Бұл бетте «Ұшан ой, ұшқыр қиял, албырт сезім» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
11.12.2020
0
0
1849
Ұшан ой, ұшқыр қиял, албырт сезім,
Шарықтап, шалқып келіп қонар жері –
Тұғыры махаббаттың – армен телі,
Өр жанды пендесімін соның өзім.
Ал, бірақ, махаббат, ар – ыстық жарым –
Екеуі бас иеді Отан десе.
Бесігім – туған елім, міне, ендеше,
Садаға сенен тәнім, жаным, арым!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі