Мұханова Сымбат Күзембайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Сыныбы: 3 Пәні: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ашық хат түрлерінің ерекшеліктерімен сонымен қатар ашық хатты әшекейлеу түрлерін үйренеміз;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, компьютер, түрлі – түсті қатырма қағаз, қайшы, желім.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен амандасу;
- қажетті құралдарын түгендеу;
- жұмыс орнын дайындау;
ІІ. Психологиялық дайындық: Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
/ Латын тілінен аударылған, дөңгелек деген мағынада /
жұмысшылар өлшеуіш және белгілеуіш құрал ретінде пайдаланады /
Жаңа тақырыпты « Адасқан әріптерді орнына қой » әдісі бойынша табу
ІV. Жаңа сабақ: Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру
Әр адам өз қолымен жасаған дүниесін, шын ықыласымен, бар ынтасымен, шынайы сезіммен, жасайды. Ал сезіммен, шын ықыласпен жасаған зат адамға - әсемдік, қуаныш, шаттық, бақыт, сұлулық сыйлайды екен. Балалар сендерге « Ашық хат » туралы мәлімет беріп өтейін.« Ашық хат » - айтылған лебіз немесе тілек жазылған хат. Ашық хат – тарихқа сүйенер болсақ тым ежелде осыдан 150 – 200 жыл бұрын шыққан. Әр елде , әр түрлі жолмен шыққан. Ағылшындардың айтуы бойынша ең алғаш « Жаңа жылдық » ашық хат 1794 ж шыққан. Ал Ресейге бастапқыда Германиядан әкелінген. Ресей халқы ең алғаш өз « Жаңа жылдық » ашық хаттарын Петербургте 1898 ж шығарған.
V. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Жел улейді у – у
Қанатымызды жаямыз Құйын соғар зу - зу
Оңға солға бұрылып, Қатты – қатты жел соқты,
Сірігіп біз қаламыз. Жапырақтар қол соқты
Енді балалар ашық хат туралы мағлұматты есте сақтап , білген болсақ өз тәжірибемізбен алмасып жасап көрейік. Ол үшін бізге қатырма қағаз, желім, қайшы, сызғыш қажет.
Жұмысымызды бастамас бұрын біз түс таңдаймыз. Яғни І топ көк түс , ІІ топ сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Осы 3 топ ашық хатқа терезе жасау үшін 3 түрлі фигура таңдайды.
Көңілді және жылы түстер: сары , қызыл, жасыл
Көңілсіз және суық түстер: көк, көгілдір
VI. Сарамандық жұмыс
Жұмысымызды жасап болсақ, өз қолымызбен жасалған ашық хаттарымызды толтырып достарымызды, ұстаздарымызды құттықтап, тілек жазамыз.
VII. Сабақты бекіту :
Сұрақтарға жауап беріп отырып төртбұрыш ішіндегі әріптерді тізбектесек қандай сөз шығар екен.
1. Айтылған лебіз немесе тілек жазылған хат? / ....ш.....қ ....ат / /а, ы, х/
2. Білім ордасы? / ....ект....п / / м, е /
3. Бұл қандай сабақ? / ....ңбек /
4. Гүлдің аты ? /р...з..../ / о, а /
5. Ең жақсы баға? / .....ес /
6. Өз атын өзі шақыратын құс? / к.....к.....к / /ө, е /
VIII. Қорытынды: Өз қолыңмен, ықыласпен, бар ынтамен жасаған ашық хаттың
рухы болады дейді. Шын көңілмен, ыстық ықыласымызбен тілек білдіргіңіз келсе
өз қолдарыңызбен ашық хат жасап құттықтаңыздар!
IX. Үйге тапсырма.
Аяла
Күшті!!