Әдіс – тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті карандаш.
Сөздік жұмыс: қоңырау.
Билингвальды компонент: дыбыс – звук, ұзын сөз – длинное слово, қысқа сөз – короткое слово.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивация-лық- қызығушылық |
Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, есікті қағады. Қоңырауды сылдырлатады. Қағазды ұмаждап не естігендерін сұрайды. Қоңырау – темірден жасалған, үн шығаратын құрал. |
Балалар педагогтің жасаған іс – әрекетіне мұқият қарайды. Әртүрлі дыбыстар естілетінін айтады. |
Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік |
-Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер. -Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме? -Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы, «А – а» десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ад дауыссыз дыбыстарды – көк текшемен белгілейміз. Мысалы, «т» дыбысын айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? -«Т» дыбысының айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің түбіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Дем тіл ұшы мен тістің арасынан шығады да, «т» дыбысы жасалады. Педагог «т» дыбысының әрпін көрсетіп таныстырады, ауада жазып көрсетеді. -«Т» дыбысы – дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыстың көмегімен айтылады. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Педагог кеспе әріптерден тақтаға сөз жазады. -«Ат» - бұл сөзде неше дыбыс бар? -Дұрыс айтасыңдар, «ат» сөзі екі дыбыстан құралған. Ал осы сөзге тағы «а» дыбысын жалғасақ, қандай сөз шығады? Дұрыс «ата» сөзі шығады. -«Ата» сөзі неше дыбыстан тұрады? -«Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап айтыңдаршы.
Сергіту сәті. Торғай ағаш қорғайды, Шыр – шыр еткен торғайды, Қорғамасаң, болмайды. Кіп – кішкентай торғайлар, Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. (М.Әлімбаев) Педагог балаларға «сөзді» түсіндіреді. -Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Сөз дыбыстардан құралады. «Кім не біледі?» ойынын ойнату. Ойлаған сөздерді буынға бөлейік. -Әр буында бір дауысты дыбыс болады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз (балаларға көрсету) Педагог әліпбиді көрсете отырып, «Әліпби сыры» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Әліпбидің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде, түсінші? «А» деген ол- Аналар ғой ардақты. «Ә» деген ол- Әкелер ғой салмақты. «Б» деген ол- Балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей, сондықтан да расында Тұрады олар, Алфавиттің басында. Педагог балаларға өлең мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді қайталатып айтқызу арқылы жаттап алуды ұсынады. -Ал енді тақтадағы буындарды, қысқа сөздерді оқиық. Буындарды оқу: ТА, ТО, ТҰ, ТЫ, ТӘ; қысқа сөздерді оқу: ТАМ, ТАУ, АТА, ТОН. -Жақсы балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады. (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады) Қаламдарды санау арқылы жеңімпаз анықталады. Билингвальды компонент: дыбыс – звук, ұзын сөз – длинное слово, қысқа сөз – короткое слово. Дәптермен жұмыс: дәптердегі №5 тапсырма бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізіледі. |
-Дыбыстар әртүрлі болып естіледі.
Балалар педагогке ілесіп қайталайды: «А – а».
Балалар «т», - деп айтады.
Балалар «т» дыбысын ауада жазады.
-Екі дыбыс бар.
-Ата.
-Үш дыбыстан. -Торғай, тоқылдақ, тон, темір, тері, тиін, түлкі.
Балалар өлең мазмұнына қарай қимыл – қозғалыстар жасайды.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. (Қолдарын шапалақтап отырып, буынға бөледі) -Тор – ғай, то – қыл – дақ, те – мір, те – рі.
Балалар өлең мазмұнына мән бере, назар сала ынталарымен тыңдайды.
Балалар естерінде сақтау арқылы өлеңді жаттап алады.
Балалар «Сөз жарысы» ойынын қызығы да жарыса ойнайды. Бала. Дала. Түйе. Шие. Құлақ. Тақта.
Қайталайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексті – коррекция-лаушы |
Педагог сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.
-Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?
-Дыбыс қандай болады? -«Т» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Балалар жауаптарын педагог толықтырып, қорытындылап қайталайды. |
Балалар педагог қойған сұрақтарға толық та тиянақты жауап беруге тырысады. -Дыбысты естиміз, сөз бір нәрсе туралы ұғым. -Әртүрлі болады. -Дауыссыз дыбыс.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жаңа дыбыстан басталатын сөздерге мысал келтіреді, өлең мазмұнын түсініп, жаттап алады, сөздерді буынға бөледі, қысқа буындарды оқиды, дәптердегі тапсырманы.
Түсінеді: дыбыстардың айырмашылығы қандай екенін, сөз буыннан, буын дыбыстан құралатынын, жаңа дыбысқа сөз ойлай білуді.
Қолданады: кеспе әріптермен дыбыстарды қосып оқуды, сөз жарысында жылдам ойланып, бірнеше сөз айта білу дағдыларын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі