Сұрапыл жел – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сұрапыл жел» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Менiң жанымның
Ойран-ботқасын шығарып –
Сұрапыл! –
Жел соқты.
Оған қарсы тұруға
Дәрменi жетпеген –
Қуатым! –
Жер соқты.
Арман мен үмiттерiмнiң
Үстiне
Қара бұлттарын әкеп
Иiрiлiп соқты.
Жүрегiмнiң
Түпкiр-түкпiрлерiн тiмiскiлеп
Үйiрiлiп соқты.
Көңiлiмнiң көкжиегi
Дал-дұл болып
Жыртылып жатты.
Алқым-көмейiм
Желге тұншығып –
Сөйлей алмастан! –
Қылқынып жатты.
Сол сұрапыл желден
Өлеңiмнiң
Буын-бунақтары мен әрiптерi
Жемiстер құсап
Үсiп кеттi.
Әуен-әуезiмнiң
Ноталары
Бұрқыраған жапырақтар құсап
Ұшып кеттi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрапыл жел өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сұрапыл жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрапыл жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрапыл жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері