Баяғыдан таланттың ашық қолы

Бұл бетте «Баяғыдан таланттың ашық қолы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2277
Баяғыдан таланттың ашық қолы,
Бірте-бірте келеді машық қонып.
Не жетеді сөздердің татуына
Екі жастай қосылған ғашық болып!
Келе жатыр тұп-тура көш бағытта,
Көктем көңіл, құшақты аш бақытқа.
Мен өлеңде некесін қиған сөздер
Ажыраса қойған жоқ еш уақытта.
Діні қайшы сенің көз қарасыңа
Біреулер бар сияқты қара сына.
Тек осылар
Сол ғашық сөздерімнің
Әзәзіл боп кірмегей арасына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баяғыдан таланттың ашық қолы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Баяғыдан таланттың ашық қолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баяғыдан таланттың ашық қолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баяғыдан таланттың ашық қолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері