) Тағы қандай жағдайларда іш айналымы 100см артық, жатыр деңгейі жоғары болады? Ірі нәпестеде, семіздікте, егіз жүктілікте, нәресте жамбасымен жатқанда. б) Дәрігердің тактикасы – кернеліп тұрған қағанақ қуығын жарып, қағанақ суын жайлап ағызу керек (суды тез ағызған жағдайда, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі мүмкін). Әйелдің өзін босандыру қажет, тек босану асқынулары болса ғана (нәресте гипоксиясы, босанудың ауытқуы т.б.). Кесар тілігі арқылы босандырады.

 

2-есеп. Босанушы О.... 23 жаста, перзентханаға түскеннен кейін 6 сағаттан соң толғақ тәрізді ауру сезімі болды. Алғашқы етеккірі 14 жасынана басталған, етеккір циклі өзгеріссіз,. Тұрмысқа 22 жасында шыққан, бірінші некелігі, бірінші жүктілігі. Нәрестенің алғашқы қозғалысын сезбеген. Әйелдер кеңес орнына жүктіліктің 13-апталығында бараған. Жүктілік қан аздықпен асқынған (Нв 110 г/л), амбулаторлық ем алған. Объектілік зерттеуде: бойын 142см, салмағы 53 кг, іш айналымы 91 см, жамбас өлшемдері 24-26-28-18 см, Соловьев индексі 16 см, Михаэлис ромбасының көлденең және ұзынша өлшемдері бірдей тарылған (9х9см) Нәресте қалыпты жағдайда орналасқан, басы кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында, қозғалмалы. Жүрек соғуы минутына 140, біркелкі, анық. Қағанақ суы кетпеген. Толғақ 5-6 минут сайын ұзақтығы 20-25 секунд, қарқыны әлсіз. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны жазылып, 4 см-ге ашылған, жиектері қалың. Қағанақ қуығы бүтін. Нәресте басы кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында, қозғалмалы. Диагональдық коньюгата -11см- ге тең . 1.Диагнозы? 2. Талқылау, босануды қалай жүргізу керек?

1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жүктілік анемиясы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбастың І дәрежесі. Босанудың I кезеңі. Әлсіз толғақ.

2. Талқылау: Әйел босанардан 1-2 апта бұрынперзентханаға жатуы тиіс еді (жүктілік анемиясын емдеп, нәресте салмағын, күй жағдайын анықтап босану жоспарын белгілеу үшін). Жалпы бірқалыпты тарылған жамбастың І дәрежесінде босануды ұстамды жүргізе отырып, босанудың асқынуларын (әлсіз толғақты, нәресте гипоксиясын т.б.) емдеп, әйелдің өзін босандыруға болады. Егер босанудың ІІ кезеңінде клиникалық тар жамбастың белгілері (жамбас өлшемдерінің нәресте бас өлшемімен сәйкес келмеуі) болса әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.

 

3-есеп. Әйелдің үшінші босануы. Босанудың бірінші және екінші кезеңдері асқынусыз өткен. Мерзімі жетілген, қыз бала туған, салмағы 3450,0 г. Босаудың үшінші кезеңі 30 минутқа созылды, бұл аралықта бала жолдасының бөліну белгілері және қан шығыны болмаған. 1. Диагнозы ? 2. Талқылау

1Диагнозы: Босанудың ІІІ кезеңі. Плацентаның жатыр қабырғасына сіресе терең жапсырылуы (placenta accreta).

2. Талқылау. Плацента жатыр қабырғасына толық сіресе жапсырылғанда қан шығыны болмайды, ол өздігінен жатыр қабырғасынан бөлінбейді.Осыған байланысты әйел босанғаннан кейін плацента өздігінен 20-30 минут аралығында бөлінбесе, қан шығыны болмаса, операция жасап, жатырды бала жолдасымен бірге алып тастайды.

