Өлең, жыр, ақындар

Күні батқан шілденің зер кешінде

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2187
Күні батқан шілденің зер кешінде,—
Таулар, таулар
Сияқты жер көшіндей
Аспанменен таласқан алып шыңдар
Бар болғаны
Түйенің өркешіндей!
Алыс арман — біз үшін жасыл маяк,
Өскен көңіл тұрғанда басылмай-ақ,
Айдың өзі —
Сенсем бе?—
Сенбесем бе?—
Бар болғаны күнбағыс басындай-ақ!
Кеудеңді ұрма,
Болса да он екі ұлың!
Ұлылықтың танимын мен өкілін.
Жұлдызыңның өзі де
Бар болғаны
Сорғандағы шоғындай темекінің!
Алпамыстай,
Тарғындай ерім менің,
Орынды ғой,
Жантайған,
Керілгенің.
Кішірейіп тұрғанда әлем өзі,
Ұят шығар дардай боп көрінгенің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңқау аңшы

  • 0
  • 0

Көрді аңшы,
Көрді аңшы
Кенеттен
Отырған қоянды.

Толық

Қызғанам деп қызылын

  • 0
  • 0

Қызғанам деп қызылын,
Келіп едім жарғызбай.
Енді, міне, қызығым
Үсік шалған қарбыздай!

Толық

Барар жолда

  • 0
  • 0

Барар жолда,
Жетер жолда мақсатқа
Ие болу оңай емес жақсы атқа.
Шалды біреу, талай шалды аяқтан,

Толық