Балалар — біздің болашақ
- 0
- 0
Балалар — біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашак тамаша-ақ!
Болашаққа иеміз.
Бұл бетте «Мектеп — кеме, білім — теңіз» атты Қасым Аманжолов жазған білім туралы өлең берілген.
Балалар — біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашак тамаша-ақ!
Болашаққа иеміз.
Мектеп — кеме, білім — теңіз
Толқынында біз жүземіз
Желбіреген ақ желкені
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі
Ұшқыш болғым келеді
Көңілі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Қасым Аманжолов
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Қасым Аманжолов
Сен фашиссің, мен қазақпын,
Сен айтқандай «азиятпын».
Сен аспаннан «жұлдыз қақтың»,
Қасым Аманжолов
Соғыстың, қыстың ызғары
Бойымнан кетпей, боп сырқат,
Емендей жалғыз құздағы
Қасым Аманжолов
Нұргүл
Кейбір жерге өзгерту жасасақ. Мысалға
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз!
Барар жерге
Тез жетеміз!
Адаспаймыз
Ұлы жолда,
Елдің Туы
Біздің қолда!
Капитандар—
Мұғалімдер,
Жас моряктар—
Жас сәбилер,
Құтты болсын сапарларың,
Мықты болсын қатарларың!
Туысқандар,
Ту ұстаңдар,
Тұрып сапта,
Тәртіп сақта!
Тербеліңдер толқындарда,
Кеме берік, қорқу бар ма!
Көк теңізден көлбей өтіп,
Қойнауы алтын жерге жетіп,
Ақтарыңдар өмір кенін,
Қазынасын берекенің!
Биік таулы елің үшін,
Қызғалдақты жерің үшін,
Қызық дәурен өмір үшін
Қызсын сенің жігер күшің!
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз,
Тынбай алға
Жүзудеміз,
Біз жетпейтін қиыр да жоқ,
Біз алмайтын қиын да жоқ!
Өнер-білім теңізінде,
Біз мықтымыз
Жер жүзінде,
Адаспаймыз ұлы жолда,
Көк Туымыз
Біздің қолда.
Әбіләз
Не өзгерді сонда?
Жібек
Елдің туы біздің қолда деп өзгерді жетінші қатар
Талғат
Қасым Аманжоловтың «Мектеп — кеме, білім — теңіз» өлеңі – мектеп оқушыларына арналған нағыз мотивациялық гимн! «Мектеп — кеме, Білім — теңіз! Барар жерге Тез жетеміз!» деген жолдардан бастап, білімнің кең теңізін кемемен жүзу сияқты теңеу қандай әдемі әрі терең! Мұғалімдер – капитан, оқушылар – жас моряктар, ал алға ұмтылу – толқындармен күресу... Өлең оқыған сайын білімге деген құштарлық оянады, мектептің маңызы тағы бір түсінікті болады. «Біз жетпейтін қиыр да жоқ» деген сөздер жүрекке жетеді! Bilim-all-да Қасым ағамыздың мұндай асыл өлеңдерін жинап, жаңа буынға жеткізіп жүргендеріңізге зор алғыс. Әр оқушы, әр ұстаз оқып, жүрегіне тоқуы тиіс шығарма!
Бұрхан
«Қасым Аманжоловтың «Мектеп — кеме, білім — теңіз» өлеңі – нағыз мектеп гимні сияқты!