Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
№9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Өмірәлі Гүлжазира Сансызбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Санды онықтарға көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : 1. Оқушыларға санды ондықтарға көбейту және бөлу жағдайларын меңгерте отырып, тарихымыздағы болған атаулы күндерге шолу жасап, түсінік беру.
Дамытушылық : 2. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой- өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік : 3. Еліміздің атаулы тарихи оқиғаларына шолу жасай отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері : Сұрақ – жауап, ой қозғау, есептер шығару
Сабақтың көрнекіліктері : Суреттер , кестелер.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Тірек білімді еске түсіру:«Сөз құрастыр»
74*44 = А 3256 65*5= А 325 139 *6= Е 834 1000-11=Т 989
18*2 =А 36 2450+266= М 2716 80:4= К 20
9*9 =И 81 70*5=М 350 420: 70=Т 6
2716 3256 989 834 350 325 6 81 20 36
М А Т Е М А Т И К А
№ 9
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ой қозғау:
Балалар, осы айда қандай мереке келе жатыр?
Тәуелсіздік күнін қай күні тойлаймыз?
Тәуелсіздік шежіресіне саяхат жасаймыз.
Жаңа сабақты түсіндіру
Санды ондықтарға көбейту және бөлу
263 * 20 = 263 * (2 * 10) = 263 * 2 * 10 = 526 * 10 = 5260
5260 : 20 = 5260 : (10 * 2) = 5260 : 10 : 2 = 526 : 2 = 263
х 263 - 5260 20
20 40 263
5260 - 126
120
- 60
60
0
Тәуелсіздік шежіресіне шолу жасау
1) 1723-1728 жылдар
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оқиға тарихта мәңгі есте қалады.
Қиын кезеңде қазақтар аш-жалаңаш жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі : «Бұл жаманшылықты ұмытпауымыз керек». Бұл бейнетіміздің аты: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті.
№ 3
Амалдарды түсіндіре отырып, жазбаша орында:
182*30 5460:30 382*20 7640: 20
231*40 9240:40 121*70 8470*70
2) 1930-1933 ж
Бұл жылдарда адам айтса нанғысыз ашаршылықта 2 200 000 млн қазақ аштан өлді.Әлі жоқ, дымы құрыған адамдар елін тастап кетуге мәжбүр болды.
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталды.
№ 4
Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
5489:30 5469:30 5480:30
3) 1941 - 1945 ж
Фашисттік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Төрт жылға созылған өмір мен өлім алысқан қиян кескі соғыс басталды. Ұлы Отан соғысында бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты, азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
№ 5
Есеп:
Әсем мен Дастан шыршаны безендіру үшін бірдей 8 ойыншық сатып алды. Әсем 2400 теңге, ал Дастан 1600 теңге төледі. Ойыншықтың бағасы қандай?
4) 1986 жылы желтоқсанда елдің егемендігін аңсақан жастар алаңға шықты.Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
№ 7
Өлшемдері 10 м, 5 м және 2 м тік бұрышты параллелепипед пішіндес хауыздың төрттен бір бөлігі суға толтырды. Судың көлемі неше куб метр?
5) 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты еліміздің Президенті етіп сайлады.
№ 8
Математикалық диктант
Өрнек түрінде жаз:
182 * 30 + 7640 : 20
382 * 20 – 5460 : 30
6) 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды.
а)Шығармашылық жұмыс
Текше пішіндес хауыздың тереңдігі 3 м. Осы хауызды толтыру үшін оған неше куб метр су құю керек.
ә) Семантикалық карта
жауап
Сұрақ 68764 18720 1 28896 100
4128 * 7
81712-х=12948
(2187+612:4)*8
10т= * ц
1000мм= *м
Жаңа сабақты қорыту:
Оқушы білімдерін “Ыстық орындық” арқылы бекіту.
(Сұрақ- жауап )
Кері байланыс:
1. “Кім қалай ұғынды”?
2. Оқушылармен кері байланысқа шығу.
3. Не қызық болды? Не қиын болды?
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: № 6, 9 143- бет
Модератор
Материалыңызды өңдеп қойсаңыз: bilim-all.kz/page/7#comment_1296
esenova7
Гүлжазира менің әріптес қызым.Сәтті өткен сабағының бірі.Көп-көп равхмет! Екеуіміз басқада әріптестерімізді соңымыздан ертіп,сайттың биікке өрлеуіне өз үлесімізді қосамыз деген үміттемін.Рахмет!