Өлең, жыр, ақындар

Табысты оқушы – заман талабы

 

Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер, үшбұрыш, ирек), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірердеөзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады. 


Мұғалім:

- Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар! Ардақты ата-аналар!  Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
          Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
       Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Бүгінгі жиналысымызды педагогикалық шеберхана түрінде өткізбекпін. Педагогикалық шеберхана – бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз. Алдымен таңдаған фигураларың бойынша мінездемелерін оқиын:
 

Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.
 

Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.
 

Шеңбер – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.
 

Ирек – шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар, жаңа жобалар дайын тұрады.


 Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
          Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол. Әрбір ана баланың табысты болғаның армандайды. Ал табыс кілті ынтымақтастықта бірлесе жасаған еңбек негізі.

Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

  1. Сіз бен жолдасыңыз баланы қатал ұстайсыз, көп жағдайда шектеулер қоясыз және балаңыз тәртәпті, ұқыпты болып өсіп келеді,сіздің ойыңызша балаңызды қатал тәртіппен ұстағаннан кейін сындай болып өсіп келеді. Бірде балаңыз тәртіпсіздік жасап,мектеп мүлкіне зиян келтірген. Сіздің ойыңызша  балаңыз бұндай тірлікке баруы мүмкін емес. Қай жерден қателік кетті деп ойлайсыз?

 

  1. Сіз балаңыздың барлық жағдайын жасап қойдыңыз, киімі бар, тамағы тоқ, компьютері мен қымбат ұялы телефоны да бар, осы балам үшін жүрмін деп таңнан кешке дейін  жұмыстасыз, енді баламның барлық жағдайын жасадым, ештеңеге мұқтаж емес деп ойлайсыз. Бірде балаңыз келіп «мама мен телевизор болсам ғой, шіркін, барлығы мені тамашалайтын еді, сізде маған қарап күліп алар едіңіз деді, сіздің осы жерде ұққаныңыз?

 

  1. Балаңыз үнемі мектептегі жағдайды, достарымен арадағы әңгімені айтып келеді және сіз үнемі сұрап отырасыз, басында  көңіл бөліп жүрмін деп ойлап, ақыл кеңес беріп жүргенсіз, кейіннен балаңыздың  достарымен арадағы қарым-қатынасы дұрыс болмады, неге бұлай болды? Үнемі балаңыз сіздің айтқаныңызбен жүрді ғой, сіз қателеспейсіз, себебі үлкен адамсыз. Қателік кімнен деп ойлайсыз?

 

  1.  Сіз балаңызға осы тоқсан сабағыңды жақсы бағамен аяқтасаң, балаңыздың ойындағы нәрсені алып беруге уәде бергенсіз. Міне тоқсанда аяқталды, балаңыз жақсы бағаға аяқтап шықты, алайда сіз балаңызға берген  уәдені орындай алмай жүрсіз (себеп әр түрлі, уақыт жоқ, ақша жоқ т.б). Сіз не істер едіңіз?

 

Видео: «Бала тәрбиесі»

«Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

Қорытындылау
Сонымен бүгінгі жиналысымыз аяқталуға қалды. Бір-бірімізге жақын болдық деп қорытындылауға болатын сияқты. Ата –ананың, ұстаздың міндеті – баланың өзі жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осы мақсатта барлығымыз бір бағытта жүруіміз керек.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз