«Алтын күз» атты күз мерекесінің сценарийі.
«Күншуақ» 2 сәбилер тобы.
Керек заттар:үй,Қылжақбас-қуыршағы,қолшатыр,себет,кішкентай және үлкен орамал,кішкентай және үлкен жапырақ.
Мереке барысы.
«Күз келді» фонограммасымен залға кіру.
Күз:
Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар!
Мен - Алтын күзбін!
Жайдары,жарқын жүзбін,
Қонаққа келдім сендерге.
Әсел ерен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.
Ән: «Күз жомарт»
Күз:
-Қараңдаршы,балалар,
Мына жерде үй тұр екен.
Бұл үйде кім ұйықтап жатыр?
Тук-тук-тук,мұнда кім тұрады?
Бізге кім есікті ашады?
(Күз есікті қағады,ешкім ашпайды)
-Балалар,ешкім жауап бермейді.Не істесек екен?Кәне,барлығымыз аяғымызбен қаттырақ топылдатайық.
(Қылжақбас қуыршағы үйден сығалайды)
Күз:
-Сәлеметсің бе,Қылжақбас,
Жарқыраған қуыршақ.
Қылжақбас:
-Сәлеметсіздерме,балалар!
Сәлеметсіздерме,қонақтар!
Күз:
-Балалар,Қылжақбасқа қол бұлғайық!
Қылжақбас:
-Мен бүгін қуныштымын,көңілдімін,
Көптен күткен күз мерекесі келді.
Күз:
-Олай болса,біз сенен күз туралы айтып беруіңді сұраймыз.
Қылжақбас:
Бұтақтардан сөгіліп,
Жапырақтар төгіліп.
Ұшып жатыр жүз мыңдап,
Жинап алдым уыстап.
(Жапырақтарды Күзге береді)
Ал ендеше,балалар,
Бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақпен сиқырлы,
Қосылып тез билеңдер.
Би: «Жапырақтар»
Қылжақбас:
-Жарайсыңдар,балалар!
Тағы қандай өнер бар?
Күз:
-Қылжақбас,үйден шығып,бізбен бірге ойна.
Қылжақбас:
-Жоқ,жоқ,мен қорқамын!
(Қылжақбас тығылып қалады)
Күз:
-Неден қорқасың?Тезірек шық!
Қылжақбас:(шығады)
-Жоқ,жоқ!Балалар сондай үлкен,ал мен болсам кішкентаймын,олардың арасында жоғалып кетсем.
Күз:
-Қылжақпас,менде сиқырлы себет бар.Оған не салсаңда үлкен болып өсіп кетеді.
Қылжақбас:
-Рас па?Кәне тексеріп көрейікші!
Күз:
-Тексерсек тексерейік.Міне қараңдаршы: кішкентай орамал.Оны сиқырлы себетке саламын.Балалар,маған көмектесіңдер – алақанымызды соғамыз.
Алақанды соғамын,соғамын,
Орамал үлкен болып шығады,шығады.
(Үлкен орамалды алып шығады)
Қылжақбас:
-Қандай тамаша!Балаларда көмектесті!Тағыда тексеріп көруге болама?
Күз:
-Әрине!
(Ойын жапырақпен қайталанады)
Қылжақбас:
-Ал маған себетке болама? Менің де үлкен болғым келеді.
Күз:
-Әрине болады!
(Күз үйге кірген сияқты жақындайды)
-Секір!
(Қылжақбас себетке секірген сияқты болады)
Күз:
-Балалар,көмектесіңдер!
(Әуен ырғағымен үлкен Қылжақбас шығады)
Қылжақбас:
-Көңілді мен ойыншықпын!
Қылжақбаспын енді үлкен!
Орманды аралап,саңырауқұлақ мен терген.(мухоморды көрсетеді)
Күз:
-Қылжақбас,оның не! Бұл саңырауқұлақтар әдемі,бірақ оларды жеуге болмайды.
-Қарашы,біздің мухоморлар қалай әдемі билейді.
Би: «Мухоморлар – саңырауқұлақтар»
Қылжақбас:
-Расында өте әдемі билейді екен.Қандай жақсы балалар,жарайсыңдар! Рахмет,сендерге.(Балалар орындарына отырады)
-Жаңбыр жауды далада,
Тереземіз тық-тық
Айналамыз тамаша,
Ән айтамыз жаңаша.
-Кәне,жаңбыр туралы ән айтайық.
Ән: «Жаңбыр»
Қылжақбас:
-Жаңбыр,жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен.
Қолымызда қолшатыр,
Кел,ойнашы бізбенен.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Қылжақбас:
-Күз айы тамаша,
Ән айттық жаңаша.
Би-билеп бәріміз,
Қуандық балаша.
Күз:
-Күзгі алма сендерге,
Жинап-теріп әкелдім.
Дәмді болып пісіпті,
Бақшамдағы жемістер.
Ас болсын,дәмін татыңдар!
(Күз балаларға алма таратады)
-Құрметті ата-аналар,балалар! Осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі күз мерекесін бірге, амандықпен қарсы алайық. Қош сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі