Өсиет – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Өсиет» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5242
Шуағына жылынып,
Самалына салқындар,
Қошақаным, құлыным,
Қазақ деген халқың бар.
Жері айналып татырға,
Жанудайын жанған ол.
Батыр десең батыр да,
Аңғал десең аңғал ол.
Өскен халық далада,
Өзі сондай ала қол.
Дана десең дана да,
Бала десең бала ол.
Жатқызбайды сұрап та,
Берудейін береді.
Өсек сөзге бірақ та
Ерудейін ереді.
Келсек дейді бірлікке
Шымбайына батқан шақ.
Қарапайым тірлікте
Кейде бірақ мақтаншақ.
Сірә, бабаң дәулеттің
Азабынан қашқан-ау.
Ішінде көп әулеттің
Осы қазақ шашпалау.
Сатпауын ол сатпайды
Ағаңды һәм ініңді.
Ойлап және жатпайды
Ертең түгіл бүгінді.
Азаттықты ұнатқан
Азапты көп шеккеннен.
Бас тартса да жұмақтан,
Бас тартпайды шекпеннен.
Төзімі оның темірдей,
Тасыр жүктің ауырын.
Бір семірсе,
Зебрдей
Сипатпайды сауырын.
Ал аңқылдақ ағаңыз,
Ұрсып тұрып өзіңе
Мәз болады
Бір ауыз
Тауып айтқан сөзіңе.
Қалмайды сол нарлығы,
Айналса да қасыңа.
Өлген күні
Барлығы
Жиналады басыңа.
Суарып кең жазығын,
Тасқынына бол бөгет.
Мендей сүю аз, ұлым,
Мендей оған еңбек ет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиет өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері