Өлең, жыр, ақындар

Ей, жас жігіт

  • 01.05.2019
  • 1
  • 3
  • 86128
Ей, жас жігіт,
Көпті көрген бізге сен
Қателестің — жалғыз бақыт қыз десең.
Сүймеді ме?
Бір-ақ сілте қолыңды,
Сүйетіні табылады іздесең!
Өлең— менің үйреншікті азабым.
Не істесем де түсінеді қазағым.
Бір жырымды жыртып тастай беремін,
Керек болса екіншісін жазамын.
Көңіл шіркін қысылмасын,
Саспасын!
Қартайғам жоқ,
Менің әлі жас басым.
Жиналысты тастап кете беремін,
Керек болса тауып алам басқасын.
Думаншыл жан емеспін мен,
Қарағым,
Ұнамайды маған шарап,
Арағың.
Той үстінен кетіп қала беремін,
Керек болса басқасына барамын.
Адам деген,
Ақын деген, бар атым.
Мазалайды бірақ қайғы — қара түн.
Өмірден де кеткім кейде келеді.
Кетер едім,
Басқа өмір жоқ баратын!



Пікірлер (3)

Бекзат

Қадыр Мырза Әлинің Ей, жас жігіт өлеңі ұнады

Logically Pedagogy

Ең керемет мен оқыған өлеңдердің бірі. Қысқа әрі нақты. Қазіргі кезде бұндай сапалы шығармалар өте аз

Зарина

«Ей, жас жігіт» — Қадыр Мырза Әли шығармашылығындағы әсерлі лирикалық өлең. Бұл туындыда автор жас жігітке бағытталған ақыл‑кеңес пен өмірлік тәжірибені шынайы әрі ашық жеткізеді, сүйіспеншілік пен өмірдегі қиындықтарды жеңудің жолдарын терең толғаныс арқылы сипаттайды. Өлеңнің тілі қарапайым әрі түсінікті, ойын шынайы сезімділікпен жеткізе отырып, оқырманға өз өмірлік таңдауларын ойлануға мүмкіндік береді. Мұндай поэзиялық шығармалар қазақ әдебиетінде жеке тұлғаның ішкі сезімдері мен рухани ізденістерін көрсететін маңызды мысалдардың бірі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Жарық

  • 0
  • 0

Қадіріңді білмейді екем, нұрлы күн,
Қараң қалып мұхиттарым,
Құрлығым,
Жатып едім бір күн көзім ауырып,

Толық

Жастау едім

  • 0
  • 1

Жастау едім,
Жарқ-жұрқ еткен нұрлы едім.
Өнер үшін қай тозаққа кірмедім!
Тазартам деп көңілдердің мұржасын,

Толық

Не үшін?

  • 0
  • 16

— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!

Толық

Қарап көріңіз