 

4-есеп. Көп босанған 35 жастағы әйел, ішінің ауырғанына шағымданып, перзентханаға түскен, бұдан 3 сағат бұрын жедел ауырған. Мәлімет алғанда: қазір жүктілігі 8ші, 5 рет босанған, 2 жасанды түсік болған. Үш жыл шамасында гипертония, пиелонефритпен ауырған; жүктіліктің соңғы айларында аяқ-қолдары ісінген, дәрігерге 1,5 ай бұрын қаралған. Объективті зерттеу: тері жабындары бозғылт, қ/қ 100/50 мм с.б., аяғында ісіну бар, тамыр соғуы 100 рет минутына. Жүктілік мерзімі 38-39 апта жатыр көлеміне сәйкес, жатыр қатты, сипағанда ауру сезімі байқалады, нәрестенің жүрек соғуы 180 рет минутына.

Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 2см қысқарған, жұмсақ, мойын өзегі бір саусақ өткізеді, қағанақ қуығы бүтін, нәресте баспен орныққан, сегізкөз мүйісіне саусақ жетпейді.

1. Диагнозы? 2. Талқылау. .

1Диагнозы: Мерзімі жеткен жүктілік. Көп босанған әйел. Асқынған акушерлік анамнез. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі. Нәресте гипоксиясы.

2. Талқылау. Жүкті әйел әйелдер кеңес орнына ерекше есепке тұрып, 2-3 апта бұрын перзентханада жатуы тиіс еді (клиникалық зерттеуден өтіп, босанудың жоспарын алдынала анықтау үшін). Көп босанушы әйелдің үш жыл бойы гипертония және пиелонефритпен ауырғаны, жүктіліктің қауіпті асқынуына (қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі) душар етті. Осы асқынуды және нәресте гипоксиясын ескеріп, әйелді жедел тек кесар тілігі арқылы босандыру қажет.

 

5-есеп. Босанып жүрген 36 жастағы әйел, толғағы басталған соң 4 сағаттан кейін перзентханаға түскен. Жүктіліктің мерзімі жетілген, қағанақ суы кетпеген. Түскен кездегі қ/қ 160/100 мм с.б., аяқтар ісінген, зәрде 1% белок бар. Әйел кенет бозарып , ішін кернеп тұрған ауру сезімі пайда болғандығына шағымданған. Жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің еш бөлігі анықталмайды. Нәрестенің жүрек соғуы әлсіз, минутына 90 рет, жатыр кернеуленіп сол жақ бұрышына қарай ығысқан. Тамыр соғуы 100 рет, жұмсақ, әлсіз толымды. Қан шығыны жоқ. Қ/Қ 150/90-ға дейін төмендеген. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы – 5см, қағанақ қуығы бүтін, кернеулі. Нәрестенің еш бөлігі анықталмайды. 1. Диагнозы? 2. Талқылау.

1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Нефропатияның ІІ дәрежесі. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Нәресте гипоксиясы.

2. Талқылау- қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінің диагнозы төмендегі клиникалық белгілерге сүйеніп қойылды: әйелдің кенет бозаруы, ішін кернеп тұрған ауру сезімі, жатырдың солға қарай ығысуы, нәресте жүрек соғысының сиректеуі. Дәрігердің тактикасы – әйелді жедел кесар тілігі арқылы босандыру.

 

6-есеп. Қайталап босанушы, 33жаста, босану мерзімі жеткен, жамбас өлшемдері қалыпты, толғақ басталған соң 6 сағаттан кейін перзентханаға түскен, қағанақ суы кетпеген. Алдыңғы 2 жүктілікте де мерзімінде босанған, соңғы жүктілігі де асқынусыз өткен. Объектілік зерттеулер: жағдайы қанағаттанарлық, қ/қ 125/80, іш айналымы 111см, жатыр деңгейі 37 см, нәресте ұзынша, кіші жамбас қуысының кіреберісінде баспен орналасқан. Басының тік өлшемі 12см. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 136 рет, кіндіктің сол жақ төменгі жағында естіледі. Толғақ 2-3 минут сайын ұзақтығы 40-45 секунд. Қабылдау бөлмесінде қағанақ суы кеткен.Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жайылған , 8см-ге ашылған, қағанақ қуығы жарылған, нәресте басы кіре беріс жазықтықта, бет жігі сол жақ қиғаш өлшемде, қас үсті, доғасы, мұрын түбі анықталады.. Мүйіске қол жетпейді. 1. Диагнозы? 2. Талқылау.

Диагнозы: 1. Жүктіліктің 38-39 аптасы, ірі нәресте. Нәрестенің бетімен орнығуы.

