Өлең, жыр, ақындар

Ақ Орда (XIV-XVғасырдың басы)

ОҚО. Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі Жолдықараева А. 7-сынып

 

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Ақ Орда  (XIV-XVғасырдың басы)

Сабақтың мақсаты:

Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, жер аумағын, ішкі-сыртқы саяси жағдайын, шаруашылығын оқып түсіну.

Оқыту нәтижелері:

Ақ Орда мемлекетінің қай ұлыстың орнына құрылғанын анықтайды,Ақ Орданың алып жатқан жері мен орталығын біледі, этникалық құрамын түсінеді,ішкі-сыртқы саяси жағдайын талдайды, Ақ Орданың мемлекеттік күш қуатын нығайтқан хандарды таниды.

Негізгі дерек-көздері:

Оқулық,үлестірмелі қағаздар. Плакат, маркер,стикер. Электронды оқулық. Презентация.

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Бағалау

Кіріспе

2  мин

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып зейінін сабаққа аударту.

Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңберін» құру.Жылы тілектер айту.

Ұлыстардың атауымен топқа бөлу

Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралын дайындап,зейінін сабаққа аударады. Оқушылар бір-бірінің қолын ұстап шеңбер болып тұрады. Жылы сөздерін айтады.  

 

Төрт топқа бөлінеді

 

Вербальді бағалау

Үй тапсырмасын сұрау

10 мин

 «Досыма хат»  әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар бір-біріне үйге берілген тапсырма бойынша хат жазады, топ болып алмасады.  Әр топтан ең жақсы жазылған хат таңдалынып бағаланады.

 

 А4

Қол шапалақ

Жаңа сабақ таныстырылымы

15  мин

Ой шақыру.

Сабақтың тақырыбын түрткі  болу сұрақтарын пайдаланып  ашып алу.

 

«Қонақ болу» әдісін қолдану. Әр топқа тақырыпшаларды бөліп беру.

1-топ Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы

2-топ. Орданың ішкі-сыртқы жағдайы

3-топ. Ақ Орданың өз тәуелсіздігі үшін күресі

4-топ Шаруашылығы

 

Оқушылар топ болып сұраққа жауап береді.

 

 

Әр топ өздеріне міндеттелген тапсырманы  талқылайды, талдайды. Енді топта  оқушылар бір-біріне түсіндіреді.

Түсінгендерін қағазға түсіріп, келесі топқа қонаққа барып түсіндіріп шығады.

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

 

 

 

 

 

Бас бармақпен

Жаңа сабақты талдау

10 мин

1-топ «Сәйкестендіру»

2-топ Хандарды ретімен қою

3-топ «Ассоциация әдісі»

4-топ «ВЕНН диаграммасы»

 

 

Алынған ақпаратты оқушылар топта талқылап плакатқа жазады.

Плакат, маркер,

Мақтау, мадақтау

Жаңа сабақты қорытындылау

5-мин

«Түртіп алу» әдісі

Оқушылар алынған ақпарат бойынша кесте толтырады

Плакат, маркер

Мадақтау.

Рефлексия

1 мин

Бүгінгі сабақтан білдім, үйрендім

Қиындықтар кездесті бірақ жеңе білдім

Түсінбедім

 

 

Стикермен плакатқа жапыстырады

Стикер, плакат.

Кері байланыс

Бағалау

1 мин

Бағалау парақшасын алып қорытынды бағаны шығару.

Топ басшысы бағалау парақшасына бағалайды.

 

Формативті, сумативті бағалау.

Үйге тапсырма

1 мин

Үй тапсырмасын беру.24 оқу. 

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.

Күнделік

Алған бағаларын күнделікке қою.

 


Пікірлер (3)

Рано

Өте жақсы жоспарланған

Рано

Жолдықараева Ақмарал салем

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз