Ерте көрдім бәрін де

Бұл бетте «Ерте көрдім бәрін де» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 2
  • 4234
Ерте көрдім бәрін де,
Ерте көрдім.
Ерте оқыдым мінезін еркелердің.
Еркелердің көзінен ерте сездім
Енді жақын қалғанын өртенер күн.
Тумай жатып жаныма дерт те батты.
Тағдырменен тартыстым,
Ерттеп атты...
Джунглиде жолыққан жолбарыстай
Жоқшылықтың тырнағы ерте батты.
Анам ұқты тек мені,
Далам ұқты.
Ерте сездім тірліктен алалықты.
Ересектің арбасын ерте сүйреп,
Елден бұрын тастадым балалықты.
Осы жаста
Ғажайып май таңында
Немене мен? (Өтірік айтамын ба?!)
Ерте білдім
Жүретін бір есіммен
Адамды да,
Адамның сайтанын да!
Аларымды мен өзім алғандаймын.
Ақыл жүгін көтерген һамбалдаймын.
Ерте көрдім бәрін де,
Ерте көрдім.
Егер ерте қартайсам таң қалмаймын!


Пікірлер (2)

Нұрлы

Күшты

Болат

Қадыр Мырза Әлидің бұл өлеңі – ерте есейген, тіршіліктің ащысын ерте татқан жанның тебіренісі. «Елден бұрын тастадым балалықты» деген жолдар жүрекке қатты батады. Өте күшті!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте көрдім бәрін де өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ерте көрдім бәрін де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерте көрдім бәрін де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерте көрдім бәрін де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері