1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі
«Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде»
1 жүргізуші:
Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүргізуші:
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
1 жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік кешімізді ашық деп жарияланады.
2 жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Бердібек Сәттарұлына беріледі.
1 жүргізуші:
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
"Көк тудың желбірегені» – ән. 10-сынып оқушыларының орындауында
2-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
2-жүргізуші:
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
8-сынып оқушыларының орындауында мәнерлеп өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Дильназ, Кайыржан)
1-жүргізуші:
Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
2-жүргізуші:
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп
5-7 сынып оқушыларының әдеби монтажын қабыл алыңыздар
1 оқушы Ерсайын
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2 оқушы Нұртілек
: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
3 оқушы Айгерім
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
4 оқушы Нұрмахан
: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
5 оқушы Мадина
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
6 оқушы Ақниет
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
7 оқушы Бибі
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
8 оқушы Алихан
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
9-оқушы: Арман
Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын болды. Ең бастысы қоғамның саяси тұрақтылығымен бірлігіне жетті.
10-оқушы: Айым
Бірлікті ту, татулықты тұғыр еткен қазақ елі жасасын.
Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірлікпен толығады.
Бәрі: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.
11- оқушы Рахат
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
12- оқушы Әділбек
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
13-оқушы Даниал
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде..
6-7 сынып оқушылары сахнадан кетеді, 5-сынып қалады. «Қазақтай ел қайда?»әні
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
1-жүргізуші
Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
8-сыныптың орындауында «Алға, Қазақстан!» әні
2-жүргізуші:
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-жүргізуші
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11 -сынып оқушыларының орындауында қазақ биі
1-жүргізуші:
Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстанымыз қарыштай берсін. Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!
9-сынып оқушысы Қожахмет Гүлмираның орындауындағы әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезекте кешіміздің екінші бөліміне көшеміз.
2-жүргізуші:
Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!
Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.
1-жүргізуші:
бүгінгі күнгі іс-шарамызды Төле би сөзімен аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
2-жүргізуші:
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
1-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
«Елім менің» әні. (барлық оқушылар ортаға шығады.)
2-жүргізуші:
Осымен 1-желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» атты кешіміз аяқталды. Көңіл қойып таңдағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!
Ернар
Материалыңызға рахмет!!!
Ернар
Материалыңызға рахмет!!!