Қобда өзен – Нұрбек Ержанұлы

Бұл бетте «Қобда өзен» атты Нұрбек Ержанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қобда өзен ғасырлардың куәсі,
Күміс шықтар көк майсаға сән берген.
Тарихты өткен..
Білгің келсе сұрашы,
Сырласатын ғашықтарда сан келген.

Толқындарың парағындай тарихтың,
Жылдар қалды тауқыметті жағаңда.
Етігімен су кешетін,
Ғайып күн..
Кеуіп қалған жасты шәйіп жанарда.

Таудан құлап жылжығандай.. Бүгіннен,
Сан жүз жылдар кең даламды суардың.
Жағалауда...
Балаң едім, жүгірген,
Өмір сырын ұғалдым.

Жағалауда қиқу салған құстардан,
Тауып ұшты талай талант қиясын.
Айбынынан көбік шәшіп сұстанған,
Қалам толғар..
Тауысыпты сиясын.

Ашуланып ақ моншағын айға атып,
Шапалақтар жар тастарды,
Алып тым..
Жуастығы.. салым ағар жәйлатып,
Сыр ақтарған сылдырымен,
Байыптым..

Сұлулықты сенен сыйға ап,
Бір ару..
Сырғасында күн күлген.
Асаулықты..
Жуымаған құлазу,
Сенен ұқтым,
Білдім мен.

19.05.01


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобда өзен өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Ержанұлы — осы өлеңнің авторы.

Қобда өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобда өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қобда өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері