О.Қ.О . Шардара ауданы
«Достық» ЖОМ
Пәні: Өзін –өзі тану
Сыныбы: 8/9/10сыныптар арасында
Пән мұғалімі: Қасымова Алия
Өзін –өзі тану бағыты бойынша
«Жігіттер сегіз қырлы, бір -сырлы бол» атты жігіт сұлтаны сайысы
1)жүргізуші
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ассалаумағалейкүм салты елдің.
Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,
«Қырағы жігіттері» мектебімнің.
2) жүргізуші
Ассалаумағалейкум Ұстаздарым,
Ассалаумағалейкум Құрдастарым.
Қазақтың салт –дәстүрін қадірлейтін,
Үкілі жүргізуші қос –қыздарың.
1) жүргізуші
Жігері ұлдай болған –«Ұлбосын қыз»
Дидарына көз тоймас қарасаңыз,
Қазақтың қызы болсаң осындай бол!
Сөзіне балдай тәтті сіз балқырсыз.
2) жүргізуші
Ажары айдай болып жаратылған,
Айкүміс арамызда айдай туған.
Маржандап сөз кестесін тіккен кезде,
Сіз түгіл табиғат та,таңдай қаққан!
1) жүргізуші
Дүбірлі сайыс бүгін елімізде,
Пейілі ақ,қонақжай -жерімізде.
«Сын шақта шыңдалған- жігіт қана»
Лайық «Сұлтан» -деген мәртөбеге
2) жүргізуші
«Сұлтаны жігіттердің» анықталсын!
Өнеріне мына жұрт- Қанық болсын!
Дүбірлі қошаметпен шақырайық,
Сайыскер жігіттерге табыс болсын!
«Жігіт сұлтанына» қатысушы жігерлі жігіттерімізді қошаметпен ортаға шақырамыз:
1)8а) сынып оқушысы “_____________»
2)8ә сынып оқушысы“_____________»
3)9а сынып оқушысы“_____________»
4)9ә сынып оқушысы“_____________»
5)9б сынып оқушысы“_____________»
6)10а сынып оқушысы“_____________»
7)10ә сынып оқушысы“_____________»
1) жүргізуші
Қазыбектей халқыңның данасы бол,
Қарабастай жұрттыңның бабасы бол,
Елін қорғап дұшпанға соққы берген
Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол,
2) жүргізуші
Марабайдай-ақының жүрегі бол.
Еліңе Нұралыдай- айтулы бол,
Қобыланды батырдай- Белгілі бол.
Елімнің Ер жігітке сенімі- мол !
1) жүргізуші
Деп қазақ бата берген ұлдарына
Үңілсең мағына көп -астарында,
«Қазағым өсіп –өніп ,көркейсін!»- деп
Қалдырған өсиетті де, батаны да!
2) жүргізуші
Сөз алдық алдыңызда қос көгершін
Әділдікпен беретін өз төресін,
Сіздерді салтанатпен таныстырам
«Әділ –қазы» шынайы- біз сенетін!
1) жүргізуші
Таудай асқақ бойы бар,
Бойына сай ойы бар.
Қызметі де кем емес,
Тәртіпке салар бәрін тез!
Әділ –қазылар алқасының төрағасы: Мектебіміздің тәрбие –ісі жөніндегі меңгерушісі:Мамақов Сейдуәлі ағай
2) жүргізуші
Жаңа келсе де мектепке,
Бауыр бастық біз демде.
Әділ болар ИНШАЛЛАХ,
Бүгінгі сайыс кешінде!
Әділ –қазылар алқасының мүшесі Мектебіміздің Иновациялық меңгерушісі:Исаева Сауле апай.
1) жүргізуші
Жарқырап ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Білімін таразыға салып көрсең ,
Бір тонна алтының да, баса алмайды.
Әділ –қазылар алқасының мүшесі Қазақ тілі ж/е қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Сералиева Айжамила апай!
__________________________
2) жүргізуші
Жігітті серілікке баптайтұғын,
Мүлт кетсе, қатаң түрде даттайтұғын!
Бітімін батырлардың жасап берер,
Намысын -тізгініне байлап тұрып!
Әділ –қазылар алқасының мүшесі:
Дене шынықтыру пәні мұғалімі:
1)жүргізуші
Аппақ ашық ажары
Сахнада назары
Есеп қисап жасайды
Ұпайға қойған бағаны.
Әділ –қазылар алқасының мүшесі
Математика пәні мұғалімі:_________________Нұржамал апай
2) жүргізуші
Сап түзеді жігіттің сұлтандары
Мектептің «менмін» деген ұландары
Қоржыннан бір –бір асық алса екен
Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.
Жігіттер бір-бір асықтан алады.
Жігіттер асықтағы сандарды атап шықсаңыздар!: (Жігіттер атап шығады.)
Енді осы аталған сандардың реттік қатары бойынша сахна төріне шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!
1жүргізуші
Ал ендеше бастайық,
Әдептен біз аспайық
Сайысты ашып беретін,
Әнмен шашу ететін
Сыныбының еркесі
Айбек шықсын ортаға!
2жүргізуші
Алдарыңызда 8а сынып оқушысы
Сейітхан Айбектің орындауында«Қазақ осы»әні
1) жүргізуші:Рахмет Айбек!
Сәлем сөздің анасы,
Деген бар ғой қазақта.
Жігіттердің сайысы,
Сәлемімен басталса!
2) жүргізуші
Жеті атасын білмейтін,
Жетесіз ел емеспіз.
Өзіңізді жігіттер ,
Таныстырып өтесіз!
Алдарыңызда : СӘЛЕМДЕСУ,ТАНЫСТЫРУ сайысы.
1) жүргізуші:
Төсбелгі тағып алған кеудесіне,
Жігіттер қалар енді- ел есінде.
Ұран сап жауға шапқан «атам қазақ» «ҰРАНменТӨСБЕЛГІСІН»талдап алсақ!
2жүргізуші
Ұраны намысты ма,ат-үсті ма?
Төсбелгі шеберлікпен салынды ма?
Қазылар зейін салып талдаңыздар, Жігіттің болмысына, қалыбына!
Төсбелгі мен Ұранын қорғау сайысы!(Жігіттер төсбелгі мен ұранын қорғайды.)
1) жүргізуші:
Өнерлі өрге шабады,
Жігіттер қайда манағы?
Бап емес бақ шабады,
Қазылар болар қырағы!
Алдарыңызда өнер сайысы.Ән, би, немесе өлең оқу.Жігіттер реттік номерлеріңіз бойынша сахнаға шығыңыздар.
2) жүргізуші
.Шынықсаң шымыр боласың
Намысқа кеуде толарсың!
1 ) жүргізуші:
Бастайық енді сайысты
Спорттық ойын-жарысты!
Алдарыңызда шынықсаң шымыр боласың сайысы
Сайыстың шарты:
Әр жігіт өз сыныптасымен Арқан тартысады және білек сынасады.
3-сыныптық сайыскерлер жеңілгені ойыннан шығып, жеңгені келесі өз сыныптасымен сайысады.
2жүргізуші
Ата-баба Дәстүрін,
Қаншалықты бағалар!
Жігіттердің ақылын,
«Сұрақ –жауап» шамалар.
Қазақтың салт-дәстүріне байланысты «сұрақ-жауап» сайысы! Жігіттер бәріңіз сахнаға шығып қоржыннан асық аласыздар,Асықтағы сан сіздің билет номеріңіз болады! Билеттігі үш сұраққа жауап кімде дайын болса жауап беруіне рұқсат.
1) жүргізуші:
Білекте күш те, қайрат та,
Санадағы ой да, салмақты!
Қол өнерін байқайық,
Бал тамған он саусақтан!
Жігіттердің шеберлігін байқайтын сын Үй Жұмысына берілген «Қол өнер» сайысы. Қол өнерлеріңізді реттік сандарыңызбен халыққа таныстырып
әділ-қазылар алқасына тапсыруларыңызды сұранамыз!
2жүргізуші
Келесі сайысқа жігіттеріміз дайындалып алғаншаСейітхан Айбектің орындауында «Жаса қазақ жігіттері» Әні
1) жүргізуші:
Байырғы қазақ киімін,
Алдыңызға үлгі етер.
Қазақтың салты, дәстүрі,
Санаңызды нұрлы етер!
Алдарыңызда ұлттық киімдер сайысы.
ЖІГІТТЕР СІЗДЕРГЕ КӨП РАХМЕТ!
2)жүргізуші
Осымен біз сайысты тәмәмдаймыз,
Жігіттердің сұлтанын сіз таңдайсыз.
Ата-баба дәстүрін қадір тұтып,
Жаңғыртып отырудан біз талмаймыз!
Әділ –қазылар алқасының шешімі дайын болғанша «_______________» өнерін тамашалаңыздар!
Уля
Керемет
Гулнар
Керемет өте жақсы жазылған
Гулнар
Керемет өте жақсы