2. Талқылау – ірі нәресте және оның бетімен орнығуының диагнозы жатыр деңгейінің биіктігіне және іш айналым өлшемінің үлкендігіне, (қалыпты жағдайда, мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 95-100см тең) қынаптық зерттеуге сүйеніп қойылды. Әйелдің өзі босанады.

 

7-есеп. Перзентханаға Жүктілік мерзімі жеткен, босануы 2-рет 28 жастағы әйел түскен, бақылауда болмаған. Толғағы 6 сағаттан кейін басталған. Жамбас өлшемдері қалыпты, бүкіл денесі ісінген, тамыр соғуы 90-рет минутына, қ/қ 165/100 с.б., көру қабілеті анық, басының ауырғанын шағымданған. Зәрін қайнатқанда бірден ұйыған. Нәресте ұзынша орналасқан, басы үлкен сегментпен жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 140. Толғақ әрбір 2-3 минут сайын, қарқынды. Перзентхананың қабылдау бөлмесінде қағанақ суы кеткен, мөлшері 300 мл, тұнық. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбас қуысында. Төбе жігі оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жағында. 1. Диагнозы? 2. Талқылау, дәрігердің тактикасы.

Диагнозы: мерзімі жеткен жүктілік. Преэклампсия. Босанудың ІІ кезеңі. 2. Талқылау: әйелдер кеңес орнына әйел есепке тұрмаған, жүктілік кезінде ешқандай бақылаудың болмауы салдарынан, жүктілік ағымы гестозбен асқынған.Дәрігердің тактикасы: Жатыр мойны толық ашылған, нәресте басы жамбас қуысында, осы жағдайларды ескере отырып, әйелге наркоз беріп, «қуыстық» қысқышты салып босандыру.

 

8-есеп. Әйелдер кеңес орнының дәрігері босанып жүрген әйелді төменгі диагнозбен: жүктіліктің 34-35 аптасы, А.А.А (асқынған акушерлік анамнез), резус-қайшылықты жүктілік (антидененің титрі 1:24) перзентханаға жолданған. Мәліметтерінен: I-жүктілігі он апталығында өздігінен түсікпен аяқталған (жатыр қуысы қырылған), II –жүктілігін мерзімінде босанған, сәбиі үшінші тәулікте сарғайып шетінеген.Жатырдың деңгейі 34-35 аптаға сәйкес. Нәресте ұзынша, басымен орналасқан, жүрек соғуы 136 рет минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны сақталған, қатты, сыртқа ернеуіне саусақ ұшы енеді, нәресте басы кіреберіс жазықтыққа орныққан. 1. Диагнозы? 2. Мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіштер бар ма? 3.Дәрігердің тактикасы

Диагнозы:1) Жүктіліктің 34-35 аптасы А.А.А. (асқынған акушерлік анамнез).Резус (1:24)

2.Әйелді мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіштер: ААА, 2 жүктілікте сәбидың үшінші тәулікте сарғайып шетінеуі ) гемолитикалық аурудан). Антидененің титрі 1:24

3.Дәрігердің тактикасы- әйелге клиникалық – лабораториялық зерттеу жасау )узд), жатыр мойнын босануға дайындау, толғақты қоздыру ,нәресте гипоксиясының комплексті емін жүргізу, содан кейін әйелдің өзін босандыру. Кесар тілігін тек әйел өміріне қауіпті асқынуларда ғана жасайды.

.

9-есеп. 28 жастағы босанып жүрген әйел, перзентханаға әйелдер кеңес орнының жолдамасымен келген. Диагнозы: жүктіліктің 17-18 аптасы. Үйреншікті түсік. Мәліметінен: бірінші жүктілігін 5 жыл бұрын босанған; нәрестенің салмағы 4200,0 г. Босану кезеңдерінде жатыр мойны жыртылған. Екінші жүктілігі 20аптада, үшінші жүктілігі 22 аптада өздігінен аяқталған. Соңғы жүктілігі – төртінші. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, оның ернеулері бұрынғы жыртылған тыртықтармен өзгерген. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 2см дейін қысқарған, сыртқы өзегіне 1,5 саусақ енеді, қағанақ қуығы бүтін. Жатырдың көлемі 17-18 апталық жүктілікке сәйкес, қозбаған, жатырдың қосалқы мүшелері анықталмайды. 1. Диагнозы? 2. Талқылау. Дәрігерлік амал.

1Диагнозы: Жүктіліктің 17-18 аптасы, үйреншікті түсік. Жатыр мойнының жетіспеушілігі (И.Ц.Ж – истмикоцервикалды жетіспеушілік). 2. Талқылау: Әйелдің І босануында, жатыр мойны жыртылған дұрыс тігіс салынбау салдарынан жатыр мойнының И.Ц.Ж. дамыған (әйел екі түсік тастаған).Дәрігерлік амал – жатыр мойнына тігіс салу (Любимова – Мамедалиева тәсілі бойынша)


 

10-есеп. Патология бөліміне 32 жастағы әйел, жүктіліктің 36-37 аптасында түскен. Босану әрекетінің ауытқуына және нәрестенің ірілігіне байланысты, осыдан екі жыл бұрын әйелге кесар тілігі жасалған, перзентханадан 25-тәулікте шыққан. Әйелдің еш шағымы жоқ. Нәрестенің болжамалы салмағы – 3200г, жүрек соғуы анық, ырғақты, 136 рет минутына, жамбас өлшемдері 26-29-31-21.Объектілік зерттеуде: шаттан кіндікке дейін «жұлдызша» формалы операциядан кейінгі тыртық, кей жерлері созылған, сипап қарағанда төменгі жағы ауыртпалы.

1.Диагнозы? 2. Талқылау. Дәрігердің тактикасы қандай?

Диагнозы: Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жатыр тыртығы. Тыртық бойында жатырдың жыртылу қаупі.

2. Талқылау: Кесар тілігінен кейін әйел перзентханадан 25-ші тәулікте үйіне шыққан, оның кеш шығуы операциядан кейінгі асқынуға байланысты. Дәрігер әйелді бұдан 2-3 жұма бұрын перзентханаға жатқызуы қажет еді. «Жұлдызша» формалы тыртық, оның ауыртпалығын ескеріп – жатырдың жыртылу қаупі диагнозы қойылған. Дәрігердің тактикасы – әйелге жедел наркоз беріп, операция жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысышусы студенттер!

«Жетісай медицина колледжінде» колледжінде 3 курс акушерлер арасындағы сайыс сабағын ашық деп жариялаймыз!

 

Бұл сайыстың мақсаты:Оқушылардың меңгерген білім деңгейің анықтау, білімді,жан-жақты болуға үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, білім дайындығын анықтап, оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру.

 

Сайыс 3 кезеңнен турады:

1 кезеңі тестілеу болды желтоқсанның 12 де тест алынды, соның қорытындысы бойынша 23 студенттен 10 студент 2 кезеңге өтті.

 

2 кезең тәжіребелік іс-әрекетті яғни муляждардан көрсету.

 

3 кезең ситуациялық жағдаяттарды шешу (билет сұрақтарымен)

 

 

Сайс сабағымыздың төрешілерімізбен таныстырып өтейін

1.Колледж әдіскері- Жаутикова Г.С.

2.Клиникалық ЦӘК төрайымы- Мусаева П.А.

3. Акушерия пәні оқытушысы -Аллаярова Г.Х.

4.Арнайы пән оқытушысы -Алтынбекова Г.Б.

5. Арнайы пән оқытушысы- Шапанбаева Ж.Ж.

 

Енді сайысымызды бастаймыз. Студенттеріміз дайын болса

........

 

 

 

Қорытынды сөз

 

Әділқазылар сайыстың өту барысын , студенттердің дайындығын бағалап, қорытындылайды.Әрбір белсене қатысқан студенттерді атап өтеді.Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.


 

Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.


 

Жеңімпаздарды марапаттау.

I орын_____________________________________________________________

II орын____________________________________________________________

III орын___________________________________________________________

Осымен сайысымызда өз мәресіне келіп жетті !

Құрметті студенттер!Бүгінгі сайысқа қатысып ат салысқандарыңызға көп көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңзбен құттықтаймын.Баршаларыңызға денсаулық ,жұмыстарыңызда, оқуларыңызда табыстар тілеймін.

Осымен сайысымыз аяқталды.Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз