Орындаған: Тарғынова Қанағат Әбілбайқызы
Ғылыми жетекшісі: Рахметулла Дайана Нұрлыбекқызы
І. КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық қызығушылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қоса алады. [2]
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру;
- Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктерін
анықтау;
- Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын тәрбиелеу, оқыту барысында қалыптастыру жолдарын анықтау;
- Оқыту барысында балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану;
- Тіл дамыту пәні арқылы балалардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту үдерісінде дамыту.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: Психология
Зерттеу жұмысының деңгейі: Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау,оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту барысын-да ғалым – психологтар бір қатар зерттеулер жүргізіп, психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берген. Зерттеу әдістері: Тәжірибелі мамандардың ғалымдар мен ұстаздардың әдебиет пен журналдарын талдау және оны пайдалану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу барысында балалардың ойлау, қиялдау, айналаға деген көркемдік қызығушылық пайда болады. Балалар өздері жасап отырған іс-әрекеттің дұрыстығы мен маңыздылығын сауатты түрде түсінеді.
Зерттеудің жұмысының тәжіриелік маңыздылығы: Жұмыс нәтижесі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылық- тарын зерттеуге байланысты тақырыптарда балалардың дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруда балаларды жан-жақты дамыту. Тақырып бойынша мектепке дейінгі педагогтар үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалануы мүмкін.
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық – психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, ІІ тараудан, V бөлімшеден қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мектеп дейінгі мекемеде балалардың ойлау дәрежесі мен дербес іс- әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепке дейінгі мекемеде берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс- әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық мектепке дейінгі мекемеде оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде.
Оқу-танымдық қызығушылық - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділіктің негізінде балаларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады. Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер, психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер балалардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Балалардың ақыл- ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды. Оқу-танымдық қызығушылық туралы анықтамаларға талдау жасай отырып мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділік белгілері анықталады.
Оған мына үш белгі тән:
- Оқу-танымдық қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу-танымдық интелектуалдық сипаты;
- Оқу-танымдық қызығушылықтың реттеушілік сипаты;
- Сондай ақ, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету, т.б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.
Баланың ұжымдық таным қызығушылығын белсенді ету үшін ең алдымен олардың ойлау іс- әрекетін пәрменді ету керек. Баланың ойлау іс- әрекеті 3 деңгейден тұрады:
1) түсіну деңгейі;
2) қисынды ойлау деңгейі;
3) шығармашылық ойлау деңгейі;
Түсіну – тәрбиешінің іс-әрекет негізінде берілетін әрекет. Балаларға жаңа материалды берген кезде, онда талдау, абстракциялау, жалпылау, анықтау, салыстыру, қорытындылау және т.б. ой операциялары болып жатады. Аталған ой операциялары көмегімен бала тәрбиешінің оқу материалының қисынын, дәлелділігін бақылап отырады. Баланың ой белсенділігі оның өз бетімен тақырыпты оқып-үйренгенде күшейеді. Ол тақырыптың тек мазмұнын ғана ұғып қоймауы керек, сонымен қатар тақырыптағы баяндалған мәселелердің ең маңыздылығын бөліп ала білуі, қарастырылған деректік шындыққа жанасымдылығын, негізділігін және ой қорыту қисынын байқай білуі керек.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезеңі Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. Баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 207 ж.
2. Татуарова Н.Л., т.б. Мектепалды бағдарламасы. Алматы. 2021 ж.
3. Бақраденова А.Б., Баймұратова А.Б. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы. Рауан, 2015.
4. Б. Баймұратова, З.Д. Еденбаева. Изучаем казахский язык. Күншуақ. 5-6 жастағы балалар үшін. Әдістемелік нұсқау. Алматы-кітап, 2015.
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы. 2019 ж.
6. Қазақстан республикасының Тіл туралы заңы.
7. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды дайындық жастағы балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана, 2017 ж.
8. Қазақстан республикасы Мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы
9. Қазақстан Республикасы орта білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2018. -245 бет.
10. Сонда. Л. Н. Толстой. Пед. сочинение. Учпедгиз. М., 2013. стр,165.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі