№115 негізгі орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Ауелова Роза Спабековна
Сабақтың тақырыбы: Дені сау ұрпақ – елдің болашағы
Сабақтың мақсаты: Салауаттану – денсаулық туралы кешенді ғылым ретінде түсінікті қалыптастыру.Денсаулықтың құрамы бөлшектері туралы түсінік беру. Әрбір адамның денсаулығын сақтау мен нығайту жайлы түсінік беру.
Денсаулыққа зиянды заттарды қолданудан бас тарту. Өз денсаулығын сақтау және нығайту жолдарын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрінісі: Суреттер, мақал-мәтелдер,плакаттар
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Әнұран
І Ой қозғау.
Нұрлыбек: Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты,байыпты,ақылды,ойлы,білімдіізерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.
Алуа: Өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап,бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп,қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны,қысқасы олардың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни , адамның өмір салты қандай болса, өзі де сондай.
Бану. Ас – адамның арқауы дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ,денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады.
Нұрбек: Кез-келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен , шешесі белгілі: ол –орынсыз,артық ішкен ас! Сондықтан қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықты сақшысы.
Зарина: Батпайтын ас – жеген адмның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсің десең,шамадан аспа.
Аяжан: Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту,бос уақытты тиімді пайдалану,денсаулықты сақтау және нығайту,сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Алуа: Зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған,заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, нашақорлық,маскүнемдік,жаман әдеттердің ішінде жасөспірімдер арасында көп тарлғаны шылымқорлық – оның зардабы: бронхит,өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеп соқтырады. Темекі түтінін де 300-ден астам әртүрлі химиялық заттар,олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін,өте қатерлі у бар.
Аяжан: Дүние жүзінде тым тез тарп бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық. Бұл тажал адмның денсаулығын бірден жояды және оған жас организм бірден үйренеді.
Арайлым: Айдаһардың үш басындай арақ,темекі –ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген,болашағы жоқ адмадар. Саралап алсақ,осының бәрі адамның қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде.
Айдарбек: Туберкулез науқасы құрт ауруы деген атпен тараған. Туберкулез ауруының екі түрі бар: ашық түрі – туберкулездің микробактерияларын таратушы және жабық түрі,яғни жұқпайтын түрі.
Айгерім: Салауаттылық – саулық кепілі,ал саулық – байлық негізі.
Қуандық: Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені саулық – бай халық,халқының дені сау болып тұрса,мемлекеттің де мықты болып тұратыны сөзсіз.
Ақерке: жаны сау,тәні сау ұрпақ, аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай,көк туын көкке қарй биік көтерері сөзсіз!
Азатбек: Жаңа ғасыр азаматы – дені сау,рухани бай адам!
І топ көз ауруларына тоқталады.
Ақниет: Көзің екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып,зақымданғанда немесе қиқым түскенде білесіз. Осыған орай халқымыз ішің ауырса- аузыңды тый, көзің ауырса – қолыңды тый дейді
Алуа: Ымыртта, ала көлеңкеде,жарық нашар түскенде оқымаңыз,жазбаңыз,жұмыс жасамаңыз.
Алмат: Күндіз үйде жұмыс жасасаңыз,жарық сол жағыныздан түссін.
Қуандық: Жұмыс уақытында көзіңіз талса,жұмысыңызды қойып,көзіңіз дем алғанша терезеге қараңыз..
Айдарбек: Еш уақытта көзіңізді уқаламаңыз,қолыңызды тазалап жумай,көзіңізге тигізбеңіз.
Арайлым: Бөгде адамның бет орамалымен бетіңізді сүртпеңіз. Өзіңіздің жеке бет орамалыңыз болсын.
Айгерім: Оқығанда көз кітап бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей қашықтықта болу керек.
Көрініс.
ІІ топ тіс туралы қарапйым мәлімет береді.
Аяжан: Тіс мынадай бөліктерден тұрады – кіреуке,дентин,түбір,қызылкек,ұлпа,шемен.
Кіреуке – тістің сыртын, яғни қызылиектің бойынан жоғары орналасқан тістің бөлігін,жауып тұратын тістің ақ түсті,қатты ұлпасы. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа.
Азатбек: Дентин –тістің қатты негізін құрастыратын сары зат. Түбір – тіс еніп тұратын қуыста орналасқан шошақ пішінді тістің бөлігі,жақсүйекте талшықтар будалары арқылы қондырылған.
Бекзат: Ұлпа тіс өзегі,тіс қуысын толтырады, жүйке және қантамырларымен қамтамасыз етілген.
Баян: Қызылиек – тісті қоршап тұрған сілемейлі қабықша; өте тығыз және қалың болады, қантамырлары мен жүйке жүйесімен молынан қамтамасыз етілген.
Жантөре: Шемен – сүйекке ұқсайтын, тіс түбірінің дентин затын жауып тұратын тығыз ұлпа.
Зарина: Сәби жанадан дүниеге келгенде, әу бастан оның қызылиегінде тісі бар болып туылады.
Нұрлыбек: 7-8 жаста сәбидің алдыңғы сүт тістерінің орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Үлкен адамның тұрақты 32 тісі болады. 6 жасқа дейінгі балалар тістерін үлкен адамдардың қадағалаумен тазалағаны жөн. Балаларға тісті күніне 2 рет тазалау керектігін түсіндіру қажет.
Көрініс.
ІІІ топ тұмау ауруы туралы айтады.
Ақниет: Тұмау жұқтырғаннан кейін тез арада сұйықтықты,лимон,бал,итмұрын қосылған шайды молынан ішіңіз. С дәруменін,сарымсақ жеңіз.
Ербол: Дәрі-дәрмекті дәрігердің көмегімен,айтуымен ғана ішкен дұрыс.
Бану: Тұмау кезінде дене қызуын түсіру үшін мақта немесе зығыр матаны суық суға малыңыз. Аздап сірке суын, лимон шырынын қосуға болады, сығып алыңыз да, балтырыңызды ораңыз. 10-20минут ұстап , жылымай алып тастаңыз.
Алтынбек: Тұмау 5-7 күн бойына далаға шықпай,төсекте жатуды қажет етеді.
Аида: Тұмау болып ауырса да сабақтан қалмайтын оқушылар бар. Онысы дұрыс емес. Оларға айтарымыз: Өзіңізді аямасаңызда,қоршаған адамдарға жанашырлық танытыңыз!
Мейрамгүл: Тұмау болып ауырмау үшін жылы киініп,тамақты дұрыс ішіп,дұрыс ұйықтау керек.
Көрініс:
ІV топ сары ауру белгілеріне тоқталды.
Ақерке: Сары ауру - бауыр ұлпасының вирус әсерінен зақымдалуы. Қазіргі кезде вирусты гипатиттердің А,В,С,Д,Е түрлері бар.
Нұрбек: Сары ауру - балалар арасында жиі кездесетін жоғары тыныс жолдары мен ішектің жедел қабынуы ауруларынан кейін кең тараған жедел ағымды жұқпалы ауру. 3 жас пен 7 жас аралығында жиі кездеседі.
Ерзат: 10 күннен – 45 күнге, орташа 15-30 күнге созылады. Бұл кезеңде ауру белгілері білінбейді,бірақ қанда вирусты антиген мен бауыр ферменттерінің жоғары белсенділігін көруге болады.
Мейрамбек: Ауру 84 % балаларда жедел түрде дене қызуының 38-39◦С көтеріліп,улану белгілерінің – жүрек айну,құсуымен білінеді. Әлсіздік,басының ауруы,тәбетінің төмендеуі,сонымен қатар оң жақ қабырға астында,асқазан тұсында ауырсыну байқалады.
Ақбота: Дәрі-дәрмекті тек қана дәрігердің айтуымен ішу керек.
Руслан: Өршу кезеңі: бұл кезеңде науқастың жалпы жағдайы жақсарып,шағымдары азаяды. Алғаш көздің шырышты қабаттары,кейін бет,дене,таңдай,соңынан аяқтары сарғаяды. Сарғаю 1-2 күн ішінде ұлғаяды.
Өмірзақ: Жазылу кезеңі: бұл кезде балалар өздерін жақсы сезінеді. Бауыр көлемі қалыпты,кейде тез шаршауға,іш ауруына шағымданады. Бұл кезең 2-3 айға созылады.
Көрініс.
Мақал – мәтелдер.
Нұрлыбек: Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық- ақ жаулық.
Үшінші байлық- он саулық.
Жантөре: Тәні саудың-жаны сау.
Насиба: Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Айгерім: Жарлының байлығы – денінің саулығы.
Алуа: Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса жан тәтті.
Айдарбек: Он екі мүшең сау болса,
Қара басың ханмен тең.
Арайлым: Денің сау болса,жарлымын деме,
Жолдасың көп болса,жалғызбын деме.
Қуандық: Аяқ-азамат
Қол-мүлік,
Бас-сандық,
Тіл – кілт.
Нұрболат; Ауру кірді - әлек кірді.
Алмат: Ауру желмен кіріп,термен шығады.
Мейрамбек: Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
Аяжан: Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Руслан: Асқынған ауру насырға шабады.
Зарина: Сынықтан өзге аурудың бәрі жұғады.
Азатбек: Тұмаудың түбі құрт,
Тұманның түбі жұт.
Баян: Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
Аяжан: Аурудың зардабын ауру баққан біледі.
Ақниет: Батпандап кірген ауру,
Мысқылдап шығады.
Бекзат: Тер шықпаған аурудан дерт шықпайды.
Ақерке: Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Бану: Сырқат – тән жарасы,
Қайғы- жан жарасы.
Ербол: Уды у қайырады.
Ерзат: Екі ауру бір келсе,
Ажалыңның жеткені.
Аида: Ауруды елемеген өледі,
Дауды елемеген төлейді.
Алтынбек: Ауру адам айт күні өледі.
Нұрбек: Жан ауырса,тән азаяды,
Қайғы болса,жан азаяды.
Мейрамгүл. Қара көзден нұр кетсе,
Жарық күнің түн болар.
Ақбота: Аурудың алдын ал.
Өлең Аман болсын адамдар.
Аман болсын балалар,
Аман болсын аналар,
Дені сау болып елімнің,
Аман болсын адамдар.
Шуыл,айқай болмасын,
Мүшені аман сақтайық!
Айтқандарын екі етпей
Үлкендер үмітін ақтайық.
Жағымсыз істен аулақ бол.
Жақсы іске жақын бол,
Темекімен жау болғын
Адамдыққа асық бол.
Денсаулық жылы құт болсын.
Аман болып жер жүзі
Ауру бізге жат болсын.
Денсаулықты қорғайықшы, қорғайық, әдептен біз озбайықшы,озбайық!
Табиғатты қорғап,қоршап бәріміз, 2030-ға сыйлық етіп жолдайық.
Сабақты қорыту.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі