Бөлім: |
10.4 АВеб жобалау |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты |
Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы |
Күні: |
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
HTML тілі құжатында графиканы қолдану |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
10.4.2.1 web (веб)-парақшаларды әзірлеуде HTML (аш ти эм эл)-тегтерін қолдану |
Сабақтың мақсаты: |
Негізгі тегтермен(IMG) танысып, web парақшаларды әзірлеу |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі / Уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы 2 минут
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуал анықталады
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқыту түрі: Жеке жұмыс Тапсырма. Өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. <p> тегіне анықтама беріңіз? 2. <br> тегіне анықтама беріңіз? 3. <ul> тегіне анықтама беріңіз? 4. <body> тегіне анықтама беріңіз? 5. <title> тегіне анықтама беріңіз? 6. <bgcolor> тегіне анықтама беріңіз? 7. <size> тегіне анықтама беріңіз? 8. <sub> және <sup> 9. HTML тілін қай жылы және кім ұсынды? 10. <widht> тегіне анықтама беріңіз?
|
Мұғаліммен амандасады
Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере отырып білімдерін тексереді.
|
Мұғалім оқушылар жауабына мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады. Ауызша мадақтау жүзеге асырылады.
|
TopIq.kz платформасы |
Сабақтың ортасы
5 минут
7 минут |
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында суреттер көрсетіледі. Әдісі: «Миға шабуыл» Дағды: Айтылым
Суреттерге қарап ,жауап беріңіз: 1.Суретте не бейнеленген? 2.Үш суретті өзара не біріктіреді? 3.Бүгінгі сабақтың тақырыбын атаңыздар?
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
Бетке сурет қою үшін <img> дара тегі қолданылады. Ол BODY элементінің кез-келген жерінде орналасуы мүмкін. Стандартты сурет форматтары GIF, PNG және JPEG болып табылады: JPEG – фотосуреттерді немесе мәтіні жоқ сұр реңктегі суреттерді сақтау үшін қолданылады; GIF – анимация үшін қолданылады; PNG – қалған суреттерге арналған формат (иконкалар, батырмалар және т.б.) Бірақ бұл тег міндетті түрде src, alt атрибуттарымен қатар қолданылады. Бұл тегтің бірінші, ең маңызды атрибуты – src атрибуты болып табылады. (ағылшын тіліндегі source – дереккөзі сөзінің қысқартуы). Бұл атрибут сурет файлының орналасқан жерін көрсетеді. HTML бетке суретті қою коды мына түрде болады: <img src=“foto.jpg”>
|
Берілген суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бере отыра, сабақтың тақырыбын атайды.
Мұғалім беріп отырған ақпаратты мұқият тыңдайды. |
Өз ойын білдіріп, сұраққа жауап берген оқуышыларды мадақтау сөздерімен ынталандыру.
|
Суреттер
Topiq.kz платформасы |
Топтық жұмыс
10 минут |
Оқыту түрі: Топтық жұмыс Әдісі: «Компьютерде орындаймыз» Тапсырма: «HTML тілі құжатында графиканы қолдану» тақырыбына байланысты практикалық жұмысқа отырамыз.
«Абай Құнанбаұлы» жобасы 1-топ «Ыбырай Алтынсарин» жобасы 2-топ Дағды: Жазылым және Айтылым
|
Оқушылар компьютерге отырып практикалық жұмысты орындайды. |
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
[5] |
Компьютер |
Жеке жұмыс
7 минут |
Оқыту түрі:Жеке жұмыс Әдісі: «Рәміздер»
|
ҚР Рәміздері туралы веб-парақша дайындау |
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
[5]
|
Интернет ресурстары, графика |
Сабақтың соңы 4 минут
|
Рефлексия Whatsapp арқылы оқушылардан кері байланыс алу.
Үйтапсырма: Жоба. |
Кері байланыс жасап, нәтиже балдарын талдайды. |
Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүзеге асырылады |
|
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Қазақстан көпэтносты мемлекет</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=aqua>
<font color=red>
<h3 align=center>Достық үйі</h3></font>
<br>
<img src=”01.jpg”width=100>
<img src=”02.jpg”width=100>
<br>
</BODY>
</HTML>
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі