Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Б Бегалиев атындағы орта мектебі ІІ-санатты
шағын орталық тәрбиешісі Құрманғалиева Жаңыл
Алтын күз
Мақсаты: Ата-анамен шағын орталық арасындағы байланысты нығайту. Балалалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Күз келсе сағынғаны қарашаны,
Ата-ана баласымен жарасады.
Қарсы алайық келеді жанұялар,
Қызықтайық қыздырып тамашаны.
Сайыс шарты:
1.Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл.(өздерін таныстыру)
2.Шебердің қолы алтын.( бұйымдарын таныстыру)
3. Кім жылдам (жұмбақ шешу)
4,Менің қиялым.( сурет салу, жапсыру)
5."Алтын күз" (бала тілімен)
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жанұя кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
І. Балалар өздерін таныстырады
ІІ.Келесі кезекте балалар аналарымен бірге дайындаған бұйымдарын көрсетіп, таныстырады.
ІІІ.Екі топ балалары бір-біріне жұмбақ айтып жарысады.
1. Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
"Қызыл қырман" тойлайсың,
Бұл қай кез деп ойлайсың? (Күз)
2.Аласы бар,жасылы бар, көгібар,
Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар. (Қарбыз)
3.Үстіне тігіп дәу шатыр,
Астында қызғылт дән жатыр. (Қызылша)
4.Жасыл-сары кемелер ,
Жер бетінде қалқиды. (Жапырақ)
5(.Барлығы қосылып) Біз кішкентай балдырған,
Қорықпаймыз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Ән : Жау-жау жаңбыр
6.Әрі қызыл,әрі тәтті
Жеген жанды таңырқатты. (Алма)
7. Алтын, сары тоны бар, қойнында дәні бар.
Не екенін тауып ал. (Бидай)
(Барлығы қосылып) Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Ойын: "Жапырақ жинау"
8. Піскен кезде шіркін-ай,
Бал татиды апырай. Ол не? (Құлпынай)
9. Бақшадағы қорегім, суды жақсы көремін
Қызанақтың алдында, гүлдеп өнім беремін.(Қияр)
10.Сары аланы көгенде көрдім,
Көгеннен алып, жегенде көрдім.(Қауын)
11.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні (Сәбіз)
Ойын: "Дәмін татып көр"
12. Мақтан еткен атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынды батырмыз. (Картоп)
13. Жетпіс қабат көп киім, өзім кием көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, түймелеуге жетпейді.(Қырыққабат)
14. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
15. Күннен көзін алмайды,
Мойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
16. Ән: "Балақан"
17. Қауын-қарбыз дей алмайсың,
Піскенменен жей алмайсың. (Асқабақ)
ІV.бөлім. (Балалар өздері салған суреттерін қорғайды)
V.бөлім. "Алтын күз" (Бала тілімен)
Барлығы қосылып: Қол ұстасып тұрайық,
"Балдәуренге" лайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі