Бар дауыспен – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Бар дауыспен» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3756
(Үзінді)

Тыңдаңыздар,
Жолдастар,
Жас ұрпақтар!
Дабылдатқан дүниеге
Таратқан
Жар —
Үгітшімін!
Қаптатып
Өлең
Селін,
Тірі адамша
Тірімен
Сөйлесемін,
Лирикалы
Томдарды
Басып өтіп,
Сендерге м.ен
Барамын
Дүбірлетіп!
Барам
Коммунизмге —
Сонау шалғай,
Бармас, бірақ,
Есенин
Сарнауындай
Аттап өтіп
Ғасырлар
Асқарынан,
Ақындар мен
Үкіметтер
Бастарынан.
Жетер, жырым,
Сіздерге
Өшпей, өлмей
Жетпес, бірақ,
Сары садақ
Жебесіндей ~
Амур — Лира
Құмары
Толғай тартқан.
Жетпес жырым —
Бес тиын
Бақырға ұсап —
Әуесқой бір Нумизмат1
Құмнан
Тапқан.
Жетпес жырым
Бір жалғыз
Жұлдызға ұсап
Аясынан -
Аспанның
Құлай аққан.
Жырым
Жылдар жақпарын
Өтер бұзып.
Ауыр
Қатал күйіне
Көз салғызып,
Рим құлдары жасаған
Су түтігі
Бізге жеткен сықылды,— жетед түбі.
Өлеңдерді
Жерлеген
Бейіт болған —
Оба тұрар ескі кітап лық толған:
Нумизмат — акта коллекциясын жинаушы.
Соған сіздер
Сан рет
Барарсыздар.
Темірдей
Бір сөзімді
Табарсыздар.
Қолдарыңа
Құрметтеп
Аларсыздар.
Айбарлы өткір
Қарудай
Қарарсыздар.
Мен сөзіммен
Құлақты
Әлдилемен:
Сыбырлауға
Жазбаймын
Өлеңді мен;'
Құлағына
Қыздардың
Нәзік жырмен
Күбірлейтін
Ежелден
Ақын емен.
Өлең бетін әскердей
Сапқа құрып,
Жолдарымен
Жорыққа кетем
Жүріп:
Қорғасындай
Салмақты
Өлеңдерім,
Жеңіске,
Өлімге де,
Буған
Белін.
Зеңбіректей
Қаз-қатар
Дастандарым,-
Нысанаға
Дәл көздеп
Қойған бәрін:
Қиқу шықса
Құйғытар
Атты әскердей.
Ұйқастарым
Сурылған
Көк семсердей.
Жиырма жылдай
Жорықта
Жарып өткен.
Жауынгер жыр,
Қаруы
Жар - жұрқ еткен.—
Ақтық беті
Қалғанша,
Соның бәрі —
Бір
Сен үшін
Планета
Пролетары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар дауыспен өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Бар дауыспен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар дауыспен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бар дауыспен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері