Мен қорқамын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен қорқамын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.05.2016
  • 0
  • 2
  • 12772
Мен қорқамын:
екеуімізге арманның да,
таңдардың да ортағын;
қуаныштың,
жұбаныштың ортағын;
жолдардың да,
ор-жардың да ортағын;
бізге атылған оқтардың да,
достардың да ортағын;
сағынудың, сезінудің ортағын;
аңсап-талып кезігудің ортағын -
көнбей ешбір дәлелге,
бәрін айтып қояды-ау деп әлемге,
мен өзімнің көздерімнен қорқамын;
сосын, сосын, өлеңдерім,
өздеріңнен қорқамын!


Пікірлер (2)

Молдир

Кушти олендер

saramakuova

heart жүректен шыққан еді , жүрекке жетті!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қорқамын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен қорқамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қорқамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қорқамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері