Табиғат – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Табиғат» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2622
Тау рухы ешкімнен сый күтпейді,
еріп кетсін сай-жыра жидіп мейлі.
Еркеленіп оралса бұлт мойнына,
кекірейіп кәрі шың илікпейді.
Тосырайып тас жатыр — о да өкпелі —
кінәлайсың, досым-ау, не деп мені.
Кетісті, әне, екі шың, ешқайсының
бабын таппай жел байғұс дедектеді.
Жасыл бұта қалқиып құлақ түрді,
бір құлақты жел жұлып лақтырды.
Ақ қайыңның табалап аңқаулығын
көгалға аунап көгала бұлақ күлді.
О бастағы жарасым былай қалып,
тартысып тұр табиғат — құдайға анық.
...Болған сайын көз мөлдір — көкей қуыс,
көп жігіттің сөзі жүр ылайланып.
Кінәладым, үңілдім, көп қарадым,
келісім мен жарасым — жоқтағаным...
Атыраудан аңқылдап шыққаныммен,
Алатауға тіреліп тоқталамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Табиғат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Табиғат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері