Күні батқан шілденің зер кешінде – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Күні батқан шілденің зер кешінде» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2290
Күні батқан шілденің зер кешінде,—
Таулар, таулар
Сияқты жер көшіндей
Аспанменен таласқан алып шыңдар
Бар болғаны
Түйенің өркешіндей!
Алыс арман — біз үшін жасыл маяк,
Өскен көңіл тұрғанда басылмай-ақ,
Айдың өзі —
Сенсем бе?—
Сенбесем бе?—
Бар болғаны күнбағыс басындай-ақ!
Кеудеңді ұрма,
Болса да он екі ұлың!
Ұлылықтың танимын мен өкілін.
Жұлдызыңның өзі де
Бар болғаны
Сорғандағы шоғындай темекінің!
Алпамыстай,
Тарғындай ерім менің,
Орынды ғой,
Жантайған,
Керілгенің.
Кішірейіп тұрғанда әлем өзі,
Ұят шығар дардай боп көрінгенің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері