Өлең, жыр, ақындар

Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі

Оқытушы: Амирова Мадина Ермековна.

Пән: Мейіргерлік істегі психология негіздері және коммуникативтік дағдылар.

Тақырыбы:             Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Медицина қызметкерінің құзіреттілігін қалыпттастыратын психологиялық бағытты ұғыну.

Тәрбиелік: Медицина қызметкері, адам санасының психикалық заңдылықтарын біліп, дайын болуы қажет.

Дамытушылық:Науқас және медициналық қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас бір –біріне сенімділік орнатады.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ (баяндау,түсіндіру, сұрақ жауап, көргізбелі, деңгейлеп оқыту)

Сабақты өткізу жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі –  2минут

2.Үй тапсырмасын тексеру – 20 минут

3.  Жаңа сабақтыңитақырыбы мен жоспарымен таныстыру – 3 минут

4. Сергіту минуты- 3минут

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 42 минут

6. Жаңа тақырыпты бекіту және білімін пысықтау – 10 минут

7. Сабақты қорытындылау және бағалау- 5 минут

8. Үйге тапсырма – 5 минут

Қолданылған әдебиеттер:

1. М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю.В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар» оқулықтан

2.Г.А. Оразбекова «Дәрігердің коммуникативтік дағдылары» .

3. Интернет материалдары.

Сабақты өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі –  2минут

Оқушыларды түгелдеу, аудиторияның тазалығына назар аудару.

Үй тапсырмасын сұрау- 20 минут

Коммуникативтік процесс және коммуникативтік дағдылар туралы ұғым.

      Тақтаға үрленген шарлар тізіліп ілінеді, шардың сыртына деңгейге байланысты балл жазылады. Оқушылар балды таңдау арқылы шардың ішінде үйге берілген сабақ тақырыбына сәйкес  ситуациялық жағдаяттар жасырылған және сол тапсырмаларға жауап береді.

  1. Коммуникация дегенім не?

Адамдармен байланысу,бір – бірімен тілдесу, қарым – қатыеас орнату.

  1. Коммуникативтік дағдылар  дегеніміз не?

Медицина қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туыстарымен , әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым – қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

  1. Коммуникация тәсілдері?

Вербальды және вербальды емес коммуникация.

  1. Вербальды коммуникация дегеніміз не?

Адамдардың қатынасу үшін белгілі жүйе ретінде сөзді қолдану.

  1. Вербальды емес коммуникация дегеніміз не ?

Қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу)

  1. Коммуникативтік үрдіс  дегеніз не?

Ортақ әрекеттесудің қажетті шартты- арақатынас жасау арқылы  адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін – бірі тануы және қоса әрекеттесуі.

  1. Коммуникативтік құзіреттілік  дегеніз не?

Адамдар өзара әрекет пен қарым – қатынас тәсілдерін білуді, адамдар арасындағы сенімділік, бірін – бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этика сақтау,  дау – жанжалдарды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету,өз қателігін түсіне білу.

  1. Коммуникатор дегеніміз кім?

Аұпаратты жіберуші адам.

  1. Коммуникант дегеніміз кім?

Ақпаратты қабылдаушы адам.

  1. Коммуникация арнасы дегеніміз?

Жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы.

  1. Коммуникативтік білгерлік дегенім не?

Дәрігердің басқа адамдармен вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білу арқылы қарым – қатынас жасай білу қабілеті.

Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспармен таныстыру – 3 минут

Сергіту минуты- 3минут

Нұсқау: - Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы қандай тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз) .Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз) Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз). Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру – 42 минут

Сабақтың тақырыбы:Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі.

Жаңа сабақ жоспары:

1. Коммуникативтік құзіреттілік дегенімі не?

2. Императивті қатынас және диалогтық қатынастың айырмашылықтары.

3. Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.

4. Аффилиация, эмпатия, эмоционалды тұрақтылық, сезімталдық, рефлексияға анықтама беріңіз.

Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Медициналық қызметкер – науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап. Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.

Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
  2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
  3. Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.

Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету. Дәрігер науқастың ішкі жан-дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Осыған орай медициналық қызметкердің кәсіби қасиеті ретінде коммуникативтік толеранттылық - яғни сабырлық, аяушылық және т.б. айта кетуге болады. Мейірбикенің коммуникативтік толеранттылығы науқастың жеке ерекшеліктерін, оның ішінде жағымсыз қасиеттерін, оғаш қылықтарын обьективті түрде қабылдауы тиіс. Коммуникативтілік құзіреттілігінің қалыптасуының негізі ретінде қандай да бір әлеуметтік топқа, басқа да адамдармен қарым-қатынас орнатуға мұқтаждықта болу (қажетсіну). Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.

Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.

Басқа адамды түсіну және сезіну мейірбикенің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, мейірбике алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіруі қажет. Егер науқаста дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда дәрігердің алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды. Эмпатия – өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қунаыш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.

