Қызылорда қаласы, «Парасат» мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қыдырбай Салтанат Ақзадақызы
Сыныбы: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мәлімет бере отырып,етістіктің күрделі және дара түрлерін таныту,салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін түсіндіру, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау.
Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,өз бетінше, жұмыс істеу жаттығулар орындау шеберлігін, машығын,сөздік қорын, қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды таза, ұқыпты, тиянақты жазуға және тапсырманы түсініп отырып орындауға тәрбиелеу.
Міндеті: Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы дара және күрделі етістіктерді меңгерту.
Типі: Жаңа білімді меңгеру.
Түрі: аралас
Әдіс-тәсілі:түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекілігі: сызбалар,суреттер,ережелер,жаттығулар.
Сабақ барысы
- оқушылармен сәлемдесу;
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
374-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрап жазу.Етістіктерді табу.
Сұрақтар:
1.Етістік болатын сөздер айт.
2.Етістіктің сұрақтарын көрсет.
3.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
4.Етістіктің ережесін еске түсіру.
Заттардың қимылын ,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
III.Үй тапсырмасын бағалау.
IV.Жаңа сабақ: (тақырып жазылады, ереже ілінеді, түсіндіріледі, суреттер ілінеді)
Ережені тақтадан оқу.
(Етістіктерге байланысты суреттер тақтаға ілінеді. Сурет арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар суреттен сөйлем құрап, етістіктерді табады.)
Етістік
Дара Күрделі
Дара етістік |
Күрделі етістік |
Барды Келді Алды Айтты Жүрді |
Барып қайтты Келе жатыр Алып кетті Айтып отыр Жүре бастады |
375-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. 2.Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. 3.Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
376-жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Ұшты,күреді,құйды,үйді,сүзді.
Дара Күрделі
Ұшты ұшып кетті
Күреді күреп жүр
Құйды құйып отыр
Үйді үйіп қойды
Сүзді сүзіп алды
Сергіту сәті
Күнде ерте тұрамыз
Беті-қолды жуамыз.
Мектепке біз келеміз,
Биіктерге жетеміз!
377-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
378-жаттығу. Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
Көздеді, ойлап жүр, келе бастады, көрді, тоқып жатыр, шомылды.
2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Шығармашылық жаттығу
379-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Сурет бойынша талдау жасау.
V. Үйге: Ереже жаттау.Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып «Спорттық ойындар» тақырыбына әңгіме құрап келу.
VI. Бағалау.
Айсулу
Периметрді қалай табылады
Әкежан
А=12см б=7см P=a+b+a+b
Айсауле
Білім ал kz маған қатты ұнады
Динара
Күшті түсіндірілген
Aisha
Периметрді осылай табады:
P=(a+b)•2
Мағжан
Мм жақсы
Мағжан
Өтте керемет
Айсана
Пайдама жарады