Көктем келді гүл алып – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Көктем келді гүл алып» атты Өтебай Тұрманжанов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 1
  • 15302
Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып.
Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік.
Көбелектей киінген,
Гүлді көріп сүйінген,
Алақайлап жүгірген,
Қып – қызыл бет – бүлдірген,
Қарындасқа қаршадай,
Жас балапан аршадай,
Гүлдің шоғын берейік,
Қуанғанын көрейік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Let’s????????

Ен кушти олендер

Осы автордың басқа өлеңдері