Осы жерге сурет

Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшйтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.

Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.

Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.

Жаңа тақырыпты бекіту және білімін пысықтау – 10 минут

Ситуациялық есеп:

1.Медицина қызметкері науқаспен сұхбаттасуға сенімділік туғызатын жағдай жасау керек. Медицина қызметкерінің іс-әрекеті.

2.  Медицина қызметкерінің белсенділік ролі доғарылып, ол пассивті (белсенді емес) сұхбаттасушыға айналуы неліктен.

3. Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер маңызды?

 Жауабы:

1. Бұл белсенді сұхбаттасудың әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі, сұхбаттың егжей тегжейдің толық ашылуы, пациенттің алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатыны анық . Бұнда медицина қызметкері науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді,бұнда медицина қызметкері ойын тікелей емес жанама түрде «сенімділік дистанциясын» айтуы керек. Мысалы: «егер бұл туралы әрі қарай айтқыңыз келмесе, келесі сұраққа көшейік». Бұндай коммуникация техникасының артында шын көңілден оның дертін анықтап, қолдау жасауды көздейтін, медицина қызметкерінің үлкен ықыласы жатады.

2. Науқас адамға тиісті уақыт беріліп, оның шағымдарын асықпай, ұқыпты, өзі таңдаған бір-ізділікте, қажеттілігі мен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.

3. Медицина қызметкерінің біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдық (сенситивтілік). Бұл қасиет медицина қызметкеріне науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін «кері байланыс»ролін атқарады. Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.

                                                          «3-2-1» әдісі

3 пікір – оқушылар осы сабақ барысында сабақтан үйренген үш нәрсені айтады .

2 сұрақ - оқушылар материал бойынша түсінбеген екі сұрағын жазады.

1 идея – оқушылар бүгінгі тақырыпқа сай өз ойларын қосады

Сабақты қорытындылау және бағалау- 5 минут

 Үйге тапсырма – 5 минут

М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю.В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар» оқулықтан 34-36 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ Сабақты бекіту – 15 мин

Медицина қызметкерінің біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдық (сенситивтілік). Бұл қасиет медицина қызметкеріне науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін «кері байланыс»ролін атқарады. Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.

Ситуациялық есеп:

1.Медицина қызметкері науқаспен сұхбаттасуға сенімділік туғызатын жағдай жасау керек. Медицина қызметкерінің іс-әрекеті.

2.  Медицина қызметкерінің белсенділік ролі доғарылып, ол пассивті (белсенді емес) сұхбаттасушыға айналуы неліктен.

3. Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер маңызды?

 Жауабы:

1. Бұл белсенді сұхбаттасудың әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі, сұхбаттың егжей тегжейдің толық ашылуы, пациенттің алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатыны анық . Бұнда медицина қызметкері науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді,бұнда медицина қызметкері ойын тікелей емес жанама түрде «сенімділік дистанциясын» айтуы керек. Мысалы: «егер бұл туралы әрі қарай айтқыңыз келмесе, келесі сұраққа көшейік». Бұндай коммуникация техникасының артында шын көңілден оның дертін анықтап, қолдау жасауды көздейтін, медицина қызметкерінің үлкен ықыласы жатады.

2. Науқас адамға тиісті уақыт беріліп, оның шағымдарын асықпай, ұқыпты, өзі таңдаған бір-ізділікте, қажеттілігі мен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.

3. Медицина қызметкерінің біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдық (сенситивтілік). Бұл қасиет медицина қызметкеріне науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін «кері байланыс»ролін атқарады. Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.

 

 

                                                   І -нұсқа

1.Вербальды емес коммуникацияға не жатады:

А)қақтығыс

Б)әрекеттесу

В)көз қимылы

Г) ақпарат алмасу

Д)сөйлесу

2.Медицина қызметкеріне қойылған дұрыс талапты көрсет

А) қаталдық, аз сөздік

Б) түсіну, ұқсастыру

В)дұрыс мінез

Г)аз сөздік

Д)ілтипатты, жылы жүзді

3.Науқас нені қалайды?

 А)күтім және емдеу шаралары үшін уақыт бөлу

Б)барлығы дұрыс

В) адамгершілік, біліктілік

Г)шешім қабылдауға науқастарды қатыстыру

Д)адалдық,ілтипаттылық

4. Коммуникативті дағды-коммуникатор бұл:

А)қатынасты жеңілдету

Б)ақпаратты жіберуші адам

В) жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы

Г) бағалай отырып тыңдау

Д)ақпарат тасымалдаушы

5.Қарым-қатынаста белсенді тыңдау техникасы:

А)науқасқа жақын отыру

Б)түрлі кеңестер

В)зерттеу, бақылау

Г)эксперимент жасау

Д)бас изеу, көзге қарау, бет жүздің илтипаттылығы

6. Вербальды коммуникация

А) ойлау

Б)ой қорытындысы

В)сөйлеу

Г)пікір

Д)мимика

7.Адам белсенділігін төмендететін психикалық күй.

А) стресс

Б) фобия

В)депрессия

Г) астения

Д)стения

8.Медицина қызметкерінің коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыратын  психологиялық мінездемесі

А) тақырыпты толық ашу және жүйелікті сақтау

Б) қабілетті тексеру

В)нәтижені бағалау

Г)тақырыптың маңыздылығы

Д) психология ережесі

9.Эмпатия нені білдіреді

 А)белсенді іс-әрекеттің орындалу қабілеті

Б)физикалық даму қабілеті

В)өз ойын дұрыс білдіру қабілеті

Г)науқасты тану қабілеті

Д)жанашырлық қабілетті

10.Мәселені шешуде екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы келіспеушіліктер мен қайшылықтардың ушығуы:

А)инцидент

Б)фрустация

В)конфликт

 Г)агрессивті әрекет

Д)пресуицидальды әрекет

ІІ - нұсқа

11.Коммуникативті біліктілік не нәрсеге мүмкіншілік береді?

А)тиімді диагностика жүргізуге

Б) дене қозғалысын ажыратуға

В)тілінің сөздік емес белгілерін түсінуге

Г) көз контактісін жасауға 

Д) тез сендіруге

12.Депрессивті науқаспен жұмыс жасауда медбикенің міндеті:

А)дәрі-дәрмек жазып беру, оның мөлшерін анықтау

Б) науқасты тыныштандыру

В) коммуникация орнату

Г)колдау, түсіну

Д)науқасқа қолдау ,демеу көрсету және өз қиындығын психологиялық тұрғыда

 түсінуіне көмектесу

13.Тиімді қарым-қатынас принциптері

А)айырмашылықтарды түсіну, сенімнің артуы, анық сөйлеу.

Б)интеракцияның жағымды бағыттылығы

В) басқа адамға деген қарым-қатынас

Г) эмпатия мен өзіндік бағалау деңгейі

Д)басқа адамға деген сенім

14.Аффиляция- бұл:

А) сабырлылық

Б)тұрақтылық

В)қатынас орнатуға көмектесу

Г)адамдармен бірге болуға ұмтылу

Д)эмпатия көрсету

15. Медбике және пациент арасында қарама- қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада қандай қатынастар орнайды?

 А)қарама –қайшылықты

Б)үйлесімді

В)тәуелді емес

Г)тәуелді

Д)мейірімді

16. Науқаспен сұхбат жүргізгенде қандай шарт болуы керек?

 А)ең бірінші науқастың шағымы бар ма?

Б) науқас сізбен сөйлесуге қарым-қатынасқа түсуге дайын ба?

В)сіздің айтқан сөзіңізді науқас тыңдап отырғанына көз жеткізіңіз

Г) құпия жасырын ойлары бар ма?

Д)қарым-қатынасқа ережесі

17. Медицинаның негізгі бағыты болып табылады:

А)профилактика

Б) науқастарды емдеу

В) науқас писихологиясын зерттеу

Г) жаңа дәрілік заттарды жасап шығару

Д)науқас этикасын зерттеу

 

18. Коммуникативті білгірлік(компетенттілік) дегеніміз:

А)  коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті

Б)медицина қызметкеріне толық сенім білдіру

В)науқас пихологиясын зерттеу

Г)тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету

Д)барлық адамдармен сенімділік және түсіністік жағдайға жету

19. Коммуникативтік потенциал-бұл:

а)науқас жағдайына эмоционалды көмектесе алуы

б) барлық адамдармен бірге болуға ынтасы

в) медицина қызметкерінің мүмкіндігі туралы сипаттама

г) өз қиындығын психологиялық тұрғыда

                    түсінуіне көмектесу

д ) науқас писихологиясын зерттеу

20. Коммуникативтік төзімділік (толеранттік)-бұл:

А)шыдамдылық мейірімділік қасиеттері

Б)кәсіптік  бейімделу кәсіби адаптация

В) жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі

Г) бұл көңіл –күйдің тұрақтылығы

Д) ) барлық адамдармен бірге болуға ынтасы

 

VІI  Қорытындылау – 3 мин

Оқушылармен кері байланыс, тәжірибелік сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

 

VІII Үйге тапсырма :

Фронтальды сұрақтар:

  1. Медицина қызметкерінің коммуникативтік білгерлігін құрайтын психологиялық сипаттамалар.
  2. Эмпатия дегеніміз не?
  3. Жемісті коммуникация үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер қажет?
  4. Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?

ІХ.Пайданылған әдебиеттер: М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю.В. Игнатьев «Коммуникативтік дағдылар» оқулықтан 34-36 беттер

Г.А. Оразбекова «Дәрігердің коммуникативтік дағдылары» .